Дарынды ж?не талантты о?ушылармен ж?мыс та?ырыбында?ы коучинг сессиясына слайд


Ертеде жануарларға арналған мектеп болыпты. Мектепте оқуға барлық жағдай жасалған және өз оқу жоспарларына өте сенімді білікті мұғалімдер сабақ береді екен. Бірақ неге екені белгісіз оқушылар сәтсіздікке жиі ұшырай береді. Мысалы үйрек жүзуден жұлдыз бола тұрса да, ағашқа өрмелеуден үнемі артта қала береді, ағашқа өрмелеуден алдына жан салмайтын маймыл жүзуден үштік алады, балапандар дән теруден таңдай қаққызған- мен ағашқа өрмелеу сабағынан үнемі қашып кетіп, директор кабинетіне жиі апарылады, жүгіруден ешкімді шаңына лестірмейтін тышқандар жүзуден қосымша сабақ алуды қажет етеді екен. Ал, барлық мұғалімдерді жылататын бұл-тасбақа болыпты. Ол барлық байқау тестісінен төмен көрсеткіш көрсетіп, «дамуға икемсіз» деп бағаланыпты. Мұғалімдер оны жыл соңындағы педкеңестің шешімімен «арнайы сынып» саршұнақтың ініне ауыстыруға деп шешім алды.Мұндай әртүрлі орман таланттарымен жұмыс жасауда мектеп мұғалімдері қиын жағдайда қалды. Сіздер қалай ойлайсыздар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталуы мүмкін? «Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс» Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайысысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен олардың бірқатар ортақ сипаттамаларында көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екенін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары-тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айырықша қабілеттері айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы белгілі себептермен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндіктері болмаған шығар. Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі мәселен ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін , ал кейбіреулері өнерде, спортта немесе поэзияда , қоғамдық көшбасшылықта көрінеді. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса , басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса , келесі кезеңінде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бірақ оны ата-анасы, мұғалімдері, құрбылары немесе басқа сырт адамдар байқауы мүмкін. Адамзат өркениетінің негізгі келешегі дарынды балаларға байланысты Себебі, кез-келген салада жоғарғы зияткерлік пен шығармашылық әлуеті (потенциалы) көп ұлты бар мемлекет әрқашан табысқа жетеді.Ғалымдардың айтуы бойынша жыл сайын дарынды балалардың саны көбейіп келеді. Сондықтан да , соңғы 10 жылда балалар дарындылығы әлемнің барлық елдерінде қызығушылық туғызып отыр. Статистика бойынша дарынды балалардың-76% бірінші сыныптықтар (олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттері басым болады).Бірақ бұл көрсеткіш балалардың жасы өскен сайын төмендей береді.Мыс: 5 сынпқа келгенде-40%, 8-9 сыныпқа келгенде-25%, 10-11 сыныпқа келгенде-13% болады екен. Зияткерлік дарындылықЛогикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған;Ақпаратты шұғыл өңдейді;Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады;Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді;Кең ауқымды білімді пайдалана алады;«Неге, қалай» деген сұрақтар қойып ,жаңалықтар ашуға ұмтылады;Шығармашылық дарындылықЕрекше идеяларды табады;Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған;Ерекше нәрселер құрайды көптеген идея, жаңалық ойлап шығарады:Әзілшіл;Ерекше түсінік қалыптастырады;Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын;Ерекше нәрселерді іздейді,Көшбасшылық дарындылықҚоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады;Құрбы-құрдастары құрметтейді;Басқалармен жылдам тіл табысады;Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады;Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді;Өзіне сенімді, жауапкершілік алуға әрдайым дайын;Жаңа жағдайларға тез төселеді; Академиялық дарындылықЖекелеген пәндерден білімді тез қабылдап, терең игере алады; Әсіресе математика, физика сабақтарына өте қабілетті бодады;Логикалық ойлау жүйелері өте жетілген;Кейбір пәндерден төмен көрсеткіш көрсетуі де мүмкін;Өздеріне ұнамаған пәндерді оқығысы келмейді;Көркемөнерпаздық дарындылықӨнерге өте бейім болады;Сурет, мүсін жасау,ән-күй, би, актерлық ,ақындық салаларының бірінде басымдылық танытады;Табиғатқа өте жақын, жандары нәзік, өте сезімтал болады;Әдемілікке, әсемдікке бей-жай қарай алмайды;Өзі қызыққан салада біреуге еліктеуден қорықпайды;Қиялдағанды ,өзімен-өзі қалғанды ұнатады; Дарындылықтың әрбір түрінің өзіндік қалыптасуы мен даму жолдары болады. Баланың әрбір жас кезеңінде дарындылықтың дамуына әсер ететін жағымды және жағымсыз ішкі жағдайлар болады . Егер нақты қабілеттің даму кезеңінде оған кері әсер ететіндей кедергілер болса, онда оның әрі қарай дамуын тежеуі мүмкін. Шындығында бірде- бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді,олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір сипаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін. Ғалымдардың зерттеуі бойынша «дарын» баланың бір нәрсеге деген қатты қызығушылығынан, ынтасынан, қажеттілігінен қалыптасуы мүмкін. Ал «талант»туа пайда болады және оны «кемелденген дарын» деуге болады және ол мыңның бірінде болуы мүмкін.