Презентация по казахскому языку Кадыр Мырзалиев


ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ1935-2011 Қадыр- ұлтын шексіз сүйген ақын, оның ұлтына, қазағына деген мақтан сезімін «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген өлеңінен көруге болады:Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,О, ағайын, халық емес ол кесір.Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,Қазақ осы - ақыл-тегіл, көл-көсір!Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,Қазақ осы - "өнер алды - тіл" дейтін.Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!Қазақ осы - көргенінен танбайтын,Той-думансыз оты түзу жанбайтын.Қазақ осы - алудай-ақ алатын,Ал беруден алдына жан салмайтын.Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,Қонақ келсе шабылып бір қалады.Байқа да тұр, саған да ол кетерде,Ат міңгізіп, жібек шапан жабады. Ақынның өмір жолы1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. 1968 жылы «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі болды. 1969 жылы «Балауса» баспасының редакторы болды.1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.2011 жылы өмірден озды. Ақын шығармаларының тақырыптары:Ана тілінің қасиеті мен құдіреті Туған елге, жерге деген махаббатТабиғат пен адам арасындағы үндестікБалаларға арналған ертегілер мен өлеңдер Ана тілінің қасиеті мен құдіреті Ана тілің - арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте! Отаным - бақытымБұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,Сен тұрғанда сембеймін де, сөнбеймін!Бақытыңды таба алмасаң сүюден,Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін!Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,Отан барда сембеймін де, сөнбеймін.Туған жерден таба алмасаң қасиет,Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін! Табиғат пен адам арасындағы үндестікО, далам, менің байтағым,Далам деп өлең айтамын.Ұлың боп ойлап барам да,Құлын боп ойнап қайтамын.О, далам, менің байтағым,Далам деп өлең айтамын.Солған Ай болып барам да,Толған Ай болып қайтамын. Үй тапсырмасын тексеру:Қадыр Мырза Әлі кім?Ол қашан дүниеге келген?Туған жеріӘл Фараби атындағы университетті қашан бітірген?Алғашқы өлеңдер жинағы қашан жарық көрді?Қанша әнге арнап өлең жазған?Қандай әндерін білесіңдер?Шығармаларының тақырыптары қандай?Балаларға арнап нелер жазған?Табиғат сұлулығы туралы қандай өлеңдерінде айтады?«Ана тілі» өлеңін кім айтып береді?1980 жылы қандай сыйлық алды?«Тарлан» сыйлығы қай жылы берілді?Санкт – Петербургте жинағы шықты?Ақын қай жылы қайтыс болды? Ақынның өлеңдері:«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»«Ана тілі»«Нұр», «Шәлкөде жайлауы», «Ауылым»«Өз елім»«Түн кірпігін ілмеді»«Атамекен»«Жеті»«Домбыра»«Ауыл – атамекен пернесі»«Бір үзім нан» және тағы басқалар Ой толғау:«Жеті» деген сөзбен ассоциацияларын жазу Сабақтың тақырыбы:Қадыр Мырза Әлі«Жеті» өлеңі Мақсаты: Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін толықтыру, « Жеті» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу.Білімділік: Қазақтың көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру, «Жеті» өлеңінің мазмұнын ашу Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту,ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілетін арттыру. Тәрбиелік: Ақын шығармаларын арқылы туған жерді, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.Білеміз: «Жеті» өлеңі, жазған Қадыр Мырза ӘліҮйренеміз: мәнерлеп оқу, өз бетімізше жұмыс істеу, өз ойымызды ортаға салу, пікір алмасу; Өлең бойынша тапсырмалар: * Мәнерлеп оқу; * Сөздік жұмысы; сөздік ұзақ сан – длинные цифрыШеті-крайЛақпайды бетіменен – бесцельно не блуждаетҚымбат маған – мне дорожеТіркеседі- сцепляется, рядом стоитКүрт өседі- быстро растетЖаңылу- ошибаться, сбитьсяСарапшылар – эксперты, знатокиЖеті мәрте – семь разЖерлеген соң- после захороненияЖетісі- поминки на седьмой день по умершемуОрдаласу – собиратьсяҚордалы аспан – усыпанное звездами небоЖеті төбе – семь холмовБөлінбейді- не делитсяЕмінбейтін немесе жағымпазданбайтын – здесь: неподхалимничать Мәтін бойынша тапсырмалар 1. Өлең жолдарынан 7 санына қатысты түсініктерді жазу; 2. Әр топ өзіне берілген сұрақтарға жауап даярлайды:1- топ:Сұрақ: «Жеткен бала жетіге күрт өседі» - дегенді қалай түсінесіңдер? Бала жетіге келгенде оның өмірінде қандай өзгерістер болады? Жеті санына қатысты қандай мақал, жұмбақтар білесіңдер?2-топ: Сұрақ: Қосымша мәліметтерден жеті санына байланысты айтылған ұғымдар туралы айтып беріңдер.3-топ: Сұрақ: Құрамында жеті саны бар қандай жер атауларын білесіңдер? Картадан ақынның туған жерін табыңдар. 3. Осы түсінгендерің бойынша 5 жолдық тұжырымдама жасау 5 жолды тұжырымдама Зат есім Сын есім Етістік Сөйлем Ассоциация Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған әндер«Атамекен» - музыкасын жазған Ескендір Хасанғалиев« Өз елім» - музыкасын жазған Нұрғиса Тілендиев«Әже туралы жыр»«Ақ Жайық»«Тамаша» Оқырмандармен кездесу кезінде Ақынның 75 жылдық мерейтойында Құттықтау сәттері Қазақ халқының Халық әртісі Бибігүл Төлегеновамен Рефлексия7 Үйге тапсырма:«Жеті» өлеңінің өзіне ұнаған 2 шумағын жаттау