Презентация 5-сынып ?арапайым графикалы? редакторы. Суретті ашу,са?тау


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу,сақтау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға графикалық редакторды таныстыру, суретті ашуды, сақтауды, сурет салу құралдарымен таныстыру, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен суретті ашу, сақтау, құралдармен таныстыра отырып, оқушылардың дүниетанымдарын, ой – өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшандыққа,  ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады; Редакторды іске қоса алады; Сурет салу кезеңдерін білетін болады; Графикалық редактор құралының қызметін біледі; Салған суретті сақтай алады, аша алады;
Өткен материалдарды қайталау:Компьютердің атасы кім?Операциялық жүйе дегеніміз не?Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді? Қазіргі компьютер қай буынға жатады?Алгоритм дегеніміз не?
style.rotation
ppt_yppt_yppt_y
style.rotation Жаңа сабақЕртеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарандаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарандаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:Windows ауылы Программалар көшесі Сәлеммен: Қарандаш»Осыдан кейін Microsoft  ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.
ppt_yppt_yppt_y
style.rotation PAINT  сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.Пуск                Барлық бағдарламалар   Стандартты             PAINTОсы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады. Терезе элементтері: Тақырып жолы, меню жолы, құрал-сайман тақтасы, жұмыс алаңы, палитра.Меню қатары: Файл, Правка, Вид, Справка, Палитра, РисунокТерезенің ең көп бөлігін жұмыс алаңы яғни сурет салу алаңы алып жатыр.
Құрал – саймандар тақтасы:- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.  - өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.  - құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.  - түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.  -  масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.  - карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.  - кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап салуға болады.  - бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.  - жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.  - сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.  - қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.  - тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.  - көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.  - эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.  - бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.
Түстер палитрасы: Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер тышқан батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен – фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз.Салған суретімізді сақтау үшін орындалатын әрекеттер:PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін «Файл-сохранитькак» командасын орындау керек.Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады.Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.
Жаңа сабақты бекітуЗақымданған  компьютер қалай жұмыс жасайды?Ақпаратты сығу дегеніміз не?Информатика ғылымы нені зерттейді?Принтер қандай құрылғы?Сканердің қызметі қандай?
ppt_yppt_yppt_y
ppt_yppt_yppt_y

ppt_yppt_yppt_y Алгоритмнің түрлерін ата?Енгізу пернесін ата?Қауіпсіздік ережесіндегі апаттық жағдайлар?Монитор құрылғысының қызметі?Модем құрылғысының қызметі?Ғ1 – Ғ12 пернелер қалай аталады?
style.rotation

Бағалау. Оқушылардың жауаптарына және салған суреттеріне қарай бағалау.Үйге тапсырма:Оқулықтағы 16 құралдың суретін дәптерге бейнелеп, олардың қызметін жаттап келу
ppt_yppt_yppt_y