Презентация 1001 ма?ал, 101 ж?мба?


«Сөздің көркі - мақал» «Мың бір мақал»І кезең « Жүйрік болсаң, шауып көр»ІІ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»ІІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл» ІV кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
І кезең « Жүйрік болсаң, шауып көр» Шарты: Берілген тақырыптарға 2 мақалдан құрау. ЕРЛІК , БІЛІМ, ДОСТЫҚ,ДЕНСАУЛЫҚБұл кезең 5 ұпаймен бағаланады. Әр дұрыс айтылған мақалға 5 ұпай беріледі. Ғылымның сырын ұғына,Шығыңдар білім шыңынаҰқыптылық пен зеректікЖеткізер сіздей өрендіБілімнің нәрлі сырына ІІ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»Шарты: Берілген мақал – мәтелдің жалғасын тап. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. №1 сайыскерімізге1.Отан – қуат, отбасы..............2. Жылы - жылы сөйлесең,............. 3. Ұстазы талантты болса, шәкірті ...... 4. Ертеңгі асты тастама, кешкі ............ 5. Жаңбырменен жер көгереді, ........ 1.Отан – қуат, отбасы – шуақ2. Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығар3. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болар4. Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама5. Жаңбырменен жер көгереді, Батаменен ел көгереді. №2 сайыскерімізге1. Ас атасы ........2. Өз елім .........................3. Жақсының аты өлмейді ,............. 4. Батыр туса ел ырысы,................5. Ақыл азбайды.................. Ас атасы - нанӨз елім -өлең төсегім Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді 4. Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы5. Ақыл азбайды, білім тозбайды №3 сайыскерімізгеЗейіні бардың, бәріне де ............. Тіл қылыштан да.......................Атаңның баласы болма,........... Ер жігіт ел үшін туады................5. Өнер ағып жатқан бұлақ, ........................... Зейіні бардың, бәріне де бейімі бар.Тіл қылыштан да өткірАтаңның баласы болма, Адамның баласы бол4. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.5. Өнер ағып жатқан бұлақ, Білім жанып жатқан шырақ №4 сайыскерімізге 1. Тіл тас жарады…..................... 2. Зейіні бардың… …............ 3. Ашу дұшпан ақыл дос.................. 4. Мал үшін таласпа, ................... 5. Еңбек ширатады, .................... 1. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.2. Зейіні бардың Бәріне де бейімі бар.3. Ашу дұшпан ақыл дос, Ақылыңа ақыл дос4. Мал үшін таласпа, ар үшін талас5. Еңбек ширатады, өмір үйретеді №5 сайыскерімізге1. Өнерлінің қолы алтын, .................2. Болат қайнауда шынығады........... 3. Білген кісі тауып айтады, білмеген ............. 4. Жері байдың.......................... 5. Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін................... 1. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын2. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады3. Білген кісі тауып айтады, Білмеген кісі қауып айтады)4. Жері байдың - елі бай5. Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң өлмейсің №6 сайыскерімізге1. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...............2. Ақыл жастан, ............................3. Ердің атын....................................4. Аз сөз алтын ......................................5. Сөз сүйектен өтеді, ................................. 1. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Білім – жанып тұрған шырақ2. Ақыл жастан, қына тастан3. Ердің атын еңбек шығарады4. Аз сөз алтын көп сөз көмір5. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді Көрермендерге арналған сұрақтар1. Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім?2. Жүз жасаған ақын кім? 3. «Алтын адам» табылған жер 4.Түнде шық болса, күндіз не болады? 5. Балқожа кімнің атасы? 6. Бос ыдыста неше жаңғақ? 7. Айт мейрамында айтылатын ән 8. Қазақ зерттеушісі кім? 9. Ең кішкентай құс 10. Вальс королін ата 11.Қияқпен ойналатын ішекті музыкалық аспап 12. Қазақтың атақты суретшісі кім? 13. Столдың төрт бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастаса, қанша бұрыш болады? 14.Ол беске дейін ғана санау біледі? 15.«Бай баласы мен жарлы баласы» авторы кім16.Рейхстагқа ту тіккен кім? 17.Ертөстіктің мінген аты қалай аталады? 18.«Менің атым Қожа» авторы кім? 19.«Ереуіл атқа ер салмай» кімнің өлеңі? 20.Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аң 21. Құлагер кімнің аты? 22.Қазанға не сыймайды? Білім деген байлық бар, Еш байлық оған жетпейді. Жасыңда оқып, жиып ал, Тепкілесің кетпейді. Өртіңе ол күймейді, Ұрыларда тимейді Жатып ішер жамбастап, Жалқауды ол сүймейдіІІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл» Шарты: Сендерге жұмбақ жасырылады, жұмбақ жауабын үш тілде айтып, жауабына сәйкес мақал айту керек. Сайыскерлеріміздің үш тілдегі жұмбақтың жауабына 10 ұпайдан және әр мақал – мәтелге 10 ұпайдан бересіздер. №1 сайыскерімізге1. Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. 2. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.№2 сайыскерімізге 1. Желден желігеді Судан шегінеді. 2. Оң жағымда бес сарбаз, Сол жағымда бес сарбаз №3 сайыскерімізге 1. Жылт - жылт етеді Жылғадан өтеді. 2. Жуынып болғаныңда. Жүреді қолдарыңда №4 сайыскерімізге1. Өзімнен өзгенің бәрін көремін. Қабат – қабат қаптама,Ақылың болса аттама ЖАЛҒАСЫН ТАП1. Жақсының аты өлмейді ...................Отансыз адам ...................................... Ойнап сөйлесең де,.............................Сөз сүйектен өтеді,.............................Ата-бәйтерек,......................................Аңдамай сөйлеген, ............................ Айтылған сөз -...................................Ер-үйдің киесі,.................................... Зейіні бардың… …………………. Кітап-білім бұлағы,.......................... Сырлары көп білімні Шешілмеген әлі де,Тереңдігі білімніңКерек екен бәріңе ІV кезең «Ойлы болсаң, озып көр» Шарты: Мақалшылар бірінің мақалындағы сөзге екіншісі тез мақал құрап айтады.Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Тоқтамай қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады. Қазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл мықты.Білім мен тапқырлықтың жарысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. “Тұз астың дәмін келтіреді Мақал сөздің мәйегін келтіреді”“Мақал қайдан шығады ой болмаса, Киіз қайдан шығады қой болмаса” Назарларыңызға рақмет