Презентация по физике 7-класс Архимед к?ші
Сабақтың тақырыбы: § 44. Архимед күші. Мақсаты: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыра отырып, Архимед заңының физикалық мағынасын ашу; білім-білік дағдыларын дамыту; топтық жұмысқа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа білім меңгерту Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, СТО элементтеріҚұралдар: проектор, оқулық, динамометрлер, суы бар ыдыс, Архимед шелегі, жүктер, т.б.Пәнаралық байланыс: математика, химия Жаңа сабақ.Сабақ тақырыбы: Архимед күші. Мақсаты: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыра отырып, Архимед заңының физикалық мағынасын ашу; білім-білік дағдыларын дамыту; топтық жұмысқа тәрбиелеу. Қызығушылықты ояту: 1. Архимед кім? 2. Бағыттаушы сұрақтар: - Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл? - Ағаш бөрене мен шегені көлге тастасақ, қайсысы батады? Неге? ФАКТ: дененің сұйықтағы салмағы ауадағы салмағына қарағанда аз болады. Бұл ауырлық күшіне қарсы бағытталғансұйық ішіндегі денені ығыстырушы күштің, яғни Архимед күшінің әсері болып табылады. IV. Мағынаны тану. h1 h2 Р1 - дененің жоғарғы қырына түсірілген қысымР2 - дененің төменгі қырына түсірілген қысым Сұйық тарапынан дененің жоғары қырына түсірілген қысым төменгі қырына түсірілген қысымнан аз болады. Осы себептен сұйыққа батырылған денеге жоғары бағытталған күш әсер етеді. Бұл күш денені сұйықтан ығыстырады. Архимед күші деп аталады. р1 р2 Дененің үстіңгі бөлігіне сұйықтың түсіретін қысым күші F1= р1S = ρсgh1S, Дененің төменгі бөлігіне сұйықтың түсіретін қысым күші F2= p2S = ρсgh2S, h2 > h1, болғандықтан, р2 > р1 және F2 > F1 F2 – F1 = ρсgh2S – ρсgh1S = ρсgS (h2 – h1) =ρсgSH = gρV . Қорытынды: ығыстырушы күш дене ығыстырған сұйықтың салмағына тең(Архимед заңы) немесе mсg = Pс, Fығ. = Pс Fығыс. = Р. ығ.сұй. Теориялық формуланың дұрыстығын дәлелдейік [ IV. Практикалық бөлім(тәжірибе): АРХИМЕД ЗАҢЫ:Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. VI. Жаңа сабақты қорытындылау.Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?Архимед күші неге тең?Архимед күші қандай шамаларға тәуелді? VII. Үй жұмысы: §44. Архимед күші тақырыбын мазмұндау, 29 -жаттығу есептерін қарау.Рефлексия. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы. Мұғалімнің қорытынды бағасы.БҚО Жаңақала ауданы№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебіФизика пәнінің мұғалімі Жардемгалиева Назира Беккалиевна