Бастауыш сыныптар?а арнал?ан мазм?нды ?ле? есептер
Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы Ұялы ауылы. Ұялы негізгі мектебі“Бастауыш сынып оқушыларына арналған мазмұнды өлең есептер”Құрастырған: Боранбаева Маншук Муратбековна Халық есептерінен Ертеңгісін атам,Екі серкені қорадан қуып еді.Қос бөрте лақ ере шықты.Бөрте лақтардың енесіОлармен бірге шықты.Содан барлығы неше ешкі далаға шықты? Менің бес ешкім бар,Сенің бес ешкің бар.Менің екі ешкімді ал,Енді неше ешкім бар? Бес алманың үшеуін,Досың сұрап алады.Айтшы, сонда нешеуінӨз қолыңда қалады? Әсел шұлық тоқып отыр,Ләйлә сабақ оқып отыр,Сара сырмақ тоқып отыр,Нұрлан өрмек құрап отыр,Бөкен отын тасып жатыр Қуыршағын жуындарып,Ләззат отыр киіндіріпАлданбайды Мұрат бірақАпасынан кәмпит сұрап“Жоқ” деседе қоймай жатыр,Бірер талға тоймай жатыр ҚосуДүкеннен көп сабын алдым,Оның және қабын алдымЕкі дәптер, бір қарындаш,Тіс ысқышты тағы да алдымЕсептеші сонда бәрі,Қанша болды қолда бәрі? Қазақтың ауызша есептері Дұрыс жауап-Мақсат төртті екіге бөлсе неше болады?- Апай нені бөлу керек?- Мысалы, төрт алманы екі балаға бөлейік.- Ал оны кіммен бөлісуім керек?Жарайды, Тимур екеуіңе бөліңдер.- Онда үш алма маған бір алма Тимурға- Қалайша?- Себебі, Тимур маған бір алма қарыз болатын- Ал, ол саған алмұрт қарыз емес пе?- Жоқ, қарыз емес,- Онда төрт алманы екіге бөл.- Төрт. Бәрін де Тимур алады.- Неге бәрін Тимур алуы тиіс?- Себебі мен алмұртты ұнатпаймын- Тағы дұрыс емес- Сонда дұрысы қалай болуы керек?- Мен сенің қазір күнделігіңе баға қоямын. Сен соған қарап төртті екігі бөлгенде қанша болатынын білесің? Торғай мен бұта Бір топ торғай ұшып келіп, ағаштың бұтағына қонады. Бұтақ басына бір торғайдан келіп қонып еді, бір торғайға бұтақ жетпей қалды. Сонан соң бір бұтаққа 2 торғайдан қонып еді, бір бұтақ артық қалды. Сонда бұтақ нешеу, торғай нешеу? Төрт жиырма Баласы әкесіне: - Маған жұмбақ үйретші, - дейді. Сонда әкесі: - Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасымдай болды. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Сол 20-ға тағы 20 қосып, сонан шыққанын сенің жасыңа қосса, сен менен 20 жас үлкен болып шығасың. Енді тапшы: Мен нешедемін, өзің нешедесің? Мың қойда неше бақайшақ бар? Мың қой жайылып жүр. Осы мың қойдың аяғында неше бақайшақ бар? Бір қойда 8 бақайшақ болады.