Презентация по истории на тему ?аза? хал?ыны? жо??ар шап?ыншылы?ына ?арсы к?ресі (8 класс)


Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі8-сынып Қазақ хандығының картасы Жоңғарлар шабуылы Аякөз шайқасы 1718 жылы Аякөз өзені бойында өтті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” Қаракерей ҚабанбайБатыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі —Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. 7 жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. 1718 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды. 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды. 1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартқан. 1752-54 жж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан,Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.  Шақантай ЖауғашарұлыШақантай Жауғашарұлы (1706 — 1791) — батыр. 1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан. Қазақ — жоңғар соғысында Қабанбай, Жәнібек тархан, тағы басқа батырлармен бірге ірілі-ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен. Шақантай Жауғашарұлы аруақты батыр ғана емес, артында асыл сөз қалған аузы дуалы шешен, ел бастаған көсем болған. 1793 жылы 87 жасында Бақанас бойындағы Қарауылтөбе деген жерде қайтыс болады. Қанжығалы БөгенбайАқшаұлы Бөгенбай (1680-1778) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы тармағынан. 1680 ж. Сырдария бойында дүниеге келген.Бөгенбай жорықтарын, қоғамдық істерін, негізінен, бес кезеңге бөлуге болады:1. 1696-1697 жылдары жоңғар қалмақтарымен шайқастары; 2. 1710 жылғы Қарақұмда бүкіл қазақ елі жасағының қолбасы болуы; 3. 1723-29 жылдардағы қазақ елінің жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан кейінгі халқымыздың сыртқы жауға берген тойтарыстарын ұйымдастыру; 4. 1731-1735 жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын ыңғайластыру шараларын жүзеге асыру; 5. 1750-1760 жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу жорықтарын ұйымдастыру. Малайсары батырМалайсары (шамамен 1700 — 1756) — Орта жүздің батыры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан.  Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Малайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген. Шапырашты Наурызбай ҚұттымбетұлыҚұттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген.  Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-1752 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды. 1781 жылы дүниеден өткен.  Райымбек Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан тараған.  Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. “Бұланты” шайқасы 1726 жылы “Аңырақай шайқасы” 1730 жылы Назарларыңызға рахмет!