Презентация по предмету Авток?ліктерге техникалы? ?ызмет к?рсету на тему Машина ?ндірісі
Үй тапсырмасыМашина жасауда қолданылатын материалдар
“Рөлдік” ойын Студенттер 4 топқа бөлінеді (Сенім, Өкіл, Таңдау, Бәрі). Әр топтың тапсырмалары әр түрлі және тапсырмалар бір деңгейде болады.
Өкіл тобы
Таңдау тобы
Бәрі тобы
Жаңа сабақ Машина бөлшектері
Негізгі бөліктер және агрегаттарӘрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш шасси.
Кузов – тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста шанақ жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің шанағы жүк тиейтін платформадан (жүктік шанақ) және жүргізуші кабинасынан тұрады.
Қозғалтқыш – автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады.
Шасси - трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.
Алгоритм ойыныТоп 4 студенттен жеке топтарға бөлінеді. Бұл ойында тапсырмалар жазбаша формада орындалады. Ойын барысы 5 турдан өтеді: әрбір ойыншы өз дәптерлеріне аты-жөндерін жазып, бірінші (III деңгейлі сұрақ) тапсырманы орындайды алдарына ауысып келген дәптерге тағы да аты-жөндерін жазып екінші (II деңгейлі сұрақ) тапсырманы орындайды алдарына ауысып келген 3-ші дәптерге тағы да аты-жөндерін жазып үшінші (I деңгейлі сұрақ) тапсырманы орындайды. оқушылар мұғалім берген сұрақтардың дұрыстығын 5 балдық жүйеде бағалайды. тапсырманы тексеріп болған соң, дәптерлерін бірінші турдағыдай ауыстырады. Осы турда оқушылар өз дәптерлері алдына келеді. Олар дәптерлеріне тапсырмалардың қалай орындалғандығын, бағалауын қарап шығады. Соңынан бағалары бағалау парақтарына түсіріледі.1 турда2 турда3 турда4 турда5 турда
“Бақытты сәт” ойыныСтуденттер екі топқа бөлінеді, әр топтың өз капитаны және атауы болады. “Бой сергіту” Топтарға 7 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 3 минут бөлінеді. “Ұяшықтан шыққан бас қатырғылар” Топ мүшелері ұяшықтан шыққан сұрақтарды өз ішінде талқылап, капитандары жауап береді. (дайындыққа 2 минут) “Жұмбақтас” Мұнда жүргізуші сұрағына жылдамырақ жауап берген топ ұтады. “Сен маған, мен саған” Топтар бір-біріне 2 сұрақтан қояды, яғни үй тапсырмасы бойынша (4 минут) “Көсемдікке ұмтылу” Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Екі топ арасындағы айтыс (5 минут) 1 гейм3 гейм2 гейм4 гейм5 гейм
Қорытындылау.Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:Машинаның жалпы құрылысы неше бөліктен тұрады?Қозғалтқыш дегеніміз? Трансмиссия дегеніміз? Жұмыстан қорытынды шығару. Топ қалай жұмыс істеді. Студенттер қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай студент ерекше тырысты. Студенттерді салыстырмалы түрде бағалау.
Үйге тапсырма беру.Машина бөлшектерін оқып келу. Қазіргі таңдағы жаңа көліктерде қолданысқа енген бөлшектерді іздеу?. Бөлшектердің тозуын алдын алу шаралары.