?лтты? біры??ай тестілеуге психологиялы? т?р?ыда о?ушыларды дайындау


№ 9 орта мектептің психологіЖексенова Әйгерім Тасболатқызы Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау Оқушыларды ҰБТ – ға психологиялық тұрғыда дайындауда мектеп психологының роліМамандықтың маңызы мен түрлері және оқушыларға бағыт – бағдар беру тәсілдері.11-сынып оқушыларын ҰБТ – ға дайындаудың тиімді жолдары және психологиялық көмектер ұйымдастыру. «ҰБТ және мен» Мақсаты:Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезеңдегі сенімділігін мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру. Тренинг бағдарламасы1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы 2. «Менің атым және қасиетім» жаттығуы 3. «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?» тесті 4. «Біздің топтың жүрегі» 5. «Менімен бірге қайтала» жаттығуы    «Топтық сәлемдесу» жаттығуыМақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру. Талдау:Жаттығу сіздерге ұнады ма?Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады? «Менің атым және қасиетім» жаттығуыҚатысушылар шеңбер болып отырады,бір-біріне допты немесе ойыншық беріп,өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде,тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталған қасиеттерді айтады. «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?» тестіНұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ» «кейде» деп жауап беріңіз.Иә-2 / Кейде-1 / Жоқ-0Мен өзімді бақытты сезінемін0 1 2Мен өзімді бақытты ете аламын.0 1 2Мені шарасыздық сезімі мазалайды.2 1 0Мен стрестік ситуациаларда дәрі-дәрмек пен алгогольдің көмегінсіз өзіме-өзім келе аламын0 1 2Егер мен өте қатты стресс алсам,міндетті түрде маманның көмегіне жүгінер едім0 1 2Мен қайғыруға бейіммін.2 1 0Мен кейде басқа біреу болгым келеді 2 1 0Мен кейде баска жерде болгым келеді2 1 0Менің көңіл- күйім тез түседі2 1 0 Зерттелінуші сынып: 11 «бЗерттеу обьектісі: ТестЗерттеу тақырыбы: Сіз стресті бағындыра аласыз ба? Қатысқандар саны: 17Қорытынды: 78% Оқушыларға өмірдің қиыншылықтарымен күресу оңай болмайын деп тұр.Егер сіздер өздеріңіздің рухани қуатыңызбен дене қуатыңызды сақтағыңыз келсе, онда стресс жағдайда көмектесетін әдістеді тиімді пайдалануды үйрену қажет.       «Біздің топтың жүрегі»Мақсаты: Жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.   «Менімен бірге қайтала» жаттығуыМақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Видеороликтен көрген қимылдарды қайталап, би жаттығуларын жасайды. Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол.2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста.4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте.5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан.6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен.7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір.8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле.9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін.Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер! Түстер терапиясыОсы түстердің ішінде өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.Шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.Ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар. Қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдарҚайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.Салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар. Ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.


Н ә т и ж е* ҰБТ – ге деген оқушылардың бойында сенімділік қалыптасады;* ҰБТ – ге тиімді дайындалу жолдарын ұғынады;* Тренинг барысында ҰБТ – ге деген қорқыныш пен іштей қобалжудан арылуға мүмкіндік береді;.* Сабақ барысында ойларын ашық айтып,өздерін еркін ұстауға үйренді* Мамандыққа деген қызығушылығы артты;* ҰБТ – ға дайындалудың тиімді жолдарын меңгерді;