Презентация на тему Мектеп жасына дейінгі балаларды? с?здік ?орларынк?рнекілік моделдеу ар?ылы дамыту


Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын көрнекілік моделдеу арқылы дамыту Мақсаты: Көрнекілік модельдеу нұсқаларын қолдану арқылы балалардың ой – өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Міндеттері:Мектеп жасына дейінгі балаларда көрнекілік моделдеу дағдыларын қалыптастыру. ақпаратты графикалық тәсіл арқылы көрсету;моделдік шифрды оқу; 2. Барлық көп жүзді пікірлердің түрлері бойынша балаларды оқыту барысында көрнекілік моделдеуді қолдануойыншық бойынша сипаттамалы әңгіме құрастыру;сурет бойынша сипаттамалы әңгіме құрастыру;қайта айтып беруге үйрету.3. Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу шығармашылығына деген тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу Бала әңгіменің ең маңыздысын анықтап алып, негізгі оқиға мен әрекетті бір ізділікпен баяндау. Бала байланыстырып сөйлеуді құрастырғанда кандай қиыншылықтарға кездеседі ? Байланыстырып сөйлеуге үйретуді қамтамасыз ететін себептер: * Көрнекілік. (Суретті, заттарды анықтау арқылы белгілерін көруге көмектеседі.)* Жоспарын құрастыру (Әңгіменің басын, ортасын, аяғын белгілеу) ЖаңылтпашКөк көбелек,көк көбелекКөздері дөп-дөнгелек,Гүл көрсе күлімдейдіҚолға ілінбейді ,Көк шөптің арасындаТүр-түсі білінбейді. ЖаңылтпашАра, ара, аралар, Орман ішін аралар.Жаңылтпашқарға- қарға, қарғалар,Қар үстінде жорғалар Көрнекілік модельдеу әдісі көмегімен байланыстырып сөйлеуге дайындауӘртүрлі сөйлеу диалог қойнауында сөйлесу қарым-қатынастың негізгі формасы ретінде қалыптасады. Дидактикалық материал ретінде өз жұмыстарыңызда көрнекілік модельдеу-мнемотехниканы қолдану. Балаларға кестедегі қарапайым сызба-нұсқалар, объектілерді және олардың қасиеттерін, сапасын, көлемі, түсі, формасы, құрастырушы бөліктерін байқап, оның қолданылуын, не үшін ұнайтынын (ұнамайтыны) түсінуге көмектеседі. Алмас автобуспен жүреді Айдана үйде ән айтты Көрнекілік модельдеу әдісінің нәтиже бағасының критериі:Берілген шығармаға сәйкес белгілерді таңдау.Барлық кейіпкерлерді сала білу (шал, кемпір,алтын балық,теңіз т.б.)Тәрбиешінің айтуы бойынша салу.Берілген тапсырма үзінділерінің сызбасын салу,табу,мәтінге сәйкес әңгімелеу.Өздігімен берілген сызба бойынша кеңістікті бағдарлау,тапсырманы орындау.Бейнелі сөзді,сөз тіркесін қолдану.Мәтінге сәйкес немесе шығарманы әңгімелеу. Көрнекілік модельдеу әдісін қолданғанда неге қол жеткізуге болады:Балалардың ертегіні ретімен әңгімелеп беруне;-Қоршаған орта жайлы таным-білімі арттыруға;Сөздік қорының белсенділіктерінің кеңеюіне;Балалардың ұялшақтығын жойып ,өзін-өзіне деген сезімін арттыруға. Назарларыңызға рахмет!