“Сенімділік к?ш береді” тренинг-саба?


Тренинг- сабақ Сабақтың тақырыбы: “Сенімділік күш береді” Педагог-психолог: Бекетаева Самал Камбарқызы Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру Өміршеңдік ережесі Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талпынып: Жігер деген – Мен Күш деген - Мен Махаббат деген - Мен Кешірім деген – Мен Құдірет деген - Мен Жасөспірім деген - Мен Жастық деген - Мен Денсаулық деген – Мен Даналық деген - Мен Жарқындық деген – Мен Бар ғажайып деген – Мен Бәрі маған байланысты. Бәрі менің қолымда!!! – деп өзіңізді сендіріңіз. Белсенді қатысуТыныштық сақтауБірін-бірі тыңдауОйын ашық айтуБір-бірін сынамауЫнтымақтылық Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады. Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту “-” “+” 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 «Активатор» жаттығуыМазмұны: Тренингке қатысушылар келесідей нәрселерді жағдайға ене отырып, шеңбер бойынша бір-бірлеріне жалғастырулары қажет.мамықты; ыссы жұмыртқаны; тірі тышқанды; Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген сияқты. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:Мен ақылдымын.Менің жаным тынышМен қиындықтан қорықпаймын.Мен жаспын, қандай әдемімін.Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.Маған сенімділік күш береді.Мен дайынмын. Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту Фразалы сөзді аяқтау:“Мен саған сенімдімін, сен... “Біздің ортақ қасиетіміз ” жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады. Нұсқаулық: шеңбердің ортасында тұрған оқушы ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні айтады. Мысалы, мен: “араларыңызда ағалары барлар орындарыңды ауыстырыңдар”-деп айтады, сол кезде ағалары бар оқушылар тез орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған оқушы, орындардың біреуін иемденіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында қалып қалған оқушы ойынды жалғастырады. Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту,сенімділікті сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру “Қайырымдылық жолымен”әні Ғажап әсем өмірде Жақсы нұрлы көңілде Шексіз бейбіт әлемнің Ақжолын біз таңдаймыз Күнді бірге айналып Қуаныш пен жайқалып Өркендеп биіктерге Бірге әркез самғаймыз Қиындықты жеңуге Қайта көкке өрлеуге Бақыт құсы саған қол ұшын әркез созады Достарыңды ұмытпа Көмектес сен жалықпа Әрдайым дайын бол Жақсылық тағы жасауға Жолыңда сенің түрлі Қиындықтар кезігер Өмір ойын еместігін Есіңнен шығарма Қиындықтан мұңайма Жеңу керек мұндайда Әрдайым дайын бол Жақсылық тағы жасауға Рефлексия (ой қорытындылау) «Аяқталмаған сөйлемдер»Бүгінгі сабақта менің түсінгенім... Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны...Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ? Өте жақсы! Жақсы! Бір қалыпты! Онша емес! Жаман! Л. Вовенарг Өзіңді-өзің бағалай біл !Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.