Презентация по технологии на тему ?амырдан жасал?ан ?німдер. Бауырса?
Ақтау қаласы №17 орта білім беру мемлекеттік мекемесі Пәні: ТехнологияДайындаған: Жанкулиева А.ХТақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдерСабақтың мақсаты: оқушыларға қамыр түрлерінен, ұннан жасалған тағамдар туралы мағлұмат беру, оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, ұн тағамдарын дайындағанда ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Қауіпсіздік ережелері:Асүй бөлмесі таза болуы қажет. Ылғал шүберекпен үнемі сүртіп отыру керек.Тамақты алжапқыш тағып дайындау керек. Қолды тазалап жуу қажет, шашты жинап, орамал тартып алу керек. Мерзімі өтіп кеткен азық - түліктерді пайдаланбау керек..Тамақ әзірлеу алдында азық - түлікті мұқият жуып, тазалайды және турайды.Ыстық ыдыстың қақпағын ашқанда, өзіңнен қашық ұстау қажет.Қайнап жатқан сұйықтыққа жарманы және басқа азық - түлікті байқап салу керек.Ыстық майы бар табаға азық - түлікті алшақ тұрып салу қажет.Плитадан ыстық ыдысты алар кезде тұтқышты пайдалану керек.Пышақты пайдаланғанда, оны өте жоғары көтермеңдер.Пышақты бергенде сабымен ұсыну керек Жұмыс соңында электр аспабын ажырату керек.
Қамырдан жасалатын өнімдер:
Қамырдан жасалған өнімдер:
Бауырсақты дайындау: Ингредиенттер: ұн, құрғақ ашытқы, тұз, қант және майонез.Алдымен 1,5 ас қасық құрғақ ашытқыны жылы суға былғап, 10 минуттай көтерілуін күтеміз. Содан соң 1 кг ұнды шұңғыл ыдысқа салып, 100 грамм майонезді жақсылап араластырамыз. Үстіне 1 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз салып, ашытқы қосылған суды құйып, илейміз.Бұл жерде ең бастысы – жылы суды мөлшермен құю. Ұн илеуді бастағанда біртіндеп суды құйып, оның тым қоймалжың болып кетпеуін қадағалау керек. Егер суды көп құйып алып, қамырыңыз сұйықтау болып кетсе, үстіне еселеп ұн салып қойылтуға тура келеді.Суды тым аз құйып, қамырды қатты илеуге де болмайды, әйтпесе бауырсағыңыз көтерілмей қалады.Сонымен, бауырсағыңызды ашытып болсаңыз, полиэтилен қалтаға салып, не үстелдің үстіне шұңғыл ыдысты төңкеріп, 1,5–2 сағатқа қоясыз.Қамыр ашығаннан кейін оны 3-ке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп алып, майды қыздырып, пісіре бастайсыз.
Назарларыңызға рахмет!