Презентация по истории Казахстана на тему: Диалог ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлауды дамыту (11класс)
Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту Билал Назым атындағы орта мектебінің тарих пән мұғалімі Н.Б.Тохтамова
Мақсаты: Мұғалімдердің іс – тәжірибесіне сүйене отырып,диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау білім берудегі тиімді педагогикалық әдіс екендігін түсіндіру,тәжірибеде қолданудың тиімділігі туралы бағыт – бағдар беру. Пікір айтуға,ойлау және іс әрекетке жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге сыни тұрғыдан ойлауға баулу .
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.» К.Д.Ушинский
«…Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.»
Выготскийдің«Жақын арадағы даму аймағында» теориясына, яғни оқушылардың қабілетті оқушының немесе ересектердің көмегі немесе қолдауымен жұмыс істеуіне, сүйеніп диалогтық әңгіменің үш түріне тоқталамыз.
Мерсер және Лилтон әңгіменің үш түрін атап көрсетті КумулятивтікЗерттеушілікДебат
Кумулятивтік әңгіме «…әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді.Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады;идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді;ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. ». Мерсер
Кумулятивтік әңгімені біз әр сабағымызда қолдануға тырысамыз,әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы.
Зерттеушілік әңгіме«әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен мұқият бағалау жүргізіледі. Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)». Мерсер, Лилтон
Зерттеушілік әңгіме Сабақта оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданамыз,АКТ және өз бетімен алған білімнің қажеттілігін түсіну.
Әңгіме- дебат «ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әр қайсысы өз шешімдерінде қалады;қарым-қатынас көбіне «Иә», бұл солай!» - «Жоқ, олай емес !» деген бағытта жүзеге асады; Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған». Мерсер,Лилтон
Дебаттың түрлері
Сұрақ қоюСұрақ қою –маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.Сұрақтар нақты қойылуы керек,сонда ғана біз күтілген нәтижеге қол жеткіземіз. Заманауий білімде белгілі американдық психолог және педагог Бенджамин Блум таксономиясы кеңінен танымал.Бұл сұрақтар таным дәрежесін классификациялаумен байланысты: білу, түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалау.Блум сұрақтары – сұрақтың алты типі. Зерттеулерде бұл стратегияны қолдану, барлық жастағы оқушылар (бірінші кластан бастап) барлық типтегі сұрақтардың мағынасын түсінеді (мысалдар келтіре алады).
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін сұрақтардың екі түрі «төмен» дәрежелі және «жоғары» дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. «Төмен» дәрежелі сұрақтар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал « жоғары» дәрежелі сұрақтар қойылғанда оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға,кеңейтуге бағалауға,талдауға тиіс болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу,сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады..
Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты:тыңдау мен зерттеу арқылы оқу мәнмәтінге көңіл бөлу шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер: Білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны; қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек
ҰБТ жаңа форматта ұйымдастырылады
ДИАЛОГТІК ӘҢГІМЕНІҢ ТҮРЛЕРІ ӘҢГІМЕ ДЕБАТ барысында: 1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; 2)ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады; 3) қарым-қатынас көбіне ”Иә, бұл солай”, “Жоқ олай емес” деген бағытта жүзеге асады; 4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған
Зерттеушілік әңгімеӘркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; Әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен ,мұқият бағалау жүргізіледі; Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды ;Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді,осылайша әңгімеде дәлелдеме “көрінеді”; Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де,келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Топтық әңгіме1)Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі; 2)әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен , оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандайда болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы ; 3)идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Назарларыңызға рахмет!!!!!