?аза? ?дебиетіні? к?гіндегі XX ?асырды? басында жар?ырай жан?ан жары? ж?лдыздарыны? бірі, текті а?ыны. Ма?жан ?зіне дейінгіге де, кейінгіге де ??самайтын, ?зіндік ?олта?басы бар а?ын. Ол ?мірді бірт?тас ??былыс, к?рініс ретінде, ал адамды сол ?лы таби?атт
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) Қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, өрдайым жалпы адамзатқа тән өуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық түрғыдан таниды. Мағжан – сыршылдығымен, суретшілділігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштылығымен күшті; маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті. Жүсіпбек Аймауытов Туған жер Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде,Ойын ойнап, шыбын – шіркей қуған жер.Жаратылдым топырағыңнан сен түбім,Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан – тәнім.Сенен басқа жерде маған қараңғы,Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.Тәтті суын дәмі аузымнан еш кетпес,Қалың нуың, қыр суына жер жетпес.Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..... ҚазағымҚазағым, таянды ғой қылта мойын,Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.Қарашы өзіңе – өзің көз жүгіртіп,Жараспас бұдан былай күлкі – ойын. Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекерОйламау келешекті түпке жетер.Надандық қоршап алған тұс –тұс жақтан,Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер.Тасталық, болыстыққа таласуды,Таласып жаман көзбен қарасуды,Мың – мыңның төгілуі жетер енді,Ізделік аққан бұлақ – қара суды.Бар жерді күннен – күнді алып жатыр,Біреулер алып қала салып жатыр,Қырылысып өзді –өзімен қазақ сорлы,Жерінен аузын ашып қалып жатыр.Кел, қазақ қолдағыдан құр қалмайық,Отырайық жиылып, оңдалайық.Мың жылғы өткен қумай ата – заңды, Өнерден кеш қалмайық, ойланайық.