Дене т?рбиесі саба?ыны? ??рылымы мен мазм?нынын жоспарлау


Дене тәрбиесі сабағының құрылымы мен мазмұнынын жоспарлау Алматы 2014 жыл Байырбаев Назымбек Амангазиевич Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. Допты торға тастау әдістері Сабақтың мақсаты: 1. Допты торға тастау әдістерін үйрету.2. Икемділікті, жылдамдықты дамыту.Топтық, қоғамдық және жолдастық сезімдерге тәрбиелеу. Құрал жабдықтар: Баскетбол добы, ысқырық және сағат. Кіріспе бөлімі: 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.2. Кезекшіден мәлімет қабылдау.3. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. 4.Сабақтың мақсатымен таныстыру. 5.Сапта тұрып сап элементтерін қайталау (Оңға, Солға, Айнал). Дайындық бөлімі: Залдың шетімен әр түрлі жылдамдықтар-мен жүгірту:1. Спорттық жүріспен. (Қолды кеуде тұсына ұстап, табанды өкшеден аяқтың ұшына дейін тигізіп жылдам жүру).2. Жеңіл жүгіру. (Аяқтың ұшымен жеңіл және бір қалыпты жүгіру).3. Оң жақпен сол жақпен секіреміз. (Тіркелмелі адыммен биік секіру, қолды белге қойып).4. Артпен жүгіру. (Аяқтың ұшымен және сол жақпен қарап жүгіру).5. Тізені жоғары көтеріп жүгіру. (Қолды алға созып, тізені алақанға тигізіп жүгіру).6. Өкшені артқа тигізіп жүгіру. (Қолды артқа қойып, өкшені алақанға тигізіп жүгіру).7. Аяқты алға сермеп (қайшылап) жүгіру.(Қолды желкеге қойып, аяқтың ұшымен және тізені бүкпей, алға сермеп жүгіру).8. Спорттық жүріспен.9. Жай жүріспен. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, жалпы дене жаттығуларын жасату. (ЖДЖ): 1. Бастапқы қалып (БҚ), аяқ иық деңгейінде, қолды белге қойып, басты оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз.2. БҚ аяқ иық деңгейінде, қолды кеуде тұсына бүге ұстап, 1-2 дегенде шынтақты артқа сермеп, 3-4 дегенде жартылай оңға бұрылып, қолды ашып (созып) артқа сермейміз. 1-2 дегенде шынтақты артқа сермеп, 3-4 дегенде жартылай солға бұрылып, қолды созып артқа сермейміз.3. БҚ аяқ иық деңгейінде, қолды белге қойып, белді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз.4. БҚ қол белде, аяқты алшақ ашып 1дегенде, оң аяқтың ұшына екі қолдың ұшын тигіземіз. 2 дегенде ортаға еңкейіп, екі қолдың алақанын жерге тигіземіз. 3дегенде сол аяқтың ұшына, екі қолдың ұшын тигіземіз. 4 дегенде БҚ тұрамыз.5. БҚ аяқ иық деңгейінде қолды тізеге қойып, ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айнал-дырамыз. 6. БҚ аяқ иық деңгейінде қолды алға созып, оң аяқты сол қолдың ұшына, сол аяқты оң қолдың ұшына жеткіземіз. 7. БҚ қолды бірге ұстап және оң аяқтың ұшын жерге тигізіп. Оңға, солға білекті және тобықты бірге айналдырамыз. Негізгі бөлім: Оқушыларды төртке бөліп, допты алып жүру және допты торға лақтыру әдістерін үйрету. 1. Допты оң және сол қолмен алып жүру. 2. Орыннан екі адам аттап допты торға лақтыру. 3. Допты алып жүре келе, екі адым аттап торға лақтыру. 4. Бір орында тұрып, допты екі қолмен торға лақтыру. (трехочковый брасок). 5. Тордың жанында тұрып, допты қалқанға ұрып түсіру. (подкольцом). 6. Екі жақты ойын. Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Организмді бастапқы қалыпқа келтіруге арналған, жаттығу жасату.3. Сабақты қорытындылау және бағалау.4. Үйге тапсырма. Денені көтеру, жүгіру, секіру және дене жаттығулары. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!