Химиялы? формулалар бойынша зат массасын ж?не зат м?лшерін аны?тау


Үй тапсырмасы: Химиялық формулалар бойынша зат массасын және зат мөлшерін анықтау Сабақтың мақсаты:Білімділік :Оқушыларға моль,мольдік масса бойынша алған білім білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығаруды үйрету,оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру; Дамытушылық :Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту.Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуді ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі,интерактивті тақта,табиғат көріністері,сызбанұсқалар,оқулық,Ә.Е.Темірболатова.Есептер мен жаттығулар жинағы.Сабақ әдісі: жарыс, деңгейлеп оқыту, мәселелік оқыту, дамыта оқыту технологиясы. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларда түгендеу,оқушыларды ұйымдастырып, екі топқа бөліп (сутегі және оттегі) топ аттары және топ басшылары сайланады,бағалау қағазы беріледі. Оқушыларға сабақтың барысы мен мақсаты түсіндіріледі. ІІ.Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру. «Миға шабуыл»1. H2+ O2=2. AI + O2 =3. H2 + CI2=4. Ba + O2= Эстафета ойыны. «Кім жылдам?» 1 топ. Са-СаО-Са(OH)2-CaSO4 2 топ S-SO3-H2SO4-K2SO4 Жаңа тақырып:Моль,мольдік масса мен мольдік көлем ұғымдарына есептеулер, химиялық формулалар бойынша заттың массалық үлесін және зат мөлшерін есептеу. Есептер шығару I-деңгей 1топ. Хлор молекуласының CI2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.2 топ Оттегі атомының О2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер II-деңгей Алюминий гидроксиді AI (OH)3құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Жауабы Берілгені: Шешуі: МгAI(OH)3= Аг(АI) +3 Аг(О) + 3 Аг(Н) = = 27+3*16+3*1=78Т/к=WAI (OH)3 W(АI)= 0,346 Н/Е 34,6 W(О) = 0,615 Н/Е 61/5%W (Н) = 0,039 Н/Е 3/9% III-деңгей20г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің зат массасын және зат мөлшерін тап. Жауабы Берілгені: m=(Ca)=20г Т/к=(Ca)=?Шешуі: 2Са+О2=2СаО80г 112г 20г Х г х=20.112/80 х=28г СаО Жауабы:m= 28г СаО m=20г Т/к= v(CaO)=? Шешуі: V=m/M=28/56=0,5 моль СаО Жауабы: v=0,5моль СаО Ал, кәнекей ойнайық! «Асулардан асайық»Адамның өмірі үшін ең басты қажетті нәрсе не? Немен дем аламыз? 1.Сынып бөлмесінің көлемі қанша? Ұзындығы – 8,5 м Ені – 5,6 м         Биіктігі – 3 м V=8,5.5,6.3=142,8м3 2.Сынып бөлмесіндегі азоттың көлемі қанша? 3.Сынып бөлмесіндегі оттегінің көлемі қанша? Қалған 1% -і басқа да қоспалар 1 адамға күніне: 1) қол жууға – 8 литр 2) тісжууға 6 литр 3) унитазға су жіберу – 15 литр 4) душ – 20 литр 5) кір жууға – 130 литр 6) ванна – 150 литр Барлығы – 339 литр 1 айда – 30 339 литр= 10170 литр 1 жылда – 365 339 литр=123835 литр Топ басшысына сұрақтар: Үйге тапсырма: 1.Р-Р2О5-Н3РО4-Nа3PO4 2.Массасы 270 г су және 30г натрий хлориді бар ерітіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесін тап