Презентация на тему О?У-Т?РБИЕ ?ДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫ? ?ЫЗМЕТТІ ЕНГІЗУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК Т?ЖІРИБЕ Ж?МЫСТАРЫН ?ЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ “ӨРЛЕУ” АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫАлматы облысы Ұйғыр ауданы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіЖобаТақырыбы: ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЕНГІЗУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ Орындағандар: Абдилова Б. Исжанова К.Курс жетекшісі: Валиева М.У.«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, ПҒКШонжы, 2014жыл
Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуҚазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы 8-бап
Жоба жұмысының жоспары:1.Кіріспе.2.Негізгі бөлім.2.1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашу2.2. Мектептегі эксперименттік жұмысты ұйымдастыру3.Қорытынды4.Пайдаланылған әдебиеттер
КіріспеӨзектілігі: Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарына білімдегі бүгінгі өзгертулер мен жаңартуларды енгізу, бүгінгі білім беру жағдайында педагог кадрларға қойылатын негізгі талаптарды ескеру, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру мәселелері білімнің қазіргі саясатына негізделгенімен білім алушыларға білімнің сапалы түрде жеткізілуі нақты қажетті әдіснамалық сипатта берілмей отыр. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында ...Орта білім жүйесін Қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді деп атап көрсетті.Осы мақсатта назар аударатын басты мәселе білім туралы әлемдік тәжірибені есепке алып, мектептегі педагог кадрлардың кәсіби дайындығын көтеру, педагог кадрлардың білім беру технологияларын әлемдік стандарттарға негіздеу, оқыту технологияларына арналған жаңа ғылыми бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік нұсқауларды, жазу мәселесімен айналысуды жұмысымыздың басты мақсаты деп санауымыз керек болды.Педагог кадрлардың қазіргі заман талабына сай білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтарға бейімделуі, бүгінгі білім берудің әдіснамалық жүйесі жеткіліксіз қарастырылуы, білім берудің дәстүрлі әдіснамалық жүйесінен арыла алмай ескірген әдіс- тәсілдерді оқу үрдісіне қолданудың нәтижесінде білім алушылардың оқуға деген қызығушылығының жойылуына әкеліп соғуы, тіпті білім алушының мектеп өмірінен жалығуына дейін жетуі оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңаша жүйесін жасауды талап еткенін көрсетеді.
Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан іс-шараларды жүзеге асыруда оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетке белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, құзіреттілік қабілеті жан-жақты дамыған сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.Мақсаты:
Міндеттері: 1.Оқытуды технологияландыру арқылы бүгінгі білім берудің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну, таңдап алынған оқытудың технологиялар бойынша теориялық ақпараттар желісімен танысу2.Жеке тұлғаға негіздеп білім берудегі сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу, үлгі сабақтар өткізу;3.Экспериментатор - педагогтың технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, менеджерлік құзіреттіліктерін қалыптастыруына ықпал ету;4. Педагогтар көзқарасын оқыту технологиясына бейімдеудің нақты әдістемесін жасау және оны тәжірибе жүзінде тексеру.
Егер, орта мектептердің оқу үдерісінің барысында оқыту технологияларын қолдану мәселелеріне ғылыми- педагогикалық жан-жақты талдаулар жасалып, технологиялық құзіреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, оқу орындарының білім беру деңгейі заман талабына сай өзгерістерге бет бұру арқылы білімді, ізденімпаз, креативтілік қабілеті жоғары дамыған, синергетикалық іс-әрекетте белсенді, шығармашыл бағыт ұстанатын құзіретті тұлғалар тәрбиелеп шығара алады.Мектептегі эксперимент жұмысының ғылыми болжамы:
ҚР-ның Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «ҚР-ның Қазақстан - 2030» даму стратегиялық бағдарламасы;ҚР Үкіметінің ресми материалдары (заңдар, қаулы), ҚР-дағы 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасы, ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;Оқыту технологиялары бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері.Озық педагогтар тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ұжымының өзіне тән жеке іс-әрекет тәжірибесі;Мектептегі эксперимент жұмысының зерттеу көздері:
Оқыту технологиялары бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану, мектеп оқушыларының білім, білік, дағды деңгейін бақылау;Жеке тұлғалалық сипатқа тән оқушылардың шығармашылық жұмыстарын әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру;Тәжірибелік – эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық және сапалық жағынан сараптап қорытындылау, мониторингін жасауМектептегі эксперимент жұмыстың зерттеу әдістері:
1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашуНегізгі бөлім Инновация – латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.
2. МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЗерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.Бауыржан МомышұлыЭксперимент – (латынның – тәжірибе, байқау, көру деген сөзінен алынған) педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсер ететін мәнді факторларды анықтайтын зерттеу әдісі.Эксперимент біріншіден белгілі бір теориялық ережелерді дәлелдейді немесе жоққа шығарады. Екіншіден жаңа эксперименттермен растауға тиісті жаңа теория немесе гипотезаның алғы шарты болады.М.М.Поташкин педагогикалық эксперименттің нәтижесі алдын ала белгісіз болғандықтан тәуекелмен байланысты екендігіне тоқталады.Өйткені: Адамның барлық ойлағаны көп жағдайда орындала бермейді. Кейбір болжамдар қате болып жатады.Эксперимент – ғылым мен практиканы байланыстыратын құралдардың негізгісінің бірі.Эксперименттің дәледеуінсіз бірде бір теория ұзақ өмір сүре алмайды.Барлық эксперименттің негізгі мақсаты – жаңалық ашу болғандықтан, ол – шығармашылық әрекет.Ендеше экспериментке қатысатын барлық оқытушылардан шығармашылық әрекет талап етіледі.Шығармашылықты адамның ішкі әлеуетін ең жоғары деңгейге көтеріп, шыңға шығаратын өзінің ішкі күштерін жұмылдыра отырып, өзін-өзі іске қосатын, сол арқылы ең жоғары нәтижеге әкелетін адам әрекеті деген тұжырымдар жасайды ғалымдар.Сонымен қатар, экспериментатор - педагог шығармашылық әрекетке негізделген эксперименттің сапалы болуының шарттарын яғни, ғылыми аппаратын білуі тиіс.Оларға: педагогикалық эксперименттің тақырыбы, өзектілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, қорғауға ұсынылған қағидалар, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі жатады.Педагогикалық эксперимент «бұрын қарастырылмаған нені зерттеу керек» деген сұрақтан басталады.
Бүгінгі күнге дейін мектептің эксперимент жұмысының негізгі шарттары анықталады. Мектептің экперимент алаң жұмысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 25-бабына сай оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған облыстық білім басқармасының қасындағы және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының мамандары әзірлеген бағдарламасына сай мектептегі эксперименттік алаң қызметінің ережесі бекітіледі. Мектептегі экспериментатор-мұғалімдер құрамында тәжірибелі, шығармашыл және ізденуші мұғалімдер әлеуеті жұмыс атқарады. Мектептегі эксперимент алаң мұғалімдері өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын, облыстық білім басқармасының жарғысын, білім беру ұйымының бұйрығын және осы Ережені басшылыққа алып жұмыс жүйесін атқарады. «Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық қызметті енгізу» атты тәжірибелі –экспериментті алаңның оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылады. Эксперимент алаңындағы экспериментатор - мұғалімдерінен жасақталған шығармашылық топтың атқаратын міндеттері анықталады. Эксперимнт алаңындағы экспериментатор-мұғалімдері жұмыс бағытымен таныстырылады. Мұнда, таңдап алынған оқыту технологиясы бойынша ақпараттар жинақтау, облыстық мамандар біліктілігін арттыру институттарының бекітілген координаторлармен тығыз байланыс жасау, эксперимент сыныптарына арналған алғашқы мониторингілік кестені толтыру сияқты жұмыс бағыттары ұсынылады. Әрбір экспериментатор-мұғалімдердің айналысатын технологиялары бойынша ғылыми-ізденушілік жұмыстарын жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылады. Арнайы тағайындалған координатолармен кездесу ұйымдастырылып, олармен бірлесе отырып алғашқы мониторингілік кесте құрастырылады. Құрастырылған мониторингілік кесте бойынша экспериментатор-мұғалімдар алғашқы бақылау мониторингісін жасайды. Мектептегі эксперимент жұмысының жүргізілу барысы
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A} № Жүргізілетін жұмыстардың жоспарыМерзіміКезеңіҚолданылатын әдістерҰйымдастыру формаларыКүтілетін нәтижеЖауапты адамЕскертуДайындық кезеңі Эксперимент тақырыбына сәикес теориялық материалды оқу,талдау,жүйелеу,үйренуҚаңтар маусым 20142014-2015 оқу жылының дайындық кезеңіКонференциялар, лекциялар,курстар,педогогикалық әдістерді оқып үйрену, АОМКДИ-мен байланыс жасауАОМКДИ әдіскерлерімен кездесу. Авторлармен, ғалымдармен кездесуПедогогикалық теорияны тәжірибеге енгізу әдістеріӘдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Экспериментті жүзеге асыру үшін шығармашылық және оқу- танымдық ұжым қалыптастыруға дайындық жүргізуАқпан мамыр 2014Ұжыммен жұмыс істеу, сауалдар құру, пікірталас, рейтингтер, диогностикаШығармашылық және педогогикалық ізденіс менеджер топтарыМектептің даму бағдарламасыЭксперттік топ мүшелері Эксперимент жүргізуге қолайлы жағдай тудыра отырып бағалау шкалаларыМамыр тамыз 2014Мұғалімнің шығармашылық зертханасы, оқу кабинетінің талапқа сай болуы, құжат іс- қағаздарды оқып үйренуМатериалдар мен мәліметтерді сараптауТұлғаға алғашқы қадамЭксперттік топ КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІНБАИ-ның директоры Мектеп директоры_________ Х.А.Дюсебаев _________Б.АБ.Абдилова Эксперименттік тәжірибе жұмысының перспективалық жоспары
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№Жүргізілген жұмстардың жоспары Мерзімі Кезеңі Қолданылатын әдістер Ұйымдастыру формалары Күтілетін нәтиже Жауапты адам Ескерту4Экспериментке алынатын сынып оқушыларымен жұмыстар жүргізіп күтілетін нәтижеге сараптама жасауМамыр – маусым 2015 МониторингСалыстыру,бағалау, жобалау, ұсыныс әзірлеу«Ізденімпаз оқытушы» бейнесіЭксперттік топ 5Экспериментке қатысатын оқушылар мен ата – аналардың дайындығын анықтау жұмыстарын жүргізунаурыз – мамыр 2015 Әңгімелесу, «Дөңгелек үстел» пікірталас, ойын - сабақтарАқпараттық кеңестерЭксперимент жайлы «күтілетін нәтиже» топтамасыПән мұғалімдері, сынып жетекшілері 6Жүргізіліп жатқан жұмыстардың көрсеткіштерін бағалау,сараптау, мониторингісін дайындаунаурыз – маусым 2015Параметрлері бойыншаКабинеттерді жабдықтауӨзіндік жұмыс істеу біліктерін қалыптастыруӘкімшілік 7Нәтижеге бағытталған оқу жоспары мен дамыту бағдарлама ларын жасаумамыр - тамыз 2015Бағдарлама әзірлеуСынақтан өткізуКешенді бағдарламалар жинағы Эксперттік топ
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A} №Жүргізілетін жұмыстардың жоспары Мерзімі Кезеңі Қолданылатын әдістер Ұйымдастыру формалары Күтілетін нәтиже Жауапты адам Ескерту8Экспериментке арналып жасалған бағдарламаны талдаумаусым 20152014-2015 оқу жылының дайындық кезеңі СараптамаларЖеке тұлға ретінде дербес, еркін қабілет үшін бағдарлама жасауМұғалімнің жеке қорытындысы, дамыту жоспарыЭксперттік топ 9Эксперимент жетекшінің әдістемелік нұсқау жүргізуітамыз 2015Семинарлар,кездесулер, іскерлік ойындар Шеберлігі шыңдалған, эксперимент жұмыстардан нәтиж күтетін ұжым қалыптастыру Практикалық кезеңі1Эксперименттің кешенді бағдарламасын жүзеге асыратын жұмысты бастауҚыркүйек 20152014- 2015,2015-2016 оқу жылдары Экспериментке қатысушылар кеңесіӨзін - өзі бағалау,тану, дамыту,басқару жүйесі Авторлық бағдарламаларМектеп әкімшілігі 2Оқу жоспары мен бағдарламаларын тәжірибеден өткізуІ жарты- жылдықЖаңаша икөзқарас пен инновациялық үрдістерді дамыту, білім беруде сапалылық көрсетуОқу - тәрбие үрдісінің қарқынын көрсету Білім берудің нәтижелілігіПедагогикалық ұжым
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A} №Жүргізілетін жұмыстардың жоспары Мерзімі Кезеңі Қолданылатынәдістер Ұйымдастыру формалары Күтілетін нәтиже Жауаптыадам Ескерту3Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін іріктеу,кесте жасауқыркүйек 2015 2015 – 2016, 2016 – 2017 оқу жылдары ТренингтерЖеке жоспарды зерттеуБілім беруде жаңашылдық орта қалыптастыруЭксперттік топ 4Жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бақылау жүйесін нақтылауқыркүйек 20115 Ақпараттық, аналитикалық материалдарСарапшылар кеңесңНәтижеге бағыттауЭксперттік топ 5Оқушының шығармашылық іс әрекетін қалыптастыруда диагностикалық әдіс – тәсілдерді пайдалануқыркйек 2015Ой бөлісіСарапшылар кеңесіОқу тәрбие үрдісіЭксперттік топ 6Эксперимент жұмысының бағалау параметрлерін нақтылау қазан 2015Аналитикалық талдау жасауСарапшылар кеңесіСараптамаЭксперттік топ 7Жаңа әдістеме лердің қолданылуына жағдай жасау, олардың ең тиімді пайдалану жолдарын кеңейтуқаңтар – маусым 2016Үлгілі жұмыстар қорытындысы, ашық сабақтар, тәрбие сағаттар, әр түрлі іс шараларАқпараттар, видеофильмдер дискілер әзірлеуЭксперимент тәжірибесін іске асырудың механизмі мен технологиясыӘдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№Жүргізілетін жұмыстардың жоспары Мерзімі Кзеңі Қолданылатынәдістер Ұйымдастыру формалары Күтілетін нәтиже Жауапты адам Ескерту8Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық потенциалдардың дамуы.қаңтар маусым 2016 2014 – 2015, 2015 – 2016 оқу жылдарыИнвоациялдық үрдістерді дамытуОқу – тәрбие үрдісінің қарқынын көрсетуБілім берудің нәтижелілігіПедагогикалық ұжым 9Оқушының жеке тұлғасын зерттеу картасын жасаунаурыз 2016Анықтамалар, сараптамалар, диагностикалауЭксперименттік топЖеке тұлғаны жан – жақты зерттеуСынып жетекшілері 10Кедергілерді жою және болдырмау жолдарықаңтар 2016Анықтамалар, сараптамаларЭксперименттік топКедергілерді жою шараларыЭксперттік топ 11Эксперименттің аралық нәтижелерін бақылау қорытындысын жинақтаунаурыз 2016 Кординациялық кеңесМатериалдарды әдістемелік басылымға жариялауЖан – жақты жетілген, шығармашылық іс - әрекетті қалыптасқан жеке тұлға дайындауӘкімшілік, пән мұғалімдерді, сынып жетекшілері
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№Жүргізілетін жұмыстардың жоспары Мерзімі Кезеңі Қолданылатынәдісі Ұйымдастыру формалары Күтілетін нәтиже Жауаптыадам Ескерту Қорытынды кезеңі -1Эксперимент нәтижелерінің мақсатына сәйкестігін анықтау барысында эксперимент жұмыстарын жан- жақты жүргізуқазан 2016 – наурыз 2017 2016 – 2017 оқу жылының І жартыжылдығыМониторингтер, анықтамалар, салыстырулар, сараптамалар Ғылыми кеңес мәжілісіҒылыми кеңес мәжілісіМектеп әкімшілігі, экспериментті ұйымдастырушылар 2Эксперимент қорытындысын жасаусәуір 2016Анықтамалар есеп беруЭксперименттік топтық кеңесЭксперименттік топтық кеңесЭкспериментті ұйымдастыру шылар 3Эксперимент нәтижесін жинақтаусәуір – мамыр 2016МодельдеуМектеп, ата – ана, мұғалім,оқұшы ынтымақтастығыМектеп, ата – ана, мұғалім, оқушы ынтымақтастығыЭкспериментті ұйымдастыру шылар 4Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін қалыптастыру жұмыстары бойынша нұсқау лықтар әзірлеп тәжірибеге енгізу 2016– 2017 ж.жЭксперименттік топ мүшелерінің пікірі, жетекшілердің жұмыс қорытындысыКонференцияКонференцияҒылыми кеңес экспериментті ұйымдастыру шылар мен мектеп әкімшілігі
Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты ғылыми кеңесінің 2010 жылы 14 қазандағы №5 шешімімен мектебіміз «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбы бойынша ғылыми-эксперимент жұмысы жүргізілетін мектептер қатарына енгізілді. Эксперимент «Оқушыларға нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру» мақсатымен жұмыс жүргізді. Жүргізілген эксперименттің нәтижесінде біріншіден, мұғалімдердің, оқушылардың қызметіне дифференциалды ықпалдастығы жүзеге асырылды, соның негізінде оқушлардың өзіндік білім алу траекториясы қалыптасты. Екіншіден, оқушылардың шығармашылық ерекшеліктері анықталып, өзіндік іс-әрекеті қалыптасты. Үшіншіден, оқушылар бойында ізденіс, білімге деген қызығушылық оянды, оқушының өзінің білім сапасын арттыру құштарлығы тұрақтанды. Төртіншіден, педагогтар мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің маңыздылығына қол жеткізілді.
«Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбында жүргізілген эксперимент кезіндегі шығармашылық тәжірибе алмасу семинары
ҚорытындыИнновациялық қызмет – мектептің инновациялық техникалық және технологиялық әлеуеті туралы мәліметтерді жүйелеу және талдау; бәсекеге қабілетті әзірлемелерімен қамтамасыз етілген «технологиялық дәліздерді» айқындау; зертханалық кешенін жаңғыртуды қамтамсыз ету; инновациялық технологияларды әзірлеу және тапсыру саласында зерттеу құрылымдарының өзара әрекеттістігін қамтамасыз ету.Ал, эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы;білім мекемесіндегі іздену жұмыстары; мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.Яғни, ол - даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар және білім саласында ізденушілер.Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді:Модификациялық- белгілі әдіс –тәсілдерді өзгеріске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету.Комбинаторлық- жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру. ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды)Радикалдық - (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау, бұрын –соңды қайталанбаған жоба.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдер қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, оқыту үдерісін технологияландыру, осыған сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізіп жаңа оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен тансу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер :ҚР-ның «Білім туралы» Заңы;ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;Оқыту технологиялары бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері;Озық педагогтар тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ұжымның өзіне тән жеке іс-әрекет тәжірибесі;Ғаламтор материалдары
Назарларыңызға рахмет!