П?НАРАЛЫ? БАЙЛАНЫСТЫ ТЕХНИКАЛЫ? П?НДЕРДЕ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП МОДУЛЬДІК О?ЫТУДЫ ?ЙЫМДАСТЫРУДЫ? ТИІМДІЛІГІ


Тугерова Галия Бердибаевна “Ақтау көлік колледжі М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар Академиясы” ЖШС ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП МОДУЛЬДІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ АннотациякіріспеМақсатыМіндеттерЗерттеу базасыЗерттеу объектісіНегізгі бөлімқорытынды Ұсынылған мақалда пән аралық байланыс қамтылған, оқытудың теория мен практика бірлестігі принциптері жүзеге асырылып, оқыту әдістемесінде жаңа технология-модульдік технология элементтері енгізілген. Пән аралық байланыстың негізінде модульдік әдісті қолдана отырып студенттердің білім көрсеткіші жоғарырады. Кіріспе Еліміздің жаңа ғасырда алдыңғы қатарлы 50 ел қатарына енуі жөніндегі жоспарын жүзеге асыру бәсекеге қабілетті, өздігінен шешім қабылдай алатын, теориялық білімді практикаға пайдаланатын білімді жас маман тәрбиелеуден басталады. Тек жоғары білім беруде ғана емес орта және кәсіптік білім беру жүйесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, жаңа технологиялар мен әдістемелерді кеңнен қолдануға жол ашты [1]. Қазіргі кездің ерекше шешімін таппаған мәселелерінің бірі- білім беру жүйесі дайындап ұсынған маман мен өндірістің жас маманға қоятын талаптары арасындағы сәйкессіздік. Осыдан келіп туындайтын мәселе біз дайындаған түлектердің жұмыспен толық қамтылмауы[2]. Бұл бағытта білім беру жүйесінде бірқатар жұмыстар да жолға қойылуда: кәсіптік-орта білім беруде дуальді оқыту технологияларының енгізілуі, кредиттік оқыту технологиясының элементтерін білім беруде енгізу және т.б. Алайда кәсіптік білім беру жүйесінде шешімін әлі де таппай келе жатқан мәселелер баршылық [3]. Біздің жағдайымызда атап айтсақ: Техникалық мамандықтарды таңдап, колледжге қабылданатын студенттердің білім деңгейінің төмендігі;Жас ерекшелігіне байланысты (9 сынып негізінде) көпшілігінің теориялық білімді практикаға қолдана білу дағдысының төмендігі;Пән бойынша бөлінген сағаттың көпшілігі практикаға емес, теориялық түсіндіруге амалсыз жұмсалуы;Осы айтылған мәселелерге байланысты көрсеткішінің төмен болуы;Осындай сұрақтарды шешу үшін арнайы пән болып табылатын «Гидравлика, пневматика және жылутехника негіздері» пәнін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы студенттеріне пән аралық байланысты негіз ете отырып оқытуды көздедік. Жұмыстың мақсаты пән аралық байланыстың негізінде модульдік әдісті қолдана отырып студенттердің білім көрсеткішін көтеру Осы орайда туындаған міндеттер пән аралық байланысты анықтау; пәндер интеграциясында модульдік оқыту технологиясы элементтерін қолдану; пәннің негізін ашатын функциональдық картасын жасақтау; студенттерді бағалау критерийлерін анықтау; тәжірибелік және дәстүрлі оқыту топтарының арасындағы білім көрсеткіштерін салыстыру; Осыны бағдар тұта отырып, химия, физика, гидравлика, пневматика және жылутехника негіздері пәндері қилысунда модульдік оқыту технологиясын пайдалану бағдарламасының жобасын жасақтау[4]. Пән аралық байланыс негіздері мен оны сипаттайтын блоктарды қысқаша келесі 1-сызбанұсқа түрінде ұсынамыз Зерттеу базасы және объектісі Зерттеу базасы: “Ақтау көлік колледжі М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар Академиясы” ЖШСЗерттеу объектісі: АиУ-9-13-1 және АиУ-9-14-1топтары Негізгі бөлім Қойылған мақсатты орындау барысында салыстыру мақсатында бір топты бағдарламаға сәйкес дәстүрлі әдіспен оқытамыз да, екінші тәжірибелік топты 1курстың өзінде-ақ химиядан элементтің электрондық құрылысын, ерітіндінің тығыздығы мен көлемі, массалық үлесін есептеу, мольдік массаны есептеу, жылу құбылыстарын т.с.с материалдарды меңгертуге көбірек көңіл бөлінеді. Физикадан газ заңдарын, термодинамика заңдарын, тереңірек оқытылады[5]. Студенттердің қызығушылығын арттыру, әрі өзіндік жұмыстардың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бағалаудың критерийлерін анықтадық. Бұл мақсатта студенттің қатысуы, сабақ барысындағы белсенділігі, үй жұмысын орындау сапасы, өзіндік жұмыстардың көлемі, күрделілігі, зертханалық жұмыстағы біліктілігі мен дағдысы, есеп беруі және мәнжазба дайындауы, тақырыптық слайдтар дайындап қорғауы ескеріліп, алған ұпайлар саны балдық жүйеде жинақталады[5]. Қорытынды Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:Тәжірибелік топтың білім көрсеткішінің жоғарлауы;Студенттердің пәнге қызығушылығы артып, өздігінен жұмысты орындауы жылдамдады, оған балдық жүйеде бағалау түрткі болды;Аудиториялық сабақ барысында теориялық материал беруден гөрі практикалық, зертханалық және есептер шығаруға жұмсалатын уақыттың арасалмағы артты;Жоғарыда көрсетілген мәселелер бүгінгі таңдағы бәсекеге қабілетті маман дайындауға ұсынылатын дуальді оқытуды жүзеге асыруға алғашқы сатысы ролін атқара алады. Қолданылған әдебиет Педагогика и психолгия высшей школы / отв .ред. М.В.Буланова – Топоркова – Ростов н/Дону, Феникс, 2002.-С.54-77Вазина К.Я. Саморазвитие человека и модульное обучение – Н. Новгород, 1991.-C.89-96Третьяков П.И., Сенновский И.Б. Технология модульного обучения в школе - Мн., Новая школа, 2011.-С98-156Управление образовательными системами. Учеб. Пособие / под.ред В.С. Кукушина – Ростов н/Дону,Март, 2003.-С56-69Сарсекеева Ж.Е., Стоева Л.Н К вопросу о развитии творческой самостоятельности студентов / Качество педагогического образования: проблемы и перспективы – А., КазНПУ им. Абая, 2004.-С160-165