«??зырлы??а ба?ыттал?ан о?ыту ?рдісінде бастауыш сынып о?ушыларыны? логикалы? ?абілеттерін дамыту» та?ырыбында мектеп жиналысына баяндама


«Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық қабілеттерін дамыту».«Ушанов орта мектебі »КММ Бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Арайлым

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ». Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.Соның ішінде бастауыш білім берудегі басты назар –оқушылардың логикалық дамуларына көзделуде.
Логика нені дамытады?ОЙЛАУДЫЗЕЙІНДІЕске сақтау қабілеттіҚиялдыШығармашылдық ойлаудыТіл байлықты



1 кезең – дайындық жұмыстары:Әдебиттермен танысып, сабақ барысында қолдану, ата-аналарға әдістемелік журналдар мен газеттердің тиімділігін түсіндіру,Пән аралық байланыстарды сабақ барысында қолданып, әр пәнді үйретуде оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытатын әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Ата-аналармен жұмыс:Ата аналарға-сыныпта балалары математика мен логика пәндерінде нені үйреніп шығатындарын айтып беру, өз қолдауларын күту; Балалардың логикалық ойлауларын дамытатын ойыншықтар алғызу, газет –журналдарға жазылу; Кейбір тапсырмаларды бірлесе орындау.

Логиканы дамытатын әдіс-тәсілдер:Ауызша оқу сабақтарында мәтіндер(ертегілер мен халық ауыз әдебиеттері) мен өлеңдерін жолын түсініп ой-елегіген өткізу.Табиғи, әлеуметтік жағдайлармен байланысы бар ойындар.Шешімдерін іздеуге арналған математикалық есептер мен тапсырмалар.Жұмбақтар. Сөзжұмбақтар. Логиканы нақты дамытуға арналған ойыншық түрлері.Жаттығулар жинағы Әр сабақта логиканы дамытатын әдістер қолданамынКонец учебного года Сабақтардың барлық кезеңдерінде логиканы дамытуға мән беремін Әртүрлі жағдаяттардың жауабын іздеу арқылы баланың ойлауы дамиды. Лото, дамино, құрастыру, шашки ,т.б ойыншықтарды қолданамыз.
«Алтын сандық» газетінің логикалық тапсырмаларын шешеміз Қорыта келгенде:Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;• Білімді, іскер, шебер болу керек;Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.Қазіргі оқушы:• Дүниетаным қабілеті жоғары;• Дарынды, өнерпаз;• Іздемпаз, талапты:• Өз алдына мақсат қоя білу керек; Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!