?ткен ша?. Жедел ?ткен ша? призентация
Қостанай облысы Науырзым ауданы Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташмағамбетова Гүлбану Жұмабекқызы Сабақтың тақырыбы: Өткен шақЖедел өткен шақ Мақсаты:Өткен шақтың жасалуы және түрі жайлы тереңінен түсінуге материалдар негізінде бағыт беру.Жаңа білімді игеру барысында білімнің түбіне терең үңіліп, өзінше ізденетін және сыныпқа жаңа идея ұсынып,өз ойын дәлелдей алатын тұлға қалыптастыру.Мұғалім берген білім бағытын өз бетімен дамыта алатын білімді,ізденімпаз тұлға тәрбиелеу. Сынып ахуалын қалыптастыру:І. “Арқадағы сурет” тренингі арқылы сынып ахуалын қалыптастыруТопқа бөлу: Түстер негізінде топқа бөлу:Ақылдың алты қалпағы негізінде бөлу Өткенді пысықтау негізінде кестені толтыру: № жұрнақтар Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ Болжалды келер шақ Мақсатты келер шақ 1 -а,-е,-й 2 -ар,-ер,-р,-с 3 -ып,-іп,-п,отыр,тұр,жүр,жатыр 4 -мақ,-мек,-пақ,-пек,-шы,-ші Эдвард де Боненің алты қалпағы негізінде жаңа сабақты меңгерту: “Ақылдың алты қалпағы” негізінде топтарға тапсырма: Ақ қалпақ\позитив\тақырып мазмұнын және пайдалы жағын түсіндіреді.- өткен шақ дегеніміз не-ережесін,түрлерін топтастыру арқылы тақтада көрсетеді,түсіндіреді. Сара қалпақ- тақырыпты жан-жақты талқылау ,әшкерелеу. Сары қалпақ- жедел өткен шақтың жасалу жолы,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын түсіндіру. Қара қалпақ- жағымсыз іс-әрекетті әшкерелеу.Қара қалпақ-129 жаттығудан жедел өткен шақты теріп жазып,талдау. “Ақылдың алты қалпағы” негізінде топтарға тапсырма: Қызыл қалпақ-ішкі сезім. Бұл топ жаңа тақырып бойыныша өздерін толғандыратын 5 сұрақ дайындап топтарға қояды. Жасыл қалпақ - оқушыШығармашылығы жайлы түсініктерін ортаға салады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін ортаға салады. Көк қалпақ-бақылаушы, бағалаушы. Әр топ жауабын тапсырмаларын орындаған соң бағалап,дұрыс бағыт-бағдар береді. “Ақылдың алты қалпағы” негізінде жаттығу жұмыстарын орындау: 128-жаттығу. Мәтіннен өткен шақта тұрған етістіктерді тауып, бір сөзге тақтада фонетикалық талдау жаса. 130-жаттығу. Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жаса және сөйлем құра. Бір сөйлемге тақтада синтаксистік талдау жаса. 129- жаттығудан етістіктерді теріп жаз. Ұлы Отан соғысы және “сатқындық” жайлы түсінік беріп кет. “Ақылдың алты қалпағы” негізінде жаттығу жұмыстарын орындау: 131-жаттығу.Сөйлемнен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықта. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса. Кластер не Венн диаграммасын құрып жауабын топтарға тақтада жазғызу. 131-жаттығу. Етістіктерді тауып, бір сөйлемге морфологиялық талдау жаса Критерийлер негізінде топтарды бағалау
№ Топ берілген тапсырмаларға нақты ,толық жауап берді Топ уақытты үнемді пайдаланды Жаттығу жұмыстарын нақты орындады. Талдау жұмыстарын қатесіз орындады. Рефлексия “Екі жұлдыз, бір тілек”Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін тілек, ұсыныстарын стикерге жазып оқиды,тақтаға іледі. Үйге тапсырма Ереже.Көркем әдебиеттен өткен шаққа 3 сөйлем жазып келу.