Конспект к уроку ?оры?тар, ?лтты? саяба?тар, ?оры?шалар.
Жумажанова Балганым ЗакарьяевнаГеография және тарих пәнінің мұғалімі, 2.02-4.05. 2014 ж «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы негізгі деңгейі бойынша сертификатталған. Сертификат: ІІ № 0006122 19.05.2014 ж Тақырыбы: Қазақстан қорықтары, ұлттық саябақтар, қорықшалар &54-55 Жоспар 1. Оқулықпен жұмыс2. Постер қорғау3. Венн диаграммасы4. Картамен жұмыс5. Кескінмен жұмыс Оқулықпен жұмыс 1-топ: Қорықтар2-топ: Ұлттық саябақтар3-топ: Қорықшалар Анықтама Қорық Қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтері, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысан ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақ Ұлттық саябақ Қорықтан айырмашылығы- туристер мен тынығушылар кіріп көруіне рұқсат етіледі Қорықша Табиғат нысандарының жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп, белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға болады. Венн диаграммасы 1 топ: Қорық пен ұлттық саябақ2 топ: Ұлттық саябақ пен қорықша3 топ: Қорық пен қорықша Картамен жұмыс Әр топ өз тапсырмасы бойынша нысандардың географиялық орнын табады Кескінмен жұмыс Қорықтарды кескінге түсіру Ашық сұрақтар Жылдан жылға өндірістер дамып келеді, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көп, егер «Қазақстанда табиғатты қорғау туралы Заңы» болмаса, осы әдемі табиғат қандай күйге ұшырар еді? Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстанның тұңғыш қорығы Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 20,7 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Қорықтың атауы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан көл Алакөлдің атымен аталған Алматы қорығы – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік қорық. Барсакелмес қорығы – Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық Қара сексеуіл Ақбөкендер Құлан ҮКІ Батыс Алтай қорығы – Шығыс Қазақстан облысында Батыс Алтай тау жоталарындағы таулы орманды альпі, субальпі, шалғындықтарының табиғат байлықтарын қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1992 жылы құрылған мемлекеттік қорық Қарағайлы орман Тундра құры Тау жартастары Тиін Қаратау қорығы – Республикамызда соңғы ашылған қорық. Ол 2004 жылдың 10 наурызында Үкіметтің арнайы қаулысымен ұйымдастырылған болатын. Қорықтың ашылуы үшін 30 жылдан астам уақыт керек болды. Өткен ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанның көптеген ботаниктері М.С.Байтенов, В.П.Голоскоков, Н.Х. Кармышева және т.б. тек осы қорық аумағында ғана кездесетін көптеген өсімдіктердің түрлерін сақтап қалу үшін осы қорықты ашу қажеттігі туралы ұсыныс жасаған болатын. Қаратау жоталары Альберт қызғалдағы Баялдыр өзенінің сарқырамасы Сұржылан Қаратау арқары Қорғалжын қорығы – Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. Қасқыр Теңіз көлі Әйгілі қоқиқаздар Марқакөл Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты – бағалы хайуанаттарды, құстарды және балық уылдырық шашатын өзендер арналары мен ормандарды табиғи қалпында сақтау. Наурызым қорығы – Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық Қорық даласы Бұлан Наурызым ормандары Дала қыраны Бірқазандар Үстірт қорығы – республикадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды Пайдаланылған әдебиет: Электронды канал:http\\www.gorygtar.kz Дайындаған: “Құрық селосының №6 орта мектебі” ММ тарих және география пәні мұғаліміЖумажанова Балганым Закарьяевна