Презентация ?ылыми жоба Жыл?ы малына ?атысты фт-ді? этном?дени у?ждемесі
Ғылыми жобаның тақырыбы:“Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі” жоба жетекшісі:қазақ тілі мұғалімі Абраймова Лаура Тлеугабыловна 7 «А» сынып оқушыларыСеріков Сұлтан және Утин Кирилл Мақсатымызқазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-тердің этномәдени уәждемелерін анықтау. Фразеологизмдер – тілдің мағыналық жағының көпғасырлық дамуының нәтижесі жылқы ұғымының мәдени, тарихи этнографиялық ,тілдік тб тұрғыдан зерттеу жайлы; жылқыға қатысты қалыптасқан ФТ-ң уәждік сипатыжасы мен жынысына қатысты уәждік сипаты;түр-түсіне байланысты уәждік сипаты;тегі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты уәждік сипаты;салт- дәстүр,наным- сенімге байланысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты;дене мүшелеріне байланысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты; Зерттейтін тақырыптар: Жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестер. Ат аунаған жерде түк қалады. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса етікпенен су кешер. Ат басындай алтын. Жаман адамға мал бітсе, жанына қоныс қондырмайды, жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпайды. Ат айналып қазығын табады. Есек тұяғын төсейді,Жылқы жалын төсейді. Жаман достан астыңдағы атың жақсы. Ат шаптырым жер. «Жасы мен жынысына қатысты уәжділік» Қарақұлақ болу Өркен тастау Құлыншақты желіге байлаудың екі шарты Қылаң дегені – ақ, боз, ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан, т. б. Баран дегені – қара, қоңыр, көк, жасыл, қызыл, күрең, жирен, торы, сұр, күлгін, құла, шабдар, сары, т.т.. “Түр-түсіне байланысты уәждік сипаты” «Қаракөк не жүйрікті алам, не берікті алам» деген мәтелден берік аттардың қаракөк түстен шығатынын байқаймыз. Сонымен қатар, халқымыздың тілінде жылқы малының түр-түсіне байланысты алалы жылқы, ақтылы қой, ала тайдай бүлдіру, ала айғырдан ала аяқ тумаса да, ала тұяқ туады, бір биеден ала да туады, құла да туады т.б. деген сияқты ФТ-терді кездестіруге болады. «Тегі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты уәжділік» тұғыр, қашыр, тарпаң, керқұлан, тұлпар,талау, мәстек, ақалтеке, сәйгүлік, пырақ, дүлдүл, қазанат, екітүгей, арғымақ, дөрбіт,тобышақ,текежаумыт Жорға түрлері: шалыс жорға т.б. жол жорға, су жорға, шайқалған жорға, тайпалған жорға, тұсау жорға, «Адам жылқы мінезді» тіркесі адамды жағымды жағынан сипаттайды. Мұнда көнбістігімен, өзінің күшін тез қалпына келтіріп алуға деген қабілеттілігімен ерекшеленетін адам сөз болып тұр. Жылқыға тән бұл қасиетті көшпелілер жақсы зерделеп, ұғына отырып, оны ең абзал қасиет ретінде адамның бойына ауыстырады. «Малға тәуелділігін қазақтар әр қас қағым сәтте сезініп отырады. Сондықтан өздерінің барлық әдет-ғұрып, салт-санасын малмен байланыстырып отырады» - дейді белгілі түрколог В.В.Радлов «Салт-дәстүр, наным-сенімге байланысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты». Дүниеге перзент келгенде «Ат қосшылы болдың ба? Қырық жылқылы болдың ба?» деп сұраған. Ат қосшы – ұл бала, яғни қасыңа ат қосшы болып жүретін ұл туылды деген сөз, ал қырық жылқы – қыз бала. Қыз баланың қалың малы салт бойынша жылқы малымен (47, 37, 27, 17, 9 жылқы) берілген. Сонда қыз туылса, әке-шешесіне қырық жылқы әкелетіндігі бұл фразеологизмге арқау болып тұр.Ат мінгізіп, тон кигізді (шапан жапты) фразеологизмі қазақ халқының қадірлі, сыйлы қонақтарға, құда-жекжаттарға жасайтын кәделерінің бірінің негізінде жасалған Киеңкі болғыр! Бұл фразеологизм тілімізде қарғыс мәнінде қолданылады. Мұндағы киеңкі сөзінің дәл мағынасын бұл күнде екінің бірі тап басып айтып бере алмайды. «Бүгінгі қазақ білетін киеңкі сөзі – жылқыда болатын құрт ауруының атауы, ал ауруды қара қаптал деп те атайды» дегенді қазақ тілінің түсіндірме сөздігі көрсетеді “Ауруларына қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты». Ала тайдай бүлдіру тіркесімен мінезі жаман, дес бермейтін, өзінің қызбалығын ұстай алмайтын, ұрысуға дайын тұратын адамдардың іс-әрекеті де сипатталады. Мұндай адамдар тез ашуланып, әр түрлі дау-дамай туғызады. Мысалы: Елді ала тайдай бүлдіріп, сені мұнша не қара басты, көк төбет (С.Омаров). Қорыта келе, жұмыста қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-терді тақырыптық-мағыналық жағынан топтастыру арқылы олардың жасы мен жынысына, түр-түсіне, сыны мен бабына, тегі мен табиғи ерекшелігіне, мінезіне, дене мүшелеріне қатысты ФТ-тердің этномәдени уәждемелері айқындалды. Қорытынды Назарларыңызға рақмет!!!