Сынып са?атыны? та?ырыбы: Т?рбиені? тамаша мектебі-отбасы


Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің 10«Г» сынып жетекшісі Юлдашева Туйғуной Хамракулқызы.Семинар сабақ Қарабұлақ -2016 жыл. Тақырып:Тәрбиенің тамаша мектебі-отбасы. (дөңгелек үстел)
Мақсаты:Ата-ананың бала тәрбисіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі,қолдауы,үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Міндеттері: Дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы ата- аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру, жағдаяттан шығу арқылы бала тәрбиесінде кезедесетін қиыншылықтардың алдын алу. Ата-ана--ұстаз– мектеп арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Баланы бағалауға, сезінуге,түсіне білуге баулу.Көрнекіліктер: нақыл сөздер,буклеттер,оқушылардың қолмен сызылған суреттер,қолөнер бұйымдары Отанға деген ыстық сезім ата-анаға, жақындарына,туған-туысқандарынаберген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Ә. Назарбаев
КезеңдерІІ кезең “Ой қозғау” (бейнебаян) ІІІ кезең “Жағдаяттық сұрақтар” ІҮ кезең«Сөз өнері – өлеңде»Ү кезең «Мен және менің балам» .ТестҮІ кезең ҚорытындыІ кезең «Маржан сөздер» І-топ «Берекелі отбасы»ІІ-топ «Бақытты жанұя»Топ ережесі:1.Сыйластық2.Ауызбіршілік3.Ойын ашық айту4.Басқаның пікірін тыңдай білу5.Тәртіп сақтау6.Жылдамдылық7.Өмірге деген құштарлық
І кезең «Маржан сөздер» сайысы.Күнделікті өмірде тәрбие құралдары ретінде пайдаланған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер,ырым-тыйым сөздер,жас ұрпақты ойшылдыққа адамгершілікке тағы басқа жағымды қасиеттерге тәрбиелеген. (Экранда аяқталмаған мақалдар берілген.Сіздер мақалды аяқтайсыздар) 1. Ата-ананың парызын, Өтеу сенің қарызың.2. Ұлға отыз үйден тыю, Қызға қырық үйден тыю3. Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер4. Әкесі қой баға білмегеннің, Баласы қозы баға білмейді.1.Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса Елінің малын жейді.2.Үйде бір күн ұрыс болса, Қырық күн ырыс кетеді.3. Құлақтан кірген суық сөз, Жүрекке барып мұз болады.4. Ата-анасын налытқан, Кім екенін танытқан. І-топ «Берекелі отбасы»ІІ-топ «Бақытты жанұя»








Халық қаһарманы,жазушы Б.Момышұлы: «Үш нәрседен қорқатыным бар»,- деген пікіріне назар аударсақ:1.Бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқаны.2.Немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқаны.3. Дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқаны. ІІ кезеңБейнебаянды тамашалап, пікірлеріңізді тыңдасақ.Назар аударайық. видео Әкешім-баға жетпес байлығымАнашым-өмір сыйлаған періштем.



Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды.


Отбасы - бұл әкенің патшалығы, ананың әлемі, сәбидің жұмағы...



ІІІ кезең «Жағдаяттық сұрақтар» Халқымыздың сан ғасырлардан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада», «Бала- қымбат, тәрбиесі-одан да қымбат» деген сөздерді көп естиміз. Баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса, дамыту,дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты парызы.Бала тәрбиесі қателікті кешірмейді,қателесуге қақымыз жоқ. І топ1. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?2. Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болады. Cіздің ұлыңыз машинамен шықпақшы болып уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрайды. Сіз не істер едіңіз? 3. Балаларыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз? 4. Бала үшін ата-анаңыз қайсысының беделі күшті деп ойлайсыз?Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты мынадай ой айтқан екен: «Балаға бір мәрте көңіл бөліп,тәрбие беру-бір сағат көлемінде садақа бергеннен де жақсы» ІІ топ1. Бір нәрсеге ашулы балаңыз немесе қызыңыз мектептен келе сала ашуланып «Құрысын ,мектеп, мұғалімдердің бәрі әділетсіз» деп сөмкесін лақтырып, күйіп-піседі . Сіздің әрекетіңіз ,айтар сөзіңіз?2. Балаңызға қандай жылы сөздерді жиі айтасыз?3. Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз? 4. Сіз балаңызды жақсы тамақтандырып, киіндіріп, ел қатарлы тәрбиелеп отырмын деп есептейсіз. Бірақ балаңыздың сынып жетекшісі үйге келіп, балаңыздың тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен, мектеппен байланысыңыз жоқ екендігін айтады. Сіз бұл туралы не айтар едіңіз? Қателік қайдан, кімнен болуы мүмкін? Балаңызға қалай ықпал етер едіңіз? Ұлың өсті ер жетті жігіт болып, Қызың өсті, бой жетті үміт болып. Мың алғыс ата – анаға біз арнаймыз, Өнерлі боп өссін, олар ақыл толып – деп келесі кезекті өнерге береміз. «Қол өнері - кілемде, сөз өнері - өлеңде»ІV кезең Өзіңізге ұнаған бір өлеңді мәнерлеп оқып беріңіз Тосын сый Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім? Өзіңіз ұнатқан әннің бір шұмағын айтып беріңіз. Жұмбақ жасырыңыз немесе мына жаңылтпашты шапшаң айтыңыз:Қызым жүзім же,Жүзім үзіп же. Ата-аналарға арналған тест «Мен және менің балам»Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі аса зор. Олар бала өмірінде «құрастырушылар, жобалаушылар және құрлысшылар» болып табылады. Бұл тест ата-аналарға бала тәрбиесіннің мәселелерін толықтырып, анықтауға көмектеседі.Жауаптар: А)Болуы мүмкін бе? В) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын. С) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.
Тест1. Кез-келген уақытта барлық жұмысыңызды тастап, бала тәрбиесімен айналыса аласыз ба? АВС2. Балаңыздың жасына қарамай әр түрлі мәселемен бөлісе аласыз ба? АВС3. Балаңыздың қателерін айта аласыз ба? АВС4. Өзіңіздің қателегіңіз үшін балаңыздың алдында кешірім сұрайсыз ба?АВС5. Балаңыз сізді ашуландырса, өз-өзіңізді ұстай аласыз ба? АВС6. Өзіңізді балаңыздың орнына қойып көрдіңіз бе? АВС7. Бір минутқа болсын өзіңізді сиқыршы болып елестете аласыз ба? АВС8. Баланың көңіліне келетін ауыр сөздер айта аласыз ба? АВС9. Балаңызды арманын оның жақсы тәртібі үшін орындай аласыз ба? АВС10. Балаңыз үшін бір күнді бөліп, оның қалағанын, ойына келгенін істете аласыз ба? АВС11. Балаңыздың өтінішіне, көз жасына, еркелігіне шыдай аласыз ба? АВС12. Өзіңіздің әділетсіздігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба? АВСЖауаптар: А)Болуы мүмкін бе? В) Жасай алам және әрдайым соны жасаймын. С) Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын. Жауап «А» болса онда - 3 ұпай, «Б» болса онда – 2 ұпай, «В» болса онда – 1 ұпай.Егер сіз 27-ден – 36-ға дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз үшін балаңыз өміріңіздің мәні де сәні. Сіз балаңызды тыңдап қана қоймай, оны түсініп, оған сыпайылықпен қарап, ылғи да оны қолдап, сіз балаңызды тәрбиенің озық ұстанымдарын ұстайсыз. Басқа сөзбен айтқанда сіз дұрыс істейсіз және бұдан жақсы қорытынды шығады деп сеніңіз.Егер 13-тен 27-ге дейін ұпай жинасаңыз. Сіз үшін бала қамқорлығы маңызды болып санала ма? Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті болғанмен сіз оны аса қолданбайсыз. Сіздің тым қатал немесе ақкөңіл болғаныңыз бен, жүргізетін тәрбие жұмысына кедергі жасайды. Бала тәрбиесіне шын көңіл бөлу үшін аса ойнануыңыз қажет.Егер 13 ұпай болса. Сізде баланы тәрбиелеуде үлкен қиындықтар туындайды. Балаңызды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге қабілетіңіз немесе мұршаңыз жоқ. Мамандардың және педагогтар мен психологтың кеңесін алуыыңыз қажет немесе жанұя тәрбиесі туралы мақалаларды оқуыңыз керек.Тест қорытындысы
Ана деген жылылықАна деген мейірім.Баланың да тірегіДананың да тірегіШаншымасын ешқашанАналардың жүрегіҚымбатты аналар !Сіздерді көктемнің ең көрікті мерекесі 8-Наурыз Халықаралық әйелдермерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
ҚорытындыӘрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,қуаныш,береке,бақыт тілей отырып «Баланы беске дейін патшаңдай көтер, он беске дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сыйла»,- деген керемет ұлағатты сөзбен «Тәрбиенің тамаша мектебі-отбасы» атты дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз. Құрметті қонақтар, ата-аналар,әріптестер, оқушылар. Ізгі ниетпен коучингке қатысып, ұшқыр да ұтқыр ойларыңызбен ынтымақтастықта бірлесіп, қолдау көрсеткендеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Мың да бір рақмет! НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз