Саба? жоспары. Жалпа? ??рттар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері


Меркі ауданы№7 орта мектебіБиология пәнінің мұғаліміТурганбаева Жанат Амандыковна Үй тапсырмасын тексеру: Ішекқуыстыларға тән негізгі ерекшеліктерді белгіле: ИӘ ЖОҚ Дұрыс пікірлерді ата Көпжасушалы жәндіктер Денелері екі жақты симметриялы Үш қабаттан тұрады Регенерация құбылысы дамыған Жүйке жасушаларынан жүйке торы түзіледі Екі қабаттан тұрады Мезодерма пайда болады Денелері сәулелі симметриялы Орталық және шеткі бөліктерден тұратын жүйке жүйесі бар Қорек қалдығын шығаратын тесігі болмайды Қандай жасушалар эктодерманы, ал қайсылары энтодерманы құрайтынын анықта. Эктодерма Энтодерма 1 2 3 6 7 8 4 5 Атпа жасушалар; 2) Жүйке жасушалары; 3) Аралық жасушалар; 4) Безді жасушалар;5) Асқорыту жасушалары; 6) Жыныстық жасушалар; 7) Тері-бұлшықет жасушалары; 8) Сезімтал жасуша. Сабақтың тақырыбы: §42. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жаңа сабақты баяндау кезеңі: Жалпақ құрттардың 15000-дай түрі белгілі. Олар 3 класқа жіктеледі: 1. Кірпікшелі құрттар, 2. Сорғыш құрттар, 3. Таспа құрттарЖалпақ құрттардың пайда болуын протерозой заманына жатқызады және үлкен ароморфоздардың пайда болуымен айқындалады. Анықтамалар мен терминдермен жұмыс: Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталады. Мезодерма (грекше «мезос» - аралық, + «дерма» - тері) – ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығындағы аралық жасушалы қабат. Гельминтология (грекше «гельминс» - құрт, ішекқұрт, «логос» - білім) – зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін ғылым саласы.Паразиттік түрлерінің дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс сірқабық қаптайды.Эндопаразиттер - ағзалардың ішкі мүшелерінде өмір сүретін паразиттер.Эктопаразиттер – ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік етеді. Константин Иванович Скрябин (1878-1972жж.) Әйгілі гельминтолог, академик, Социалистік Еңбек Ері (1957), Лениндік (1957), Мемлекеттік сыйлықтарының иегері. 1907-1911 жылдары Әулие-атада (қазіргі Жамбыл қаласы) мал дәрігері болған. Ол ғылыми еңбегін ішекқұрттарды зерттеуге жұмсаған ғалым. Өз шәкірттерімен бірге 300-ге жуық гельминтологиялық экспедициялар ұйымдастырып басшылық жасады. Ол ішекқұрттарды жою және ішекқұрттары ауруларын болдырмау шаралары туралы ілім жасады. Жалпақ құрттардың ерекшелігі: Көпжасушалық және дененің үшқабатының қалыптасуы: экто, энто – мезодерма, тері-бұлшықет қаптың түзілуі;Әр түрлі жасушалардың пайда болуы;Екіжақты симметриялы;Дененің алдыңғы бөлігінің пайда болуы, сезім мүшелерінің (көру, иіс сезу, дәм сезу) қалыптасуы;Жүйке жүйесінің дамуы, өзара тығыз байланысқан жүйке өсінділерінің пайда болуы;Ас қорыту жүйесінің қалыптасуы, олар алдыңғы, ортаңғы бөлімдері бар қуысты ас қорытуды қамтамасыз етуі;Протонефрид деген жеке жасушалардан тұратын зәршығару жүйесінің пайда болуы. Бұл бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе; Барлығында қантарату және тыныс алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады; Тұрақты жыныс жүйесінің – жыныс бездерінің қалыптасуы. Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит) Ақ сұлама – еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құртДенесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатадыАқ сұлама суда кірпікшелерінің көмегімен еркін жүзе алады Сақиналы бұлшықеттер – сыртқы қимылды реттейді.Қиғаш бұлшықеттер – аралық қабат қимылын реттейді.Бірыңғай салалы бұлшықеттер – ішкі қабаттағы қимылын реттейді. Жыныс жасушалары Мезодерма Энтодерма Эктодерма Ішек қуысы Сақиналы бұлшықеттер Қиғаш бұлшықеттер Зәр шығару жүйесі Жүйкелік созынды СҰЛАМА ДЕНЕСІНІҢ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІНДІСІ: Жұлдызша тәрізді түтікшелер Жүйке жүйесі – дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады.Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар. Сипап – сезу сезімталдығы едәуір арта түскен. АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ Ішек Жұтқыншақ Ауыз қуысы Жалпақ құрттар — гермафродиттер.Әр дарасында аталық және аналық жыныс бездері — гонадалары бар. Бірқатар дернәсілдік сатылардан өтеді.Планария жұмыртқадан дамып піллә түзеді. Ол жынысты да жыныссыз да жолмен көбейеді. Сұламаның жұмыртқалары Бауыр сорғыштар класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі-аузында, екіншісі - бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып , бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі. Төрт түлік әсіресе қой мен сиыр ылғалды жайылымда жайылған кезде оттыға алмай, денесі қызып, ісініп, арықтау салдарынан бауыршірік ауруына(ғылыми атауы-фациолез) шалдығады. Мұндай аурумен ауырған малдың өліп қалуы жиі ұшырайды. Сондай малдың ішін жарып, қарасақ, оның бауырының кішірейіп, өт өзегінің кеңейгені бірден көзге түседі. Өт өзегінің кеңейген жерін жарып қарасақ, ауруды тудырушы паразит - бауырсорғыш деп аталатын құрт шығады. Демек бауырсорғыш мал бауырында тіршілік етеді. Таспа құрттар класы Дененің сыртын сірқабық қаптайды. Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіп, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады. Көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды. Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен құралады. Таспа құрттардың ерекшеліктері: Таспа құрттар және олардың бас бөлігінің құрылысы Сіз білесіз бе? Паразит құрттардың (ішқұрт) ең ірісі – көк киттер мен кашолоттардың ішегінде өмір сүретін таспа құрттар немесе цепендер екен. Кошолот ішегінен алынған цепендердің бір данасының ұзындығы 30 м болыпты. Сөйтіп оның ұзындығы өз иесі - кашалоттан асып түскен. Адам денесінде паразиттік тіршілік ететін, ұзындығы 15-20 метр жалпақ қияққұрттың 3000-4000 буылтықтары болады екен. Кестеге жалпақ құрттар типі қандай кластарға бөлінетінін жазжәне әрбір класқа тән ерекшеліктерді ірікте. Кластары Кірпікшелі құрттар Сорғыш құрттар Таспа құрттар 1 3 4 8 9 2 5 6 7 2 7 10 11 Сорғыштары мен жабысып алатын қармақшасы жоқ;Даму айналымы күрделі, иелерін ауыстырып отырады; Сулы ортада тіршілік етеді, еркін жүзіп қимылдайды;Үлкендерінде сезім мүшелері дамыған;Денесі жапыраққа ұқсайды;Әдетте ауызында және құрсағында сорғыштары болады;Адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін жәндік.Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталған;Ас қорыту мүшесі бар;Денесі ұзын таспа тәрізді, дене мүшелеріне бөлінбейді;Ас қорыту мүшелері болмайды. Үйге берілген тапсырма: §42 (оқу), Кестені толтыру. Құрттар кластары Сыртқы құрылысы Қоректенуі Ішкі мүшелерінің құрылысы Көбеюі Дамуы Кірпікшелі құрттар класы Сорғыш құрттар класы Таспа құрттар класы