Де?гейлеп о?ыту ба?дарламасыны? ?діс- т?сілдері ар?ылы ?аза? тілі мен ?дебиетінен білім сапасын арттыру
КЕМБРИДЖ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МОНИТОРИНГІ ДАЙЫНДАҒАН: АЛҒА АУДАНЫ, ТАМДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ЕСЕНОВА ДАМИРА БАЛТАБЕКҚЫЗЫ АЛҒА АУДАНДЫҚ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕМИНАРЫstyle.colorfillcolorstroke.colorfill.type
Ұстаздың биігі, ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді; қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң- артыңда тұрғандай» деп Сократ айтқандай, егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылуда. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау- білім сапасының артуына бірден- бір себеп. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс- тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршін- ертең ел тағдырын шешетін азамат. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету-мұғалімнің басты міндеті.
«Өмір бір орында тұрмайды, уақыт өткен сайын жаңа талаптар пайда болады» деген Елбасының сөзі мұғалімдердің жаңа міндеттерді шешуге әзір болуын талап етеді. Осындай өзгерістердің бірі- оқытудағы Кембридж бағдарламасы. Мен 2012-2013 оқу жылында 3 айлық курста біліктілігімді арттырдым. Курстан келген соң, жаңа оқу жылынан бастап алдыма мақсат қойдым: «оқушыларды өз беттерінше ізденіп, сапалы білім алуларына ықпал ету, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру». Міндеттер:- Әр сабақта Кембридж бағдарламасының жеті модулін ықпалдастыра білу;- Тоқсан сайын оқушы жетістігінің өлшемін бақылау.- білім сапасын бақылап отыру.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт».өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.Топтық жұмысОқушы бірлесіп жұмыс жасауда бірінің білмегенін екінші айтып, бірін- бірі оқытады. Топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Өзін бағалау және өзгені бағалау Білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады. Бағалау- тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.
АКТ құралдары - сабақтың ешбір көрнекі құралсыз жұтаң өтуі де оқушының қызығушылығын төмендетеді. Электронды оқулықтар, түрлі видеороликтер, интернет желісі, интербелсенді тақтаны қолдану құр сөзден қызықтырақ.
Оқушылардың көшбасшылық қырынан танылуы
Тоқсан бойынша оқушы жетістігінің өлшемі
Күтілетін нәтижем төмендегідей: Оқушылардың сыни ойлауы дамиды;Өзін- өзі бағалауды және өзгені бағалауды меңгереді;Ақпараттық- коммуникациялық технологияны тиімді қолданады; талантты- дарынды оқушылар көзге түседі; оқушылар көшбасшылық қырынан танылады; білім сапасы артады. бүгін сіздерге өзім сабақ беретін 7 «а» сыныбының жоғарыда аталған міндеттер бойынша бір жыл ішіндегі қозғалыс мониторингін ұсынамын.
Оқушылардың топта белсенді жұмыс жасау қозғалысыСыныпта барлығы- 16 оқушы
Өзін- өзі бағалауды және өзгені бағалауды меңгеруі
АКТ- ны тиімді қолдана білуіАктивстудиомен жұмыс, ғаламтор мәліметтерін пайдалану,т.б.
Өз ойын дәлелді жеткізе алады
Психологиялық тренинг арқылы басталып, оқушылардың еркін жұмыс жасауына, өз ойын ашық айтып, өзгенің жұмысына сын көзбен қарайтын оқушылар – қай кезде де білімнің биігінен көрінері сөзсіз. Кембридж бағдарламасының жеті модулі ықпалдасқан сабақтар берілетін білімнің сапасын арттырып қана қоймай, оқушының әр сабаққа деген қызығушылығын тудырып, ынта ықыласын жақсартады, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Шәкірттерінің білім деңгейін заман ағымы мен талабына сай жоғарылату үшін оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, үнемі ізденуден жалықпайтын, талаптанудан шаршамайтын, жаңа әдісті меңгерген ұстаз қай уақытта да жемісті де нәтижелі еңбек ете алады. «Білекке сенген заманда есемізді бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік!» -дегендей құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен қарай отырып, болашақ үшін аянбай еңбек етейік, сауатты да салауатты азаматтарды тәрбиелейік.