Презентация по казахском языке ?зі?е деген сенімділік.О?ушылар?а тілек
@Барлық өмірлік жұмыстарыңда Саған КҮШ-ҚУАТ тілеймін! Біз көп ретте қолда барымызды ойламаймыз, қайта жоқ нәрселерімізді көбірек ойлаймыз Бәрі бітті деп қайғырма, қайта менімен осылай болды деп қуан! Жоспарың дәлірек болса, тағдыр жолың күрделірек болады,мойыма! Не нәрсе болса да, ол белгілі бір себептермен болады. Көп нәрсені күтпе, өйткені өмірдің кереметтері күтпеген кезде болады Сенің ең бір керемет сәттерің – сенің жаныңда көп шуыл болғанда емес, сенің жаныңда тыныштық болғанда! Өмірлік жолдағы өте қиын анықталатын екі нәрсе: қандай көпірден өту керектігі және қандай көпірге жоламау керектігі Адамдардың көпшілігі сені сыртқы бейнең арқылы таниды, баға береді, ал ішкі дүниеңе үңілетіндер өте аз! Кімде-кім осы сәтке дейін орындалмаған нәрсесіне қол жеткізгісі келсе, ол осы уақытқа дейін орындамаған нәрсесін жасауы қажет! Ертеңге жоспар жаса, бірақ бүгін өмір сүр! Махаббат екі адамды өмір бойы бір-біріне қарап отыр демейді, екеуі бір бағытқа қарауын тілейді Өмір сүру – шимайламай сурет салу ӘРҚАШАН СЕНДЕ БОЛСЫН: АУА - демалу үшін,ОТ - жылыну үшін,СУ – ішу үшін,ЖЕР – онда өмір сүру үшін... ଁo Әрбір сәтің табысты болсын!