Абай туып-?скен орта (4 класс)
Сабақтың тақырыбы: Абайдың туып-өскен ортасы Сабақтың мақсаты:1. Абайдың туып-өскен ортасы, ата – тегі туралы таныту Сабақ түрі:Жаңа сабақты меңгерту Сабақ әдісі:Әңгімелеу Көрнекілігі:Абай суреттері, интерактивті тақта, слайд Сабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын сұрау:Сұрақ-жауап б) Жаңа сабақты түсіндіру: А.Құнанбаевтың ата-тегі туралы таныту Абай – Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Ақынның арғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді үш ұрпақ тарайды. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара ана балаларына:«Шынжыр балақ, шұбар төс ЫрғызбайымТорпақ жалды тор айғыр Көтібағым.Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,Сірә да оңбас Торғайым», - деген сипаттама берген.Анасы айтқанындай, ортасынан оза шауып, ел басқарған Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады. Құнанбай мен Ұлжаннан Абай туған. Ұлы ақынның ата – тегін тірек-сызба арқылы көрсету. Ұлы ақынның ата-тегі Олжай батыр Айдос Қайдос Жігітек Ырғызбай Көтібақ Топай Торғай Үркер Мырзатай Жортар Өскенбай Айдос Ырғызбай Өскенбай Құнанбай Абай Абайдың әкесі Құнанбай Абайдың өз үйінде отбасымен түскен соңғы суреті. Солдан оңға қарай, алдыңғы қатарда: Бәкизат Ақылбайқызы, Тұрағұл Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы. Екінші қатарда: Абай, Еркежан, Кәмалия Әубәкір әйелі. Үшінші қатарда: Мағауия Абайұлы Жас Абай Жас Абай Абай білім алған Ахмет Риза медрессесі Абайдың жастық шағы Құранның ескі қолжазбасы. Құран. Абай оқыған кітаптар Бекіту: Қайталау сұрақтарыҮйге тапсырма:Ақынның ата-тегін біліп келу