Есептеуіш ж?йені ба?дарламамен ?амтамасыз ету п?нінен Компьютерді? сырт?ы жады. А?парат тасуыштар, Иілгіш ж?не компакт дискілер, Дискжетек, Cd-rom та?ырыбына к?рме (презентация).


КОМПЬЮТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЖАДЫ.Ақпарат тасуыштар.Иілгіш және компакт дискілер.Дискжетек. Cd-rom.Есептеуіш жүйені бағдарламамен қамтамасыз ету8 топ І курс Сабақ № 9Тақырыбы

Компьютер жады не үшін қолданылады? Әрине ақпаратты сақтау үшін. Компьютер жады екіге бөлінеді. Сыртқы және ішкі. Сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға, ал ішкі жады уақытша сақтауға қолданылады. Ішкі жадының өзі жедел (ЖЖҚ) және тұрақты (ТЖҚ) болып бөлінеді. Жедел жадыдағы ақпарат компьютер өшкенде тазарып отырады. Ал ТЖҚ-дағы ақпарат өзгертілмейді және үстіне жазылмайды. Онда бағдарламалық және анықтамалық ақпараттар компьютерді шығарған жерде жазылып жіберіледі. Ал сыртқы жады мынадай тасуыштарда орналасады: магниттік диск, магнитттік таспа, лазерлік диск және флэшка.Магниті дискілерге қатқыл диск (винчестер) мен иілгіш диск (дискета) жатады.

Ақпарат тасуыштар.Иілгіш және компакт дискілер.Дискжетек. Cd-rom.Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер).Иілгіш диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагниттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған.Құрылымы: Тығыздығы жоғары идентификатор, Жазудан қорғау терезесі (ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған) , Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі (қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін), Дискет таңбашасы (дискет мазмұнын жазып қоюға арналған).Иілгіш дискіден оқу және жазу үшін дискжетек қолданылады. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге тасу және сақтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде үш дюймді дискжетектер 1,44 МБ жазуға мүмкіндік береді. Дискетаны бірінші рет қолданар алдында оны форматтау керек. Бұл арнайы бағдарлама көмегімен орындалады. Кейбір өндірушілер дискетті форматтап шығарады. Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер - бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу-жазу механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы.Қатқыл магнитті дискілерде бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады. Жинақтауыштың электромагниттік бөлігі шаң тимеуі үшін, герметикалық корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылған және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.Магнитті дискіде ақпараттар магниттік бетке, концентрлік шеңбер тәрізді жолдарға орналасады. Яғни жолшықтар дегеніміз – бұл концентрлі шеңберлер, онда ақпарат орналасады.Радиусы бірдей жолшықтар дискінің екі жағында орналсады да, цилиндр деп аталатын деректер аймағын құрайды.Жол нөлден бастап нөмірленеді. Әр жолда ақпарат порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция саны бірдей болады. Әр түрлі жолдардағы бірдей нөмірлі мәліметтер жиыны сектор деп аталады.Ақпарат тасуыштар.Иілгіш және компакт дискілер.Дискжетек. Cd-rom. Ақпарат тасуыштар.Иілгіш және компакт дискілер.Дискжетек. Cd-rom.Компакт – дискілер – металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небары 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 700 МБ ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін қорғайтын арнайы қаығы жоқ, сондықтан оларды арнайы орауышта сақтайды. Оның негізгі бөлігі шағылдырушы қабат, оның асты түссіз пластикпен жабылған, желіді қабат үстіне жабылып оған түрлі-түсті суретпен түссіз пластик жабылған.Компакт дискілердегі ақпаратты оқу үшін арнайы дискжетектер CD-ROM қолданылады. Олар сонымен бірге аудио компакт дискілерді де ойната алады. Қазіргі таңда тек оқып қана қоймай лазерлік дискілерге жаза алатын да дискжетектер қолданылады. Жад құрылғысыКомпьютерде қолданылуы мүмкінЖазу үшінОқу үшінАқпаратты компьютерден компьютерге тасу үшінЖедел жадҚатқыл дискДискетТЖҚ-ның микросхемасыКомпакт-дискФлэшкаАқпарат тасуыштар.Иілгіш және компакт дискілер.Дискжетек. Cd-rom.Компьютердің жад құрылғысының әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге «+» таңбасын қой. Кроссвод13245678109111312141516Тігінен:1. Қатқыл диск3. Ақпаратты сақтайтын құрылғы.4. Бір шеңберде орналасқан және байтарды сақтауға арналған диск бөлігі. 6. Компьютердің бөлек құрылғыларының арасында деректер беруді бақылайтын микросхема.10. Басу құрылғысы.11. Қол манипуляторы.13. Әр түрлі жолшықтағы бірдей номерлері бар деректер жиыны.14. Монитор экранындағы бір нүкте.Көлденеңінен:2. Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы.5. Иілгіш диск.7. Сегіз биттен тұратын топ.8. Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кеңарна (магистраль).9. Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы.12. Компьютер «миы».15. Компьютер жадына графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.16. Иілгіш дискілермен жұмыс істеуге арналған құрылғы Назар аударғандарыңызға рахмет!