Информатика ?леміне саяхат


Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру.Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.3. Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу. Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар. Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады. 1 кезең: «Сәттілік» 2 кезең: «Шешімін тап»3 кезең: «Кім жылдам»4 кезең: «Тапқыр достар»5 кезең: «SMS»6 кезең: «Жорға» Алдағы біз баратын бағыт анық,Озат жан екеніңді тағы танытИнформатика әлеміне аяқ басып,Компьютер тілінде біз жарысалық. 1 кезең: «Сәттілік» Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын айтады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай. Операциялық жүйе Бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. 10 процессор Компьютердің ең басты бөлігі, «миы» 9 4 Электронды-есептеуіш машиналардың қанша кезеңдері бар. 8 принтер Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы 7 Caps Lock Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі 6 колонка Дыбыс шығару құрылғысы? 5 жүйелік блок, пернетақта, монитор Компьютердің ең негізгі құрылғылары? 4 3072 байт 3 Кбайтта неше байт бар? 3 сақтау, алмасу, өңдеу Ақпараттық процестер? 2 8 1 байт неше биттен тұрады? 1 Жауаптар Сұрақтар № Paint Сурет салуға арналған бағдарлама 10 монитор Адам денсаулығына ең қауіпті компьютердің қандай құрылғысы 9 F12 Мәтінді жылдам сақтау пернесі 8 Delete Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне 7 корзина Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады 6 Delete, Backspace Жою пернелері 5 файл Аты бар бірқатар байттар тізбегі 4 1024 1 Кбайт қанша байт? 3 компьютер Ақпаратты іздестіруге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және пайдалануға арналған құрылғы 2 пробел Бос орын қалпына келтіру пернесі? 1 Жауаптар Сұрақтар № 2 кезең: «Шешімін тап»Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың топ басшысы ойынды бастайды. Топ басшылары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 1ұпай. 1-топтың жұмбағы: 1) Батырманы басасың, Қажетіңді ашасың. («Еnter» батырмасы) 2) Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек (Монитор) 1-топтың жұмбағы: 3) Компьютермен енеді, Қағазға басып береді. (Принтер)4) Компьютеріңз ауырса, Қызметі дайын үнемі Кірген зиян залады, Күмәнсыз ол кетірер. (Антивирус) 2-топтың жұмбағы: 1) Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан (Тасымалдаушы дискілер)2) Әуез сазды беретін, Ол да керек құрылғы, Дыбыс шықса тосыннан, Бәрің соған бұрылдың. (Колонка) 2-топтың жұмбағы: 3) Бар нәрсеге жетік Миы күшті тетік Ол арқылы сөйлесіп Кетесің шетелге де өтіп. (Компьютер)4) Әдетте үнсіз тұрамын Белгі берсең ұғамын Жазуы бар қағаздың Құралы боп шығамын (Принтер) 3 кезең: «Кім жылдам»Бұл кезеңде екі топқа М, Д, П әріптері таңдау арқылы беріледі. Таңдаған әріптен басталатын информатикалық сөздер жазу керек. Қайсы топтан көп жазады, сол жеңіске жетеді. М Д П Модем, монитор, маркер, меню, микропроцессор, микрофон, масштаб, меңзер, мәтін т.б. Диск, дискжетек, дискета, драйвер, дисковод, диспетчер, диаграмма, документтер, деректер т.б. Процессор, программа, принтер, пернетақта, перне, пиксель, паскаль, процедура,пайдаланушы т.б. 4 кезең: «Тапқыр достар»Сайыстың шарты: Бір бала компьютерде жұмыс істегендігі жайлы әңгіме жазыпты. Әңгімені оқып, неше қате жібергенін анықтаймыз? Мен компьютерде жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын. Дұрыс құрылған мәтін Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты іске қосамын. Пернетақтамен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, Paint графикалық редакторын іске қосып, карандашты пайдаланамын. Ал мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз саламын. Колонка арқылы әндерді тыңдап. «Әндер» деп аталатын бумада құжаттарды сақтаймын. 5 кезең: «SMS»Әр топ бір сұрақтан жазып, қарсылас топтарға жібереді. Қарсылас топтар оған жауап жазып, қайтадан өздеріне қайтарады. Сұрақ жіберген топ дұрыс жауап берген топты анықтайды. Ал қанекей «Жорға» кезеңін бастайық.Тізгінді босатып сәл тастайық.Жорғалап сұрақ келіп қалса егер,Берейік жауап қасқайып 6 кезең: «Жорға»топбасшылар сайысыШарты: Сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр сұрақ 1 ұпайдан бағаланады. І топқа:Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? Принтердің қызметі? Ақпаратты шығару құрылғысы? 1 сағатта неше секунд бар? 1Кб неше байт бар? Мәліметтерді енгізу құрылғысы? Еңгізу құрылғыларына не жатады?Жылдамдықтың өлшем бірлігі? 1 кг темір ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? Барлық адам кімнің алдына барғанда бас киімін шешеді? ІІ топқа:Вирустарға қарсы программа? Жүрілген жолдың өлшем бірлігі? 1 кг темір ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма?Графиктік редактордың аты? Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы? Жердің серігі не? Қандай шелекке су құюға болмайды? Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама? 1 кг да неше грамм бар? Радиодан берілетін хабар ақпараттың қай түріне жатады?