Презентация. ?ылыми жоба.Та?ырыбы:Фразеологизмдер,шы?у т?ркіні мен м?нісі
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:Фразеологизмдер, жасалу жолдары мен мәнісі Ғылыми жұмыстың зерттеу объектісі – фразеологизмдер, шығу төркіні мен мәнісі, басқа тілдердегі фразеологизмдермен салыстыра отырып зерттеу болып табылады. Зерттеу пәні – қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеген көптеген ғалымдарға, олардың еңбектеріне нақты тоқтала отырып, оларды нақты мысалдармен дәлелдеп, олардың пікірлерін қарастырады.Оқушылар зерттеулерінде аясы тарылуға айналған сөздер, тұрақты тіркестерді мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп баққан. Зерттеу жұмысының дәлдігін, нақтылығын, өзектілігін, тақырыбын аша білген. Мақсаты – қазақ тіліндегі фразеологизмдер, олардың мағыналары, шығу төркіні мен мәнісі, түркі тілдес халықтардың фразеологизмдерін бір-бірімен салыстыру арқылы сараптау және нақты қорытынды жасау. Тұрақты сөз тіркестері – тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп, бір ғана мағына беретін сөздер.Жалпы тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерін фразеологизмдер дейміз. Мысалы: ит тұмсығы өтпес ( қалың, ну ); қоян жүрек ( қорқақ ); беті бүлк етпеу ( ұялмау ). Тұрақты сөз тіркестері идиома және фраза болып бөлінеді. Идиома – тіркес құрамындағы сөздер бөлуге келмейтін мағына тұтастығы тіркеспен бірге анықталмайтын сөздер тобы. Мысалы: мұрнын көкке көтеру ( менсінбеу ), қара қылды қақ жару ( адал ). Фраза – тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да бастапқы лексикалық мағынасын сақтап тұратын сөз тіркесі. Мысалы: тепсе темір үзеді ( мықты ), бұраң бел ( нәзік, жіңішке бел ), асқар тау ( биік тау ). Фразеологиялық тұтастықтар (немесе идиомалар) – семантикалық жақтан бөлініп ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының (компоненттерінің ішіндегі сөздерінің) негізгі, номинативті мғынасынан мүлдем алшақ, мүлдем басқа мағына беретін тізбектер. Мысалы: жүрек жалғау; жүрек жұтқан; жүрегінің түгі бар; аузы-мұрны қисаймастан; аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты; үріп ауызға салғандай т.б. Фразеологиялық бірліктер – құрамындағы кейбір сыңарлары мағынасынан бүтіндей тіркес мағынасы аңғарылатын тізбектер.Мысалы: ауырдың үсті, жеңілдің асты; түймедейді түйдей ету; тайға таңба басқандай; соқырға таяқ ұстатқандай; тамырына балта шабу; мақтамен бауыздау т.б. Фразеологиялық тіркестер – құрамындағы сыңарларының мағыналары түсінікті, бірақ тілде тек сол қалпында ғана жұп жазбастан қолданылатын тізбектер. Мысалы: асқар тау; айдын шалқар көл; ата мекен; қыпша бел; қиғаш қас; су жаңа; сүттен ақ, судан таза; су қараңғы. Фразеологиялық сөйлемшелер – семантикалық жақтан бөлуге болатын, сырттай қарағанда, еркін тіркес сияқты болып келетін, бірақ тілде сол қалпында қалыптасқан тіркестер. Бұл топқа жататындардың басым көпшілігі мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, қанатты сөздер, афоризмге айналып кеткен тіркестер. Мысалы: Айдағаның – жалғыз ешкі, ысқырығың жер жарады; шегірткеден қорыққан егін екпес; көрпеңе қарай көсіл; өгізге өк деген – өлім. Мәшһүр Жүсіп фразеологиялық теңеулерді жастарға ақыл айту мақсатында қолданады, біліммен ғана көп ішінен ерекшеленуге болатынын айтады Қарғаларша жер шоқып қалып қалмай, Көп ішінде көзге түс қоңыр қаздай. Бұл Мәшһүр Бұхар барған, Қоқан барған, Ойы бар кетсем деген онан да арман. Түлеген аққу құстың қанатындай, Жерінде жүрген-тұрған сөзі қалған. Абай өлеңдерінде де, прозасында да жалпыхалықтық тіл қазынасына жататын бейтарап мәнді тіркестерді еркін пайдаланған. Атап айтқанда, 17 жас өспірім, із жоғалту, ішіне қонбау, көзге ұру, табанынан тозу, тілін безеу, шаужайынан қағу, өр көкірек, жау жүрек, отқа түсу тіркестері – жалпыхалықтық қолданыстар. Осы тіркестердің ақын өз шығармаларында синонимдік қатарын береді және сол қалпында өзгеріссіз қолданады. Мысалы: "... сіз айтсаңыз отқа түсуге бармын" деп желпіндіріп алып, шаруасынқылмай-ақ, малын бақпай-ақ, содан алып киімін бүтейтіп киіп, тәуір атына мініп алып ел қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді" ( Қырық екінші сөз ).