?ылыми жоба ?аза? ж?не орыс ?дебиетіндегі ?иял-?ажайып ертегілерді? арасында?ы ?ндестік
Қазақстан Республикасының білім жіне ғылым Министрлігі«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі Ю.А. Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ Ғылыми жұмыстың тақырыбы:“Қазақ және орыс қиял-ғажайып ертегілерінің арасындағы үндестік”. Секция: қазақ әдебиеті Бағыты: қазақ әдебиеті Тақырыптың авторы: Жетекші: Кеңесші: 2014 жыл. Тақырыбы: “Қазақ және орыс қиял-ғажайып ертегілерінің арасындағы үндестік”. Тақырыптың өзектілігі ( аннотация) Осынау өркениетке ұмтылып отырған уақытта ұлттық болмысымыз қазақ ауыз әдебиетінің түрлерінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілердің маңызы туралы толық мағлұмат бере отырып, қиял-ғажайып ертегілердің ерекшеліктері мен үндестігін анықтау. Ауыз әдебиетінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілері қанша ғасыр өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінде маңызын жоймаған, тәрбиелік мәні теренде жатқан тарихи мұра екенің жеткізу. Осы тақырыпты алу себебім, қазақ әдебиетінен 5-сыныпта өткен қазақ ертегілерінің ішінде қиял-ғажайып ертегілер аса мені қызықтырды. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арман мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Гипотеза:
. Ұлттық болмысымыз бөлек, бір топтық тілге жатпайтын екі халықтың эпикалық халық ауыз әдебиетін тереңірек білу үшін көмекші құрал ретінде қодануға болады. 5-сыныпта өткен қазақ ертегілерінің ішінде қиял-ғажайып ертегілер аса мені қызықтырады. Екі елдің қиял-ғажайып ертегілерің салыстыра отырып, үндесітігін зерттедім. Жұмыстың нәтижесін 5-6 орыс сыныптарында қазақ әдебиеті сабағында көрінекті құрал ретінде, әдеби оқуда қолдануға болады. Ертегілер фольклорлық (халықтық) және әдеби ертегілер болып екіге бөлінеді. Әдеби ертегілер авторлық ертегілер болып бөлінеді, өйткені өз авторы бар. Автор өз ертегісінде басты кейіпкерлерді өзі ойдан шығарады, өз сюжеттерін ойлап табады, біз сондықтан бұл ертегі Пушкиннің, Әуезовтың ертегісі деп есте сақтаймыз. Фольклорлық ертегілердің жеке авторы жоқ, өйткені ертегілердің авторы- қарапайым халық. Халық ауыз әдебиетінде ертегілер ғасырдын-ғасырға ауысша түрде жетіп отырған. Ертегілерді 200 жыл бұрын жазбаға түсіре бастаған. Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, шыншыл , аң-құстар, жануарлар туралы болып бөлінеді. Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек. адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі гажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі. Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы,озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа сюжеттері бір бағытта болып келеді. Бұл жерде алыс сапарға шығуы, ғажайыпқа тап болу туралы байандалмайды. Бір жергілікті ауылды суреттеп баяндалады. Жан-жануарлар туралы ертегілерді барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері- қу-түлкі, қорқақ-қоян, озбыр қасқыр және т.б. Ертегілер мазмұнына байланысты кішігірім эпизодтардан тұрады: Қазақ ертегілері: Орыс ертегілері: «Ерте, ерте, ерте екен, «В некотором царстве, в Ешкі жүні бөрте екен...» некотором государстве…» берілген сертті бұзуы жорыққа шығу (басты кейіпкердің қиыншылықты жеңуі) жаза қолдану ғажайып көмекшілер мақсат-мұратқа жетуі сиқырлы элементтерді қолдану арқылы жауға тез жетуі басты кейіпкердің ерлігін мойындау ертегінің бақытты аяқталуы зұлымдықты жеңіп, арман -тілектерінің орындалуы. Қазақ ертегілері Орыс ертегілері “Есте жоқ ескі заманда” «…Стали они жить –поживать, добра наживать да медок попивать» “Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда” «…И я там был, мёд-пиво пил: мёд, говорят был горек, а пиво мутно. Отчего бы такая притча?» “Ерте,ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен”. «…Стал он с царевною жить да поживать, и теперь живут─ хлеб жуют» “Барша мұрат басына жетіпті, сақалы сирағына жетіпті” «На море, на океяне, на острове Буяне, стоит дерево – золотые маковки» “Мұратына жетіпті” «Жили-были старик со старухой была у них внучка Машенька» “Сөйтіп олар, ел-жұртын жинап той жасапты”,-деп аяқталады. «За тридевять земель жил царь стороны той государь» Қиял-ғажайып ертегілерідің өзінше басталуы мен аяқталу ерекшеліктері: Ұқсастығы Қазақ ертегісі Орыс ертегісі I. Ерте-ерте, ертеде......,ешкі құйрығы бөртеде.... Баяғы өткен заманда......... «Жили- были…«В некотором царстве, в некотором государстве II. Ертегілердің құрылымы Үш батыр, үш әпке, басты кейіпкердің қиын жағдайға тап болуы, елін, жерін қорғау үшін үйінен алыста болуы . Жаулары ұрлап кеткен қас сұлу ханшайымды іздеуі, сиқырлы, ғажайып заттарды тауып алу арқылы өз жауларынан қорғануы. Ержүрек батырлығынығ арқасында елін жерін қорғағаны туралы айтылады. III. Жағымсыз кейіпкерлер. Мыстан кемпір, таусоғар,айдахар, алып дәу, жезтырнақ. Баба – Яга, чудо-юдо (трёхглавый змей), великан,Кащей Бесмертный,Леший. IV. Сиқырлы заттар Ұшатын кілем, сиқырлы сыпырғыш, ғажайып айна, өлі су мен тірі су . V. Адам тілін білетін аң-құстар. Бөрі, Самрұқ, қызыл сиыр. Бүркіт. VI. Ертегілердің бақытты аяқталуы. Зұлымдықты жеңіп, бақыттың орнауы. Батырдың барлық тосқауылды жеңіп, ханның қызын қалындыққа алуы. III. Ертегілердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері Өзгерістер: Қазақ ертегісі Орыс ертегісі I. Ертегінің басталуы “ Ерте, ерте ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен,Қырғауылы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен»-деген жолдармен басталады.“Барша мұрат басына жетіп, сақалы сирағына жетіп бір жан өмір сүріпті”. Ертегінің басталуы:На море, на океяне, на острове Буяне, стоит дерево ─ золотые маковки. По этому по дереву ходит кот-баюн: вверх идёт песню заводит, вниз идёт сказки сказывает. Это ещё не сказка, а присказка, а сказка вся впереди.Ертегінің аяқталуыСтали они жить благополучно — в радости и спокойствии, и теперь живут, хлеб жуют. II. Сиқырлы сөздері жоқ, «Избушка, избушка на курьих ножках, повернись к лесу задом, ко мне передом!», «Сивка-бурка, вещая каурка, стань передо мной, как лист перед травой» III. Үнемі қайталанып отыратын эпитет жоқ, Иван-Царевич, добрый молодец, красно солнышко IV. Аңыз ертегілер Жер-су аттарының шығу тарихы туралы: «Оқ жетпес» шыңы, «Жұмбақ тас» туралы, «Балқаш көлі», Атақты сәйгүлік-тұлпарлардың шығу тегі туралы айтылады. жоқ, № Қазақ ертегісі Орыс ертегісі 1. “Алтын құс және сұр қасқыр”. Иван-царевич и Серый волк 2. “Қаншайым мен жеті өнерпаз”. “Сем семионов”. 3. “Үш ағайынды жігіт”. “Сивка-бурка”. 4. “Жетім Ғаббас” “Волшебное кольцо” 5. “Тазша бала” “Хитрая наука” 6. “Апалы-сәңілі үш қыз. “Во лбу солнце, на затылке месяц”. 7.
Батырлар туралы ертегілер. “Три богатыря”. 8. “Қызыл сиыр” ертегісі..pptx Крошечка-Хаврошечка” 9. “Патшаның үш қызы”.pptx “Аленкий цветочек”. 10. “Ақ қасқыр” Царевна-лягушка” Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің ерекшелігігі жылқы малы туралы бір отбасының кенже баласы туралы көп айтылады. «Керқұла атты Кендебай», «Аңшы бай» «Мұрагер», және т.б. Қиял – ғажайып ертегілер – шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батырлар, қарапайым халық. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр Қазақ ертегілерін оқыған оқышылар ертегідегі ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал достықты ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады. Орыс ертегілерінің ерекшелігі:Орыс қиял-ғажайып ертегілерінде жиі қайталанып отыратын кейіпкерлер; добрй конь-мейірімді жылқы, серый волк-сұр қасқыр, красная девица-әдемі қыз, добрый молодец- мейірімді жігіт, т.б. Орыс ертегілерінде ерекшеленіп тұратын сөздері; солнце красное, буйну голову повесил,т.б. Ертегілерде жиі кездесетін еркелетіп айтылатын сөздер; маленький, братец, петушок, солнышка, т.б. Тағы бір байқағаным күшейткіш сөздер өте көп айтылады; то, вот, как?, вот чудо-то!, пойду-ка я направо!, что за чудо!,т.б. Ертегілер қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылған. Қиял-ғажайып ертегі шындықпен ұласып жатыр. Адамның арман-қиялынан туған. Қазақ және орыс ертегілерінің ұқсастығы жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді. Қорытынды:
Екі халықтың ғасырлар бойы достық қарым –қатынаста болғандықтан, ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілерде өте ұқсас сюжеттер көп. Ертегілерді оқып, салыстыра келе екі халықтың тұрмыс жағдайындағы ерекшеліктерді анық көреміз. Ертегілердегі ұқсастық - екі халықтың да зұлымдықты жеңіп, жеңіске жетуі, ойлаған мақсат, тілектеріне жетуі. Табиғатқа табынуы, қарапайым адамдардың шеберлігіне тәнті болу , сүйіспеншілікке, достыққа сенуі. Тәрбиелік мәні теренде жатқаның көреміз. , Қазақ ауыз әдебиетінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілердің орыс және қазақ ертегілердіңорыс тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Біздің келешектегі жоспарымыз: “История казахской литературы” 1-2 том. 1948.1960г. М. Әуезов. В стране сказок ( сказки, легенды, басни). Б.Ш. Казиев. Алма-Ата. “Мектеп” 1983 г.“Алтын сақа” по мотивам народной сказки (халық ертегінің ізімен) Алматы. “Атамұра” 2006 г.Казахские народные сказки “Жазушы” Алма-Ата.1971 г.Қиял -ғажайып ертегілер. Алматыү “Аруана” баспасы 2010 ж.Ерте, ерте, ертеде.... . Қазақ ертегілерінің антологиясы. Алматы “Аруана” баспасы. 2010 ж.Русские народныу сказки. Сборник. Детская литература,1983 г.Мелетинский Е. М, Герой волшебной сказки. Происхождение образа.-1958 г.Пропп В. Я. “ Морфология сказки” Москва. 1974г.“Народные русские сказки”. Москва “Художественные литература” 1989 г.Казахские народные сказки “Жазушы”. Алма-Ата. 1982 год.Валшебное кольцо” Москва “Дом” 1993 г.“В три девятом царстве в три десятом государстве” Ленинград “ Детская литература” 1991 год.Қасқабасов С. “ Казахская волшебная сказка. Алматы-1972 год.