?аза? ?дебиетіндегі И.А.Крылов мысалдарыны? аударылу тарихы
Зерттеу жұмыстың тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі И.А.Крылов мысалдарының аударылу тарихы Зерттеу жүргізген: № 142 ЖББОМ 11-сынып оқушылары Боромбаева Айнұр, Қожахметова ДианаҒылыми жетекші: Қонақова Салтанат Алтайқызы Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: - қазақ әдебиетіндегі И.А. Крылов мысалдарын аудару тарихының хронологиялық сипатын анықтау; - И.А. Крылов мысалын аударушылардың негізгі ұстанымдарының арақатынасын белгілеу; - қазақ әдебиетінің тарихындағы И.А. Крылов мысалдарының тәржімалануын аударма өнеріндегі ұлттық дәстүр мен сабақтастық тұрғысынан қарастыру; - ағартушылық бығыттағы аударма дәстүрінің арнайы (специфика) бағыт-бағдары мен ерекшеліктерін анықтау; - қазақ әдебиетіндегі И.А. Крылов мысалдарының аударылуын ұлттық ұстанымдардың үстемдігі тұрғысынан қарастыру; Зерттеудің ғылыми жаңалығы. И.А. Крылов мысалдарының тәржімалануы аудармадағы ұлттық болмыс аясында қарастырылып, салыстырмалы талдаулар нәтижесінде бағаланды.Сонымен қатар: - қазақ әдебиетіндегі И.А. Крылов мысалдарын аудару тарихының хронологиялық сипаты айқындалды; - И.А. Крылов мысалдарын аударушылар ұстанған ортақ қағидалар мен ерекшеліктер және олардың қазақ әдебиет тануындағы әдеби аудармаға қосқан үлесі анықталды; - И.А. Крылов мысалдарының тәржімалануы аударма өнеріндегі ұлттық дәстүр мен сабақтастық үдерісінің (процесс) нәтижесі болып табылатындығы айқындалды; - ағартушылық бағыттағы аударма дәстүрінің арнайы бағыт-бағдары мен ерекшеліктері нақты мәтінді талдаулар арқылы сараланды; - қазақ әдебиетіндегі И.А. Крылов мысалдарының аударылуы зерделеу барысында, оның түпнұсқасы арақатынасында, дәстүрлік, ұлттық, саяси ұстанымдардың үстемдігі орын алатынындығы дәлелденді. Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізі. Жобада көтерілген мәселелердің шешімін табуда А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, С. Талжанов, С. Нұрышев, З. Ахметов, З. Қабдолов, Р. Бердібай, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғали, Ө. Күмісбаев, Ж. Ысмағұлов, Ө. Айтбаев, Ж. Жақыпов, С. Қасқабасов, Н. Сағындықова, Қ. Әбдезұлы, Б. Майтанов, З. Бисенғали, С. Абдрахманов, Д. Ысқақұлы, Ө. Әбдиманұлы, Д. Қамзабек, Г. Асаубаев, Г. Қазыбек, Р. Имаханбетова т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері мен теориялық таным-түсініктері, жеке қағидалары негізге алынды. Зерттеудің ғылыми- тәжірибелік мәні. Зерттеу нәтижелерін арнаулы және жоғары оқу орындарында – аударма теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдеби сынының тарихы, мәдениеттану, жалпы тіл білімі пәндеріне негізгі әрі қосымша материалдар ретінде қолдануға болады және арнаулы семинарлар мен арнаулы курстарға пайдалануға ұсынылады. Ғасырлар бойы жалғасын тапқан қазақ әдебиетіндегі аударманың бастау көзін (орысшадан қазақшаға аудару) Ы.Алтынсарин ашты. Ыбырайдың 1879 жылы шыққан «Қырғыз хрестоматиясында» орыс әдебиетінен аударылған Л.Н. Толстойдың, И.А. Крыловтың, К.Д. Ушинскийдің, И.М. Паульсонның, ағартушылық бағыттағы туындыларына орын берілді. И.А. Крылов мысалдары қазақ тіліне ХIХ ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында аударыла бастады. И.А. Крыловтың мысалдарын грузинше сөйлеткен А. Церетели туралы аударма теоретигі Г. Гечечиладзе төмендегіше пікір білдіреді «А. Церетели де И.А. Крылов журген жолмен жүрді. И.А. Крылов Лафонтеннің мысалдарын қалай «орыстандырса», ол да осы принциппен орыс мысалдарын «грузиндендірді». XIX ғасыр қазақ әдебиетінің тарихындағы идеялык маңызы Абайдың мысал аудармалары негізінде карастырылады. Абай аудармада да теңдесі жоқ шеберлік танытты. Оның үстіне аударма екенін ұмыттырып жіберетін ұғымға да, тілге де жеңіл мінсіздік – тек Абай аудармаларына тән қасиет.Абайдың «Жарлы байы» — «Бедный богач» атты мысалының еркін аудармасы. Мысалда мақсатсыз баю, дуниеқоңыздық психологиясы көркем көрініс тапкан. Бас кейіпкер жаман шал кедей кезінде өмірге ойлы көзбен қарайтын болса, баюдың жолына түскеннен бастап, өзіне де өзгеге де сыни көзқарасын жоғалтып, қомағайлана түседі. Жарлы кезінде егер мен бай болсам, байлықпен алыс-жақынды жарылқар ем дейтін шал енді оған қолы жеткен соң, мүлдем өзгереді. «Кедей бай боламын дейді, бай құдай боламын дейді» - дегендей, байлықтан басы айналган «жарлы бай» адамдық қалпынан айрылып, баскаша күйге түсуі ертегілік қосу арқылы бейнесі беріледі. Түпнұсқадағы 74 жолдық өлең қазақшасында 97 жолдан тұратын 24 шумақты құраған. Оқиғаның негізгі мазмұны, айтар ойы бір болғанымен де аудармасында айырмашылықтар бар. Крыловтың мысалы тікелей жарлының байлық туралы ойынан басталса, Абай алдымен, жалғыз шалмен таныстырады: «Жаман үйде жалғыз шал, Өзі - кедей, күңіреңді Өзі көрген байлардың Мінезінен жиренді». Түпнұсқада монологтан кейін жапырайған лашығында ойланып жаткан жарлыны көреміз. Монолог орысшасында 11, қазақшасында 23 жол. Мысалдағы «тойып тәтті тамақ ішпей, ұйқы қанбай, тірнектеп жинаған ақшасының арқасында болған байлық қажет пе? — Өлген соң бәрі де қалады», - деген бір шумақта айтылған ойларды Абай: «Обал жоқ осы байларғаМал қызығын көрмеген.Жақсы төсек, тәтті ас жоқ,Жан қадірін білмеген.Салпыл қақты, түн қатты,Мал-мал деді, мал тапты.Байыған сайын күтім жоқБейілі кетті, ант атты.Қартайғанша қақақтап,Бұл тәңірі атқан талмай ма?Иттеніп жүріп өлмей ме,Өлсе, бәрі калмай ма?», - деп үш шумақпен кеңейтіп аударған. Түпнұсқада ақша жинап, баю айтылса, қазақшасында мал тауып баю сөз болады. Крыловтың мысалын аударып отырган Абай есіне қазақ байларының кейбір ұнамсыз қылықтары түскенде қыза келіп, «ант атты», «тәңірі атқан» деген сияқты ауыр сөздерді де пайдаланады. Нәтижесінде, Абайдың И.А. Крыловтан аударған «Жарлы бай» мысалы қазақ оқырмандарының ұғымы мен түсінігіне сай, төл туындысындай болып шыққан. Ал, түпнұсқадағы идеяны кемітпей, солғындатпай жеткізу – Абай аудармаларының негізгі ерекшелігі. Негізін татулық, бірлік, ағартушылық құраған тәржімаларда «Қалың елім - қазағым», бұлай өмір сүрмеу керек деген идеялар негізі жатты. Ал А.Байтұрсынұлы И.А.Крылов мысалдарын аударуға әлеуметтік тұрғыдан келіп, өз идеяларын халыққа жеткізуге тырысқан. Ол идеялар негізінен халықты адамгершілікке, азаттыққа, сол жолға күреске үндейтін озық ағартушылық-демократиялық бағытта көрінді. А.Байтұрсынұлының аудармалары, негізінен, 11-12 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Оларда ауыз әдебиетінің, әншілік дәстүрдің ырғағы,сипаты анық байқалып тұрады. Халықтық фольклордағы хайуанаттар жайлы ертегі-аңыздардағы таным-түсініктер аудармаларда тиімді пайдаланылған. Ахмет аудармаларына тән тағы бір ерекшелік – қазақ сөздік қорының маржаны боларлық, мақал-мәтелге сұранып тұрғандай сәтті тіркестер. Қазақ ағартушылығындағы Ыбырай, Абай салып берген аударма өнерін А.Байтұрсынұлының, С.Көбеев пен Б.Өтетілеуовтың ары қарай жалғастыруы заңдылық еді. Спандияр Көбеев Крыловтың Абай аударған мысалдарын қайта аударуға бара бермеген. Тек орыс мысалшысының «Дуб и тростын» Абай «Емен мен шілік», Спандияр «Емен ағаш пен тал шыбық», - деп еркін алған. А.Байтұрсынұлы «Емен мен Қамыс» деп алған.Осы төрт түрлі нұсқаны салыстыра қарасақ, әр ақынның өзіндік қолтаңбасы анық көрінеді. Оған көптеген мысалдар келтірдік. Біршамасы төмендегідей болып келеді. «Істеген ынтымақсыз ісің оңбас» («Аққу, шотан һәм шаян»).«Шығар ма тасқа егін еккеменен?» («Маймыл»)«Жақсыны жақсы деген мақтау емес,Жаманды жаман десең, болмайды өсек» («Есек пен үкі») Ақын орыс мысалшысының туындыларын аударғанда оның түпнұсқадағы формасы мен стилін сақтауды мақсат етпей, тек негізгі ойларын ғана алып, қажетті жерінде ары қарай дамыта түсіп, жаңа шығарма жазған. Бұл мысалдардың көпшілігін аударма дегеннен гөрі И.А.Крыловтың сарынымен жазылған А.Байтұрсынұлының төл туындылары деп тану керек. И.А.Крыловтың «Аққу, шортан һәм шаян» («Лебедь, щука и рак») мысалы қазақ оқырманы кеңінен танымал. Көлемі орысшасында 12 жол; қысқа да нұсқа. Ахметте 16 жол. Ал Спандиярда 3 еседей көп, И.А.Крылов жолдастар түсінісіп жұмыс істемесе, одан пайда емес, азап көреді дейді:«Когда в товарищах согласья нет,На лад их дело не пойдет;И выйдет из него не дело, только мука». С.Көбеев осы тақырыпты өзінше жырлап шыққан. Аудармаға қойылатын талаптарға келе бермейді. Оған осы мысалдан түйер ойды оқығанда көзіңіз жетеді:«Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз,Көп малдың керегіне, болса бақсыз,Таудай талаптан да бақыт артықБолса да қара жаяу жалғыз атсыз.Ынтымақ жоқтығынан біздің қазақ, Кем жұртқа әрбір түрлі болды мазақ,...Кеңесінен аққу, шортан, шаянменен, Тыңдаңыз тәржіме етіп жазған хатты». И.А.Крыловта, А.Байтұрсыновта адамдардың түсіністікпен бірлесіп істеген жұмысы нәтижелі болады деген ой айтылса, Спандияр мұны кеңейте түскен. Негізгі идеямен бірге баға алмайтын болсаң, көп малдың керегі не, таудай талаптан бармақтай бақыт артық, ынтымақтың жоқтығынан қазақ жұртқа мазақ деген сияқты көптеген ойларды ұшқындатқан. Б.Өтетілеуовтың шығармашылығын зерттеген Т.Әбдірахманов «Ол С.Көбеев сияқты Крылов мысалдарының сюжетін өзінше қайталап, еркін айтып кете бермей, түпнұсқаны темірқазық етіп ұстап, мысалдың негізгі сюжеті мен ой түйінін дұрыс айтып беруге тырысады» – деп жазады. Бұл пікірдің дұрыстығына Б.Өтетілеуовтың аудармаларын қарастырғанда көзіміз жетті. «Піл мен қанденді» Абай тамаша аударғаны белгілі. Б. Өтетілеуов те осы мысалдың өзіндік нұсқасын жасапты. Екеуі де мысалды аударуға ұмытылған. Орысшасында мысал төмендегіше басталады:«По улицам Слона водили,Как видно, напоказ.Известно, что Слоны в диковинку у нас,Так за Слоном толпы зевак ходили»Ақынның аудармасы:«Пілді алып қыдыртыпты елден елге,Ол таңсық айуан ғой біздің жерге.Шулаған бала-шаға арттан еріп,Қалмастан топ-тобымен жүрді бірге». Түпнұсқадағы 20 жолдық мысалды Абай 24, Бекет 27 жолмен аударған. Абайдың алғашқы шумағы 11-12 буынды да қалғандары 7-8 буынды, ал Б.Өтетілеуовте барлығы да 11-12 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Қазақ әдебиетіндегі аударманың жай-күйіне үңілгенде Ыбырай, Абай бастаған аудармашылық дәстүрді А.Байтұсынұлы, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов сияқты ағартушы-демократтар іліп алып, сәтті жалғастырып кеткенін көреміз. Ағартушы ақындарымыздың әдеби аудармаға қосқан үлесін сараптай келе, төмендегідей қорытындылар жасаймыз. Біріншіден, олар әдеби процестің ағартушылық қызметіне ерекше үміт арта отырып, халқын білімге ұмтылдыру, елінің артта қалу себептерін ашуды мақсат етті. Екіншіден, аталған кезеңнің ақындары ағартушылық әдебиетке үндерін қосып қана қоймай, аударған мысалдарының қоғамдық қызметіне ерекше мән берді, олардың насихаты, ғибратты ойлары ұлттың әлеуметтік мәселелерінен туындап отырды. Үшіншіден, ақындар тәржімасында әдіс-тәсілдердің айырмашылығы болғанмен, айтар ой-түйіндері мен мақсаттары бір арнада тоғысып, халықтың қамы, ел мүддесін айтты. Қазақтың ұғымына, тыныс-тіршілігіне сай, ғибраты мол мысал үлгілерін таңдады.Аудармашы-ақындар шығармаларында ел жағдайына бейқам қарамай, халықтың ағарып, көштен кеш қалмауына, несібесінен айырылмауына мүдделі болған. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында мысал аудару тәжірибесінің даму, қалыптасу үрдісі Ыбырай, Абай шығармаларымен байланыстылығы жан-жақты мәтіндік талдаулар негізінде дәйектелді. Қазақтың азамат-ағартушылары қатарында Ыбырай, Абай дәстүрін жалғаушылар Ахмет, Бекет, Спандиярлар мысал жанрының адам тәрбиесіндегі бесаспап мүмкіндіктерін таптырмас құралдарына ерекше назар аударып, қазақ оқырманына қажет-ау деген тұстарын аударуға кірісті.Ақындар әдеби процестің ағартушылық қызметіне ерекше үміт арта отырып, халқын білімге ұмтылдыру, елінің артта қалу себептерін ашуды мақсат етті.