?згент ?аласы ж?не оны? Сыр ??ірі тарихында?ы ма?ызы ?ЫЛЫМИ ЖОБА


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз! Жер тарихы – ел тарихы Дүбірлі дүлдүлдердің ізі қалған,Жүлделі жүйріктердің жүзі жанған.Ежелгі Сырдың елі, жырдың елі,Киелі, қасиетті ел-мекенім.Махмұтбай Әміреұлы Араб саяхатшысы Әл-Истрахи Өзгентті Мауеренаһрдың ең соңғы қаласы деп көрсеткен. Ибн Хордадбек Өзгентті Дихан Гүртегіннің шаһары деп, онда отқа табынушылар тұратынын айтқан. Араб географы Ибн Хаукал: «Өзгент түріктердің қақпасы болып табылады. Бұл «Жеті қоныс» деп те аталады» Өзгент қаласының тарихы Х ғасырдан әріден басталады. ХІ ғасырда Қарахан мемлекеті Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның көп бөлігін алып жатқан ірі державаға айналып, жер үлесі жөнінен Шығыс және Батыс иеліктерге бөлінеді. 1220 жылдың көктемінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бастаған монғол әскерлері қоршау және бұзғыш құралдарды пайдаланып Өзгент қаласына тікелей шабуыл жасады. Ақ Орда хандарының бірі Ерзеннің Сығанақты көркемдетіп, Отырарда, Сауранда, Өзгентте және басқа қалаларда мешіттер, медреселер салдырғанын хабарлайды. ХІV-ХV ғасырлар кезінде де Отырарда, Сауранда, Өзгентте, Жентте талай ғимараттар салынғаны туралы деректер бар Өзгент қаласы орта ғасырларда маңызды әкімшілік орталығы болған. Сырдан және Өгіз жылғасынан ағып келген су (канал) арқылы қала маңындағы халық егіншілікпен айналысқан.