Презентация ?ылыми жоба ?ялы телефонны? пайдасы мен зияны


4 “Ә” сынып оқушысыИбрагим Еркін Шенгелбаева Гаухар Сынып жетекші
ТАҚЫРЫБЫ Ұялы телефон(Ғылыми жоба) Зерттеудің мақсаты: Ұялы телефонның адамзатқа тигізер пайдасы мен зиянын анықтауЗерттеу кезеңдері: 2015 жылдың мамыр айы ұялы телефон туралы материалдар жинас-тырдым. 2015 – 2016 оқу жылы ғылыми жұмыстар байқауына қатысып, жоба қорғау.Өзектілігі: Ұялы телефонның адам өмірде маңызы орасан зор бола тұра, оның денсаулыққа тигізер зиянын анықтау.Зерттеу ғылымының жаңалығы: Біздер телефонның пайдасы көп екенін білеміз. Алысты жақындатып, тума – туыспен хабарласып амандығын біліп отырамыз. Керекті мәліметті де ұялы телефон арқылы анықтай білеміз. Ғылыми жұмыс – маған көп көмегін тигізді. Өйткені, әр түрлі кітаптар, газет – журналдар оқыдым. Ұялы телефон жайлы қызықты мәліметтер жинадым. Керек мәліметтерді таңдап, қорытынды жасадым. Дәрігермен сұхбат жүргіздім.Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:  Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізер зиянын біле тұра, күнделікті өмірде қауіпсіз қолдану. 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешен-дік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байла-ныстырушы сымдардың көмегі-мен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотланд-тықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертап-қыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Ұялы телефонның түрлері:Жай ұялы телефонда қоңырау шалу (қабылдау, SMS, соңғы кездері фото) бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.Смартфон (білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарлама-ларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш, т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады. Ұялы телефонның пайдасыҰялы телофондардың артықшылығы: Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда адаммен хабарласа алады. Екіншіден, ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзінізбен ұстай аласыз.Сабақта және жұмыста кез келген жерде қолдана отырып, интернет желісіне қосылып, керекті мәліметтерді табуға болады. Көзді ашып жұмғанда лезде керекті мәліметтер табыла қояды. Суреттер мен құжаттарды алыс – алыс жерлерге жіберуге де болады. Ұялы телефонның зияныҰялы телофондардың кемшілігіЕң бастысы адам денсаулы-ғына зиян болып келеді де, көптеген аурулар пайда бола-ды. Осымен қатар, сіз ұялы телофондарға тәуелдісіз. Алға аудандық ауруханасының дәрігеріНұрғалиева Қаным Сабитовнасұқпаттасу Сауалнама сұрақтары1. Ұялы телефоннан шығатын сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба? а/ Иә. ә/ Жоқ. б/ Білмеймін2. Сіз ұялы телефон таңдағанда төмендегі көрсетілген қасиеттердің қайсысы маңызды деп есептейсіз?а/ Құны ә/ Төзімділігі б/ Қызмет түрлері. в/ Өндіруші танымалдығы.3. Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз?а/ Сөйлесуді ә/ SMS арқылы байланысуды4. Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз?а/ 10-45 сек ә/ 5-10 минут б/ 15 минуттан артық5. Үйде болсаңыз қай телефонды қолдануға тырысасыз?а/ Үй телефонын ә/ Ұялы телефондысауалнама СауалнаманәтижесіҰялы телефоннан шығатын сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба? Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз?Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз? Қорытынды Осындай мәліметтерді жинай отырып, мындай болжам жасадым: Ұялы телефон адам ағзасына зиян. Бірақ, адамдар ұялы телефонның пайдалану ережелерін сақтаса, оның адам ағзасына әсер ететін зияны төмен болуы мүмкін деген болжамға келдім. Ұялы телефонды мектеп ішінде қолдану ережесі бар екенінде ұмытпайық. Әсіресе жоғары сынып оқушылары көп қолданады. Бізге апайымыз ережелерді үнемі еске салып, ата – аналарымға ескертіп тұрады. Осы ережелерді ұстансақ, денсаулығымызға да, сабағымызға да кедергі болмайды деп ойлаймын. Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет - журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық - зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандырып отыру керек. Назарларыңызғарахмет