презентация на тему Атмосфералы? жауын шашын 6-класс
Саға мектеп-бала бақшасыГеография пәнінің мұғаліміБайгельдинова Асель Мұратқызы
Атмосфералық жауын-шашын.
Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныстыра отырып олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықтарын ояту, білімділікке баулуДамытушылық: Атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру.Сабақ мақсаты:
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа материалды меңгерту VІ. Бекіту сұрақтары V. Үйге тапсырма Сабақтың жоспары:
Үй тапсырмасын сұрау
КОНВЕРТ
Су буы қалай пайда болады?7. Ауаның ылғалдылығын қай аспап арқылы өлшейміз ?8. Ылғалдылық қандай түрлерге бөлінеді ?9. Абсолют ылғалдылық дегеніміз не ?10. Қандай градуста су булары мұз кристалдарына айналады ?11. Су буларының сұйық күйге айналу процесін не деп атайды? 12. Буланатын судың қанша пайызы мұхиттар мен теңіздерге тиесілі ?БЛИЦ СҰРАҚТАР
Атмосфералық жауын-шашынЖаңа тақырып:
Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын деп атайдыЖауын шашынның түрлеріне:жаңбыр,қар,бұршақ,шық,қырау,қылау жатады
Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді.олардың диаметрі әдетте 0,01 мм-ден аспайды. Бұлттан жауын жауу үшін су тамшылары іріленіп,салмағы ауырлау керек.Тамшылар бір-біріне қосылу нәтижесінде іріленеді. Сонымен олар ауада қалқып жүре алмайды да,салмағымен төмен қарай құлдилап құлайды. Сөйтіп жаңбыр жауады. Жазда жер беті өте қатты қызатын жерлерде ауаның жоғары өрлеген күшті ағындары пайда болады.жаңбыр бұлты осындай жерге тап келсе,ондағы су тамшылары өте үлкен биіктікке көтеріп кетеді де,су тамшылары қатып,мұз түйіршіктеріне айналады.Салмақты көтере алмай төмен құлап келе жатқан мұз түйіршіктеріне салқындаған су тамшылары қосылып,жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде жерге бұршақ жауады. Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып,әуелі ине тәрізді мұз түйіршіктерін түзеді.кейін олар бір-бірімен жабысып қарға айналады.
Жауын-шашын түрлеріжаңбырБұршаққар
Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғалЫлғал жер бетіне тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп таралады. Олар:шық,қырау және қылау.Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен,ауаға су булары көп жинақталады. Бұлтсыз,ашық түнде жер беті күндіз жылынған жылуынан тез айырылып,салқындайды.Бұл кезде әлі де жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп,бұта т.б.)жанасқанда,бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады,яғни шық түседі.Шық әсіресе жаздың соңғы айларына қарай жиі түседі.Күзде қыста және көктемде тап осындай жолмен қырау пайда болады.Қатты аязда жер бетіне жақын қабаттардағы су буы мұз түйіршіктеріне айналады.Мұндай ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға,ағаш бұтақтарына,үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны қылау деп атайды.
Атмосфералық жауын-шашынның су буына қаныққандағы түрөзгерістерікөктайғақшық
Атмосфералық жауын-шашынның су буына қаныққандағы түрөзгерістеріқылауқырау
жаңбыр
қар
Бұршақ
Бұлттың түрлеріБұлттардың төмендегідей негізгі типтері болады:шарбы бұлттар — 10 км биіктікте кездеседі, жекелеген жұқа және сирек бұлттар, түрі ақ, шарбы немесе қауырсын тәріздесбудақ бұлттар — 1-2 км биіктікте пайда болады, негізі жайпақ горизонтальды және басы күмбездер не кертпештер тәрізді жеке қалың бұлттарқатпарлы бұлттар — 1 км-ден аз биіктікте пайда болады, бір беткей бұлтты тұман құрадынайзағайлы немесе будақ-жаңбыр бұлттары — негізі 1-4 км және басы 3-тен 5 км-ге дейін биіктікте болады, тау немесе мұнара тәрізді оте қалық бұлт массаларыжаңбыр бұлттары, немесе қарабұлт 2,5 км биіктікте, түрі — шеттері ыдыраған формасыз массалар тәрізді; олардан ұзақ ақ жауын немесе қар жауады. Осы негізгі бұлттар типтерінің арасында ауыспалы, қатпарлы-будақ, қазбауыр-қатпарлы бұлттар және тағы басқа түрлері бар.
Бұлттың түрлеріШарбы бұлт
Бұлттың түрлеріБудақ бұлт
Бұлттың түрлеріҚарабұлт немесе жаңбырлы бұлт
Бұлттың түрлеріҚатпарлы бұлт
Будақ бұлттардан жазда нөсер жаңбыр,қыста жапалақтап қар жауадыҚабат бұлттан ұзаққа созылатын ақ жаңбыр жауадыЖаңбырдың түрлері
Жауын өлшеуішҚар өлшеуішЖауын-шашынды өлшеу
Жауын-шашынды өлшеуТәулігіне 2 мезгіл жауған жауын-шашын өлшеніп тұрады.Жауын-шашын миллиметрмен өлшенеді
Жауын-шашынның аймақтық өзгерістері туралы мәліметтержергілікті жерлердегі метеорологиялық стансаларда жинақталады.
Жауын-шашынды есептеуЖауын-шашынның тәулік,ай және жыл ішіндегі мөлшері есепке алынып отырады. Ауа температурасы сияқты жауын-шашынның да көп жылдық орта мөлшері шығарылады. Мысалы орташа жылдық жауын-шашын Астанада 411 мм,Алматыда 629 мм.Экватор маңында жылдық жауын-шашын 2000 мм-ге дейін барады.Жауын-шашынның ең көп жауатын жері –Тынық мұхиттағы Гавай аралдары мен Гималай тауының етегі,Үндістандағы Черапунджи елді мекені. (12000 мм астам)Жауын-шашынның таралуына аумақтың мұхитқа алыс-жақындығы,жер бедері,басым желдер ықпал етеді.Қазақстан мұхиттардан алыс,Еуразия материгінің түкпірінде жатыр.Сондықтан біздің елімізге жауын-шашын аз түседі.(көпшілік бөлігінде 200-300 мм)
Жауын-шашынды өлшеу
Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы
Жауын-шашын ең көп түсетін аймақтарҮндістандағы Черапунджи елді мекеніГималай тауының етегіГавай аралдары
Жауын-шашын ең аз түсетін аймақтарСахара шөлі
Қазақстанда жауын-шашын ең көп түсетін жер-Батыс Алтай тауы
Ең аз түсетін жері-Арал теңізі мен балқаш көліның батыс бөлігіаралБАЛҚАШ
Булану және буланушылықЖер бетінің ылғалдану дәрежесін анықтау үшін тек қана түсетін жауын-шашынды білу жеткіліксіз. Екі нүктенің жауын-шашын мөлшері бірдей болғанымен,температурасы әртүрлі жағдайда ылғалдану дәрежесі әртүрлі болады. Себебі неғұрлым жылу мөлшері көп болған сайын түскен жауын-шашынның көбі буланып кетеді. Булану дегеніміз-судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі.Булану мен буланушылықты бір-бірінен ажырата білу керек. Буланушылық су қоры жеткілікті болған жағдайда булануға мүмкіндігі.
Бекіту тапсырмалары
INSERT кестесі
1. Ауаның жер бетіне түсіретін күші:А. Ауырлық күші В. Атмосфералық қысым С. Дене салмағы2. Қалыпты атмосфералық қысымА. 750 В. 780 С. 7603. Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарА. Изотерма В. Изобара С. Изогиета4. Атмосфера қысымын анықтайтын аспапА. Термостат В. Барометр С. Сейсмограф5. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспапА. Флюгер В. Барометр С. Шаш гигрометрі 6.Су буының сұйық күйге айналу процесіА. Жаңбыр В. Конденсация С. Абсолютті ылғалдылықЖауын-шашын мөлшерін анықтайтын аспап:А. Шаш гигрометрі В. Барометр С. Жауын-шашын өлшеуішТест
Сөзөрім «Атмосфералық жауын-шашын»{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA}1234561.ЖАЗДА НӨСЕР ЖАҢБЫР,АЛ ҚЫСТА ЖАПАЛАҚТАП ҚАР ЖАУАТЫН БҰЛТ ТҮРІ 2. АПТА КҮНІ3. НӘЗІК,ШІЛТЕР ТӘРІЗДІ ЖАҢБЫР ЖАУҒЫЗБАЙТЫН БҰЛТ4. ЖЫЛ БАСЫ БОЛҒАН ЖАНУАР5. АУА ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЕҢ КӨП ГАЗ6. ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ АЙЫ
Сөзөрім «Атмосфералық жауын-шашын»{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA}1БУДАҚ2ЖҰМА3ШАРБЫ4ТЫШҚАН5АЗОТ6АҚПАН1.ЖАЗДА НӨСЕР ЖАҢБЫР,АЛ ҚЫСТА ЖАПАЛАҚТАП ҚАР ЖАУАТЫН БҰЛТ ТҮРІ 2. АПТА КҮНІ3. НӘЗІК,ШІЛТЕР ТӘРІЗДІ ЖАҢБЫР ЖАУҒЫЗБАЙТЫН БҰЛТ4. ЖЫЛ БАСЫ БОЛҒАН ЖАНУАР5. АУА ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЕҢ КӨП ГАЗ6. ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ АЙЫ
Бұлттан жауын-шашын жауу үшін қандай жағдай қажет?Бұршақ қалай пайда болады ?Шық пен қырау қандай жағдайда түседі ?Жауын-шашынды қалай өлшейді? Булану дегеніміз не?Жауын-шашынның ең көп түсетін жерін атаЖауын-шашынның таралуына қандай жағдайлар әсер етеді ?Жаңбыр қалай пайда болады?Атмосфералық жауын-шашын деп нені айтамыз?Қар жамылғысының қалыңдығын немен өлшейді? Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін жер Қазақстандағы жауын-шашын ең аз түсетін жер Бекіту сұрақтары
Картамен жұмысКескін картаға жауын-шашынның жер шарындағы ең көп түсетін және ең аз түсетін жерлерін белгіле
Үйге тапсырма:Атмосфералық жауын-шашын оқу.