Б?лт ж?не т?ман. Жауын-шашын
Сабақтың тақырыбы:Бұлт және тұман Сабақтын мақсаты: Білімділік: бұлт және тұман тақырыбын таныстыру білім, білік және дағдыны жетілдіру Дамытушылық: танымдылық қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу тілін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұйымдастырушылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта. Сабақты өту барыс 1. Оқушыларды ұйымдастыру. 2. Үйге берген тапсырманы тексеру. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Тапсырмаларды орындау. 5. Сабақты бекіту 6. Сабақты қорыту 7. Балаларды бағалау. 8. Үйге тапсырма беру Үй тапсырмасын пысықтау Су дегеніміз не? Судың адам өміріндегі маңызы қандай? Жердің қанша бөлігін су алып жатыр? Жаңа тақырып: Бұлт және тұман Күн жылынуының әсерінен өзен, көл, теңіз бетінен су үнемі буланып жатады. Неғұрлым ауа температурасы жоғары болса, соғұрлым су көбірек буланады. Су бетінен көтерілген бу ауаға араласып, көрінбей кетеді Көктемде немесе күзде оңтүстіктен соққан жел жылы ауаны айдап алып келеді. Жылы ауа қар немесе, тоңазыған топырақ бетімен жанасқанда салқындайды да, су булары су тамшлары немесе мұз түйіршіктеріне айналады. Ауада ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғырлануынан жер бетіне тұман түседі. Жер бетінен жоғары көтерілгенде де ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларын немесе мұз түйіршіктерін бөліп шығарады. Олар шоғырланып бұлтты құрайды Бұлттың бірнеше түрі бар олар мыналар 1.Шарбы бұлт – өте үлкен биіктікте(6км) ұсақ су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналады. Шарбы бұлттан жауын шашын жаумайды. 2.Будақ бұлт –түтіліп, үйіліп жатқан жүнге, немесе мақтаға ұқсайды.Жеке будақтар сұрғылт түсті келеді. Олар біріге келе түнеріп, будақ жаңбыр бұлтына айналады. Одан жазда нөсер жаңбыр,қыста жапалақтап қар жауады 3.Қабат бұлт – тұманға ұқсас, төмен жүретін қабат бұлт аспанды түгелдей торлап алады да, одан ұзаққа созылған ақ жауын жауады. Алдымен не, одан кейін не болды? Табиғаттағы су айналымы