Е?бек тыл ардагерімен с?хбат


Құрашасай орта мектебі2015 жылМенің атам - ардагер Менің атам - ардагер Дауленов Тажхаир Дауленов Тажхаир1931 жылы 15 наурызда Орал облысы, Қаратөбе ауданы,Қоскөл колхозында дүниеге келдімТажхаир атаның өз аузынан шыққан сұхбаты Әкем- Ерболов Дәурен, шешем-Ерболова Жанылай.Анам-Қоскөл колхозында жұмысшы,әкем- жылқышы,қойшы болды.Әкемізден мен Тәжхайыр, Қабдіқайыр Орынай,Тойған 4 бала болдық. 1944-1945 жылдар. Ол кезде 13-14 жастағы баламыз. Біз қатарлы балалар шаруадағы аналарының қасында еріп жүретін. Қыста мал суарысып, малға пішен салысып, ауланың қарын күреп, үлкендерге қолғабыс беретін. Пішен шабу науқаны кезінде мая басына түйеге жегіп шөмеле таситын. Ересектеу балалар жазатайым жұмысқа шықпай қалса, бригадир оларды балағаттап, қамшы үйіруге дейін баратын Соғыс жағдайында тәртіп қатаң, мұндай әрекетке пәлендей мән берілмейтін. Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар. Аш құрсақ болғанымыз да рас, жалаңаш болғанымыз да өтірік емес. Бірақ елдегі адамдар ондай-ондай қарын аштығына рухани тоқшылықты, киімнің жыртығына мақсат бүтіндігін қарсы қоя білді. 1945ж әкемді соттады. Анам 1945 ж қайтыс болды. Қаратөбе ауданынд анағашыларымның қолында болдым.Трактор айдап тракторист болдым Еңбек жолын 1950 ж Орал обл. Қаратөбе совхозында ветсанитар қызметінен бастадым. 1954 жылы Оралда 1 жылдық бригадирлік курсті бітірідім 1955ж отау құрып,7 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірдім. 1956-1962жж Коммунистік партияның мүшесі болдым. 1962-1965 жылы Орал техникумын техник-механик мамандығы бойынша бітірдім 1965 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданыЖетікөл савхозына инженер – механик маманы ретінде жіберілдім 1982 жылы Ақтөбе облысында «Актюбстрой» трестінің механизаторы болып жұмыс істеп зейнеткерлікке шықтым. Қазір 20 немерсі 10 шөбересі бар Осындай қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген кешегі тыл еңбеккерлерінің бүгінгі тыныс-тіршілігіне айтар уәжі бар:-Жаңылмасам, Жеңістің 55 жылдығына дейін тыл ардагерлері арнайы есепке алынатын. Оларды соғыс ардагерлері қатарына қосып, «Соғыс ардагері» деген төсбелгісін де берді. Жолдама беріп, санаторийге жіберетін. Ал бүгінде мереке күндері «соғыс және тыл ардагерлері» деп қосып аталғанға риза. «Соғыс жылдарында еңбек еттік, жоқшылық көрдік, жан азабын тарттық» деп кеудемсоқтанып, ешкімге міндетсімейміз.Біреуге алақан жайып жалынбай, еңкейіп құлдық ұрмай-ақ, қанағатшыл болмысымен өмірден өтіп жатқанымызға шүкіршілік етіп келе жатқанымызға 7 ұл 1 қыз тәрбиелеп олардан 20 немере,10 шөбере сүйгеніміз дәлел болары хақ. Ардагерлерге арнауҚан майданның жүректе жарасы бар,Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.Арамызда жүретін алшаң басып,Ардагерлер азайып барасыңдар.Қастерлейді халқымыз қаһарманын,Жүр есінде сан жарық, сапарларың.Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.Жасқанбаған жауынан жарақты ер,Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,Жүздеріңе сендердің қарап білер. Мектеп алды даярлау тобының жетекшісі: Анесова Гүлшат КуанышқызыМектеп алды даярлау тобының оқушысы: Руслан Досжан РусланұлыТажхайыр атаның жиен немересіҰлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Менің атам - ардагер» атты бүктемені дайындаушылар