Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз саба?ы
Сабақ тақырыбы:“Құстар- біздің досымыз”
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Жан- жануарларды, құстардықорғай білуге үйрету, құстардыңтабиғаттағы,адам өміріндегі маңызы, пайдасы жайлыбілім беру.
Дамытушылық:Жанашырлық, қамқорлық сезімдерін оята отырып, сөздік қорларын, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік :Табиғатты қорғауға үйретіп,экологиялық тәрбие беріп,адамгершілікке баулу.
Көрнекіліктер:Суреттер,құстар жайлы кітаптар ,торғайдың ұясы, буктеме
Сабақ барысыКөктем-табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, тіршіліктің басталатын уақыты. Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар келе бастайды.Құстардың қайтып оралуы- ата аналарынанұрпақтарына беріліп отыратын инстинкт.Табиғатты сүю ,қорғау жануарларды, құстарды қамқорлыққа алу, оларды қасиетті ,Киелі деп бағалау, құрметтеу ата-бабамыздан қалған дәстүр өсиет.Сондықтан табиғатты қорғау бәріміздің міндетіміз.1923 Жылы ағылшын оқымыстысы Ч.Дарвин құстардың зиянды, зиянсыз түрлерін зерттеді. Осы жылдан бастап елімізде жылда “Құстар күні” атап өтіледі.Құстар жылы жақтан арып-ашып келгенде үйшік жасап, ұяларын бұзбай дұрыс қарсы алыңдар.
Құстардың адам өміріндегі пайдасы:Адамға қажетті өнімдер:Ет, тағамдық азық –түліккеТауық жұмыртқасы жоғары бағаланады. Саятшылдық, құсбегілік ұлттық спорттық мақсатта пайдаланылады. Тұрмыстық жағдайда мамығы жастыққа, үкіні жас сәбидің , әншінің бас киіміне , домбырасына тағады.
Құстардың табиғаттағы маңызы:1.Тұқым тарату,тозаңдандыру арқылы өсімдіктердің табиғи жолмен қалпына келуіне қатысады.2.Саңғырығы топырақты қопсытуға, тыңайтқыш ретінде құнарландыруға қатысады.3.Жыртқыш құстар өлекселерді жеп, санитарлық қызмет атқарады. Табиғаттағы тепе -теңдік заңын сақтайды.
Міне, бүгін біз алдымен келген қанатты досымыз қара - торғайдан телеграмма алдық. Пошташы телеграмма әкеп береді . (Мұғалім телеграмманы оқиды)Құрметті достар, біз арып жолда келеміз сіздердің көмектеріңіз өте қажет, “сәлеммен қараторғай” 1 оқушы: Құстар біздің досымызШырқап –әнге қосамызҚұстар біздің досымызКөктем сайын тосамыз.2 оқушы: Құстар- құстар келеді,Жерді шуға бөледі.Көктем болды деп бізге,Жақсы хабар береді.
Ән: “ Құстар әні”(оқушылар хоры)3. оқушы: Тоқылдақ: Тук,тук, тукМен бір нағыз палуан,Күзетемін бақтарды.Қабық жегім құлардан,Үкі ,қара тышқанның отызын,Көмейге ұрам күн сайын.Құртып жатыр осы сұм,Қанша астықты жыл сайын.
4 оқушы: Теңбіл торғай:Шыбын десе шырылдап,Таба аламаймын бір тыным.Күніне ұстап қырып,Жалғыз жеймін алғы мың.5оқушы: Көгершін: Уа достар!Үлкен- кіші бәріміз,Қосылыпты басымыз,Ақылдасып осы тойдаШыбын-шіркей алдаҚанша құртамыз?
Жұмбақ шештіру құстар туралы:Туысы дейді құстардың Інісі дейді тышқанныңТышқанда емес, құс та емес,Екеуіненде тыс қалдым . (жапалақ)Қызығып әр адам,Ұстап ап даладан.Жүнімді жұлып ап ,Бесікке қадаған.Бұл қай құс. (Үкі)
“Кім жылдам ойыны”Ортаға екі оқушыны шақырамыз!Ойынның шартымен таныстырып өтейін.Сіздерге бір минут беріледі, сол уақыт ішінде құстарға байланысты адам аттарын жазу керек. Кім көп жазады сол жеңімпаз.Мысалы: Бұлбұл, Тоты, Қарлығаш т.б.
Қорытындылау.Құрметті оқушылар! Сіздер еліміздің болашағысыздар! Елдігімізді паш ететін бәйтерегі сіздерсіздер! Ендеше, сол бәйтеректің астына бірігіп, өзіміздің ер, ұлан екенімізді тағыда есімізге алайық! Еліміз бейбіт, тыныш өмір кешсін, көгімізде бейбіт құсы қалықтасын!