Презентация тіл дамыту мектепалды даярлы? тобы І дыбысы ж?не ?рпі


Сабақтың тақырыбы:(тіл дамыту) Сабақтың тақырыбы:(сауат ашу және жазу негіздері ) Мақсаты: Балаларға зообақ туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Сабақтың міндеттері: Балаларды зообақта мекендейтін кейбір аңдардың ерекшеліктерін салыстыра айтуға, ажыратуға үйрету.Балалардың сөздік қорын молайту және дара логикалық ойлау қабілетін дамыту.Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ әдісі: Ойын, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрініс көрсету. Сабақ түрі: Саяхат сабақ Саяхат сабақ Суретті плакаттар.Аңдар суреттері.Ағаш, тоғай, гүлдер.Полотно, әріптер Сабақ барысы: “Хайуанаттар әлемі” атты әңгімені мәнерлеп оқу.Әңгімеде не туралы айтылған?Айнұр қайда барды? Кіммен барды?Көкесі Айнұрдың басынан сипап не деді? “Ақылыннан айналдым, өйткені олар бізді күтеді ғой”- дегенді қалай түсінесіндер?Ал сендер зообаққа бардындар ма? Онда не көрдіндер?Кім апарды? Енді, бізде бүгін бәріміз зообаққа саяхатқа шығайық, ережелерді қайталаймыз.Басқа сыныпқа ағаш, гүл, шөптерді орналастырып дайындап қоямыз. Айналаға қарандаршы:Зообақ қандай әдемі.Зообақта ағаштар, түрлі шөптер,гүлдер өседі және жабайы аңдар болады. Бәрі бізді күтіп тұрғандай. Біз оларды жақсы көретімізді сезеді.Бұл зообақтағы жабайы аңдарға адамдар қамқорлық жасайды.Ол аңдарды атуға, тисуге болмайды. Зообақтағы ағаштарды кесуге, жұлуға болмайды т.с.с. Балалар мұнда шалынып қалмандар. (діңгек) Мұнда біреудің үйі бар сияқты.Бұл не? (кірпі)Кірпі қандай болады? Түсі қандай? (Балалардың жауабы) Балалары барғой деймін.Олар нені жақсы көреді? (сүт ішкенді)Онда кірпілерге сүт берейік. Балалар, ағаш басында отырған нелер? (тиіндер)Тиіндер үйлерін қайда жасайды екен? (ағаштың қуысына)Қарандаршы! Тиіндердің анасы жылап отырған сияқты.Неге, сұрайықшы.Балалар, ол бір баласын жоғалтып алдым- дейді. Сендер көрген жоқсындарма? Іздейікші. (тауып, іліп қоямыз)Неше баласы бар екен? (үш)Тиіндер немен көріктенеді? Олардың ең жақсы көретіні жаңғақ екен. Теріп берейік.Жылама, тамақтанып ал.Ол сендерге рахмет айтты. Абайлаңдар, балалар, ана ағаштардың арғы жағында нелер жүр?Ия, бұл аюлар. Олардың түсі қандай?Қасындағы кішкентай баласын не деп атаймыз? (қонжық)Аюлар нені жақсы көреді? (бал) Онда оларға бал берейік.Сергіту сәті. Ой, мына тоғайдың артында бір нәрсе жасырынып тұр ғой деймін. Не екен көрейікші? (қоян)Қоян қандай? (түсін, түрін, мінез-құлқын аңықтау)Қоян немен көректенеді?Қоянға сәбіз берейік. Ал, мына үйде кім тұрады екен?Айналасы қандай әдемі, таза, гүлдер егілген.Гүлдердің түстері қандай? (қызыл, сары, көк)Есігін қағып көрейік. Ашпайды.Терезесінен қарайық. Көрінбейді. Бұл не? Осы үйде тұратын аң бізге жұмбақ жасырамын дейді. Шешуін табамызба? Өзі қу, әрі айлакер, Жүрген жері айқай да шуБұл үйде кім тұрады екен? ( түлкі)Түлкі қандай? Түлкі туралы қандай ертегілер білеміз.“Бауырсақ” ертегісінен көрініс.Түлкіге бауырсақ берейік.. Қортындылау: Балалар,біз қайда бардық?Зообақта не көрдік?Полотноға аңдардың аттарын әріптермен тердіру, буынға бөлдіру, дауысты, дауыссызын атауСендерге сабақ ұнадыма?Зообақта құстар, аңдар өмір сүреді екен.Аңдардың маскаларын кигізіп, мінез- құлқын, жүрісін келтіріп, үйге қайтайық.Сау болындар! Біз тағы да келеміз! № 34 жалпы орта білім беретін мектеп Мектепалды даярлық топ жетекшісіКалиева Бақытгуль Турганқызы