Презентация по технологии Киімді жобалау ж?не дайындау


Ашық сабақ 5 қазақ классДайындаған: Дөң орта мектебінің технология пәні мұғалімі Омарова А.С. Мақсаты: Киім түрлерімен таныстыру. Алжапқыштың сызбасын тұрғызу үшін дұрыс өлшем алуға, сантиметірлік таспаны дұрыс пайдалануға үйрету. Өткен тақырыптарға шолу 1 тапсырма. Мата бетінің құрылысын анықта. 2 тапсырма. Орындарына қойып шық. ИнешаншымТігімТігістің еніМата Дұрыс жауап Инешаншым Тігім Тігістің ені Мата 3 тапсырма. Қауіпсіздік ережелерін қайталау . - Киім дегеніміз не? - Киім бізге не үшін қажет? Адам денесіне киілетін бұйым (немесе бірнеше бұйым) формалық тұрмыстық өндірістік Күнделікті Үй киімі Сәндік спорттық ұшқыш теміржолшы әскер Полиция Аспазшы киімі алжапқыш Пайдалану жағынан: ынғайлы, жеңіл, жылы Гигиеналық: денсаулыққа зиянсыз, ылғал мен ауа өткізгіш Эстетикалық: әдемі, сәнді Киімге қойылатын талаптар Кеудешелі Кеудешесіз Көркемдеуші-сәнгер (модельер) Тапсырма. Алжапқыштын екі түрін жасау. Түрлі-түсті қарындашпен суретің салу;Түрлі-түсті қағаздан жасау. Сергіту сәті Қолмен саусақтарға арналған жаттығулар:Бірінші оң қолмен, сосын сол қолмен, кезектестіріп партаның үстін сипаймыз.Енді шапалақтаймыз, сосын партаның үстін ұрамыз.Келесі -партаның үстінде « пианино» ойнаймыз. Бірінші оң қолдың саусақтарымен, сосын сол қолдың саусақтарымен. Енді екі қолмен бірге. Практикалық жұмыс «Алжапқыштың сызбасын алу үшін өлшемді алу». белбеу қалта Төменгі бөлік Кеудеше Өлшем алу Өлшемді адам денесінің оң жағынан алады. Белін алдын ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тіке тұруы қажет. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе бос ұстауға болмайды. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады. Тапсырма Мына құралдардың ішінен өлшем алу үшін қажетті құралдарды танда: Дұрыс жауап Алжапқышты құрастыру үшін келесі өлшем бірліктерді түсіреді: Кұ – кеуденің ұзындығы. Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.Тбұ – төменгі бөлшек ұзындығы. Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.Жба – жартылай бел айналымы. Көлденең денені бел сызығынан айналдыра түсіреді. Өлшем белдіктің ұзындығын анықтау үшін қолданылады.Жбөк.а – жартылай бөксе айналымы. Бөксені көлденеңінен айналдыра түсіреді. Өлшем алжапқыштың төменгі бөлігінің енін анықтау үшін қолданылады. Бекіту. Киім пайдаланылуына қарай қандай топтарға бөлінеді?Киімге қойылатын талаптарды ата?Алжапқыш пен бас орамал қай топқа жатады?Киімді сәндейтін адамды кім деп айтамыз?Өлшемді адам денесінің қай жағынан алады?Өлшем алу үшін қандай құрал-саймандар қолданамыз?