?рекеттесуші заттарды? біреуі арты? арты? алын?анда?ы химиялы? реакция те?деулері бойынша есептеулер


Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
style.rotation Физикалық және химиялық білімдерді ескере отырып, әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулерді шығаруды меңгереді Оқу мақсаты 1- тапсырма Бейметалдар 1-топ S 2-топ P 3-топ N әр элементке генетикалық байланыс құрыңдар Енді ерітінділерінің рН көрсеткішін GLX құралы арқылы дәлелде Қосымша ақпарат Сутектік көрсеткіш деп сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмін айтады: рН = - lg[H+]Мысалы, ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясы   [H+]=10-6 болса, сутектік көрсеткіш 6-ға тең болады: рН = - lg10-6 = 6Сутектік көрсеткіштің мәніне сәйкес бұл ерітінді әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Сонымен бейтарап ортада рН=7, қышқылдық ортада рН < 7, сілтілік ортада  рН > 7 болады. Есеп. Массасы  20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда қанша мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі? Шешуі: 1.Берілгені: m(CuSO4) = 20 г m(NaOH) = 8 гТабу керек : m(Cu(OH)2↓) = ? 2) Екі затты қосқанда жүретін химиялық реакцияның теңдеуін және есептеуге қажетті заттардың мөлшерлерін жазамыз:     CuSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Cu(OH)2↓3). 20г 8г m4)        ν, моль                              1             2                                 1           М, г/моль                         160         40                                98           m, г                                   160         80                                98          ν =  ; ν (CuSO4) =  = 0,125 моль                  ν (NaOH) =0.2 моль 5) Eсептің шартында беріліп тұрған екі заттың мөлшерлерін салыстырамыз: ν (CuSO4) < ν (NaOH)6) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалады. Олай болса, реакция мыс сульфаты бойынша жүреді. Реакция өнімінің зат мөлшері де соған тең болады.7) Зат мөлшері бойынша түзілген тұнба  мыс (II) гидроксидінің массасын табамыз: m(Cu(OH)2) = ν(Cu(OH)2) * М(Cu(OH)2) = 0,1 моль * 98 г/моль = 9,8 г.Жауабы: 9,8 г. Тапсырма .   Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің алгоритмін ойлап, ұсыныңыздар.Неліктен реакцияға қатысатын бірнеше заттың салмағы берілген кезде есептеу толық жұмсалған зат бойынша жүргізіледі? Алгоритм 1.    Есептің шартын қысқаша өрнектеу.2.    Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.3.    Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып, теңдіктің астына жазу.4.    Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.5.    Қай заттың артық берілгенін табу.6.    Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу.7.    Есептің жауабын жазу. 1-топ . Құрамында 16 г мыс(ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 12 г темір үгіндісі қосылды. Осы кезде неше грамм мыс бөлінгенін және қай зат артық қалғанын табыңдар. 2-топ . Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі 3-топ . 10,4 гр барий хлоридімен 24,5 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұнбаның салмағы қанша, қай зат қанша артық қалды?қосымша тапсырма. 21,2  грамм натрий карбонатына 4,9 грамм күкірт қышқылы бар ерітіндіні құйғанда түзілген газдың салмағын, көлемін және зат мөлшерін анықтаңыз. Реакцияға толық түспеген заттың артық салмағы қанша? Кір жаятын жіпСөздерді қойыңыз «Артық-кемнің» есептерін дұрыс шығару үшін бізге осыған дейінгі қандай білімдеріміз қажет болды, нені еске түсіру керек екен, бүгінгі тақырыпты меңгердім деп ойлайсыңдар ма? Стикерлер тобы1 23Жұмыс алгоритмі:1. Әрбір топқа жұмыс парағы берілді. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді орында (2 минут ішінде).2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі. 3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі. Нені білдім? Нені білгім келеді?\