Презентация по казахскому языку на тему ?аламтор ?ажаптары (5 класс)


Сабақтың тақырыбы:«Ғаламтор ғажаптары» Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Досыма e-mail жіберемін» модулі бойынша алған білімдерін жинақтау. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінде қазақ тілінде қазақ тілі грамматикалық заңдылықтарын дұрыс қолдана білуге дағдыландыру;2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту, ізденімпаздық қасиетін дамыту;3. Тәрбиелік: Оқушылардың достықты бағалай білуге, оның қадірін түсінуге шақыру. Оларды бірлікте, жұптық жұмыс істеуге баулу. Сабақтың ұраныӘрбір адам -туысым, досым, жұрағатӘрбір сабақ-түсіну,ұғу,ұлағатӘрбір ісім-тірлік,тірек,адамдықӘрбір сөзім-шындық, адалдық Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың. (тышқан, мышка, mouse ) Компьютермен енеді, қағазға басып береді. (басып шығарғыш, принтер, printer)Мәліметті сұраған, экранға шығарған. (бейнебет, монитор, monitor) 4. Төртбұрышты терезеден Аласың жаңалық әлемнен. (ғаламтор, интернет, internet)



Оқулықпен жұмыс Тапсырма: Мәтінді оқып, зат есімдерді тауып, жалғауларын түріне қарай ажырат.Ғаламтор – дегеніміз мәліметтер мен хабарлардың жиынтығы. Біз санаулы секунд ішінде ең алыс жерлерге хат жібере аламыз. Жаңалықтар, әуендер тыңдап, кинофильмдер тамашалауға мүмкіндік бар Жауап үлгісі: Ғаламтор (атау с.) – дегеніміз мәліметтер (көптік ж.) мен хабарлардың (көптік ж., -дың ілік с.) жиынтығы (тәуелдік ж.3ж). Біз санаулы секунд (атау с.) ішінде ең алыс жерлерге (көптік ж.,барыс с) хат (а.с) жібере аламыз. Жаңалықтар (көптік ж), әуендер (көптік ж.) тыңдап, кинофильмдер (көптік ж.) тамашалауға мүмкіндік бар. Конкурс: 5-6 сынып аралығында «Достық – қасиетті сөз» атты шығарма жазып мына мекенжайға dostik@mail.kz жібер I- деңгейШығармашылық жұмыс Деңгейлік тапсырмалар орындау II- деңгей Берілген сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрап жазыңдар. Ғаламтор, хат, жаңалықтар, әуендер, кино.III- деңгей Сөйлемдерге сан есімдерді қойып жазыңдар. (қима қағазбен) Біздің мектепте ... информатика кабинеті бар.Біздің компьютерлік кабинет... қабатта орналасқан. Ол кабинетте ...компьютер бар. Кабинетте .... оқушы отырып жұмыс істейді.Осы кабинетте ..... интерактивті тақта бар. Сергіту сәті «Идеялар себеті» ойыны. Зат есім жалғаулары бар сөздерді жіпке іліп қой. (септеліп тұрған сөздерді)1- қатар: ғаламтор2-қатар: дос «Мақалды жалғастыру» ойыны1.Күлме досыңа - ....2.Жаман жолдастан ....3. Досы көппен сыйлас, ...4. Жолдасы көптің -...5. Татулық - ...6. Досы жоқ адам-...7.Жан дос- ... «Құрастыру» ойыныӘр қатардан бір адам шығып тақырыпқа қатысты бір сөйлем не сөз айтады. Келесі адам айтылған сөйлемге бір сөз қосып айтып, сөйлемді кеңейтеді. Осылайша ойын жалғаса келіп, соңында барлық сөйлемнен мәтін шығуы тиіс. Үй тапсырмасы: 4- тапсырма Достық заңын ары қарай жалғастыру. (жазбаша орындау)Бағалау Менің сабақтан алған әсерім: Назарларыңызға рахмет!