??зіретті т?сілдемені? ойы негізінде жаратылыстану білімдерді о?ыту


Құзіретті тәсілдеменің ойы негізінде жаратылыстану білімдерді оқытуҚұзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс –әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс.Құзіреттілік – (компетенция) ұғымы “білім”, “білік”,”дағды”,сияқты ұғымдарды қамтиды. Оқытудағы құзіреттілік тәсілБілім мазмұнын,білім,білік,дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық – құндылық қатынастар тәжрибесіне негізделген түйінді құзіреттіліктерді ажыратып алуды білдіреді. Оқыту процесіндегі қазіргі көзқарасты ескере отырып,қазіргі мұғалімінің құзіреттілік моделіне енетін мынадай элементтерді атауға болады Құзіреттілік моделіне енетін элементтер1.Құндылық,принцип,мақсат.2.Кәсіби сапа.3.Негізгі құзіреттілік.4.Педагогикалық әдіс,тәсіл,технология.5.Кәсіби көзқарас Құндылық-оған идея мен пікір жатады. -оқушының өз-өзімен болу бостандығы-әр адам өзінің кемеліне жету қабілетіне ие болу-әр оқушының жете жеке дарындылығына әлеуметтік көмек көрсету-әр оқушының қабілеті,қызығушылығы мен мүмкіндігі дамуына сай болуы-адам өз қабілеті мен қызығушылығына сай оқиды және оны өзіне пайдалы деп санайды Кәсіби сапа- оқушыға тілектес қарым-қатынаста болу-өз әріптесіңнен,оқушыңнан сынды дұрыс қабылдап,өз әрекетінде түзету енгізу болу керек Негізгі құзіреттілік1.Өз оқушысымен бірге үйрену2.Оқушының өздігінен жұмыс істеу әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау.3.Әр түрлі іс-әрекет түріне оқушыны ынталандыру.4.Жоба жасауды меңгеру жобалап ойлауды. Топты ұйымдастыра білу және топтың іс-әрекетін жобалауды басқару. Және т.б. Педагогикалық әдіс,тәсіл,технологияАлға қойылған мақсатқа жету үшін көптеген әдіс,тәсіл мен технологиялар қолданылады.Оның ішінде:А) жобалап зерттеу әдісБ)диалог пен пікірталастың әртүрлі формасын ұйымдастыру,түсінікті қалыптастыру әдісі мен сын тұрғысынан ойлау технологиясы Кәсіби көзқарасМұғалім:А) іс-әрекетті ұйымдастырушыБ) кеңесшіВ) тюторГ) рефлексияны ұйымдастырушыЗ) сарапшыД) серіктес болу