Сколиоз –б?л фронтальды? жазы?ты?та?ы омырт?а ?абыр?асыны? ?исаюы. Б?нда ба?ылауда?ы омырт?а д??есі, б?йір ж?не арты д??естігіндегі ?згерісті –кифосколиозды ??райды.
Сколиоздың алдын алу
Сколиоздың қысқаша клиникалық сипаттамасы Сколиоз –бұл фронтальдық жазықтықтағы омыртқа қабырғасының қисаюы. Бұнда бақылаудағы омыртқа дөңесі, бүйір және арты дөңестігіндегі өзгерісті –кифосколиозды құрайды. Сколиоз этиологиясы жағынан туа біткен сколиозда ажыратылады (В.Д.Чаклин бойынша олар 23.0% кездеседі), олардың негізінде омыртқаның әр түрлі өзгерістері жатыр: шала жетілу; олардың сына тәрізді нысаны; қосымша омыртқалар және т.б.
Сколиоздарды түзеуде гимнастика өткізу әдістемесі және жаттығулары Сколиоздағы корригирлеуші гимнастика келесі жаттығаулардан тұрады: бұлшық еттердің қозғалғыштығын дамытуға жағдай жасайтын жаттығулар. Олар омыртқаның әр түрлі қозғалысынан, алдыға-артқа, жанына еңкеюінен және үлкен амплитудамен және бірнеше рет қайталаулармен айналу қозғалыстарын; қысқарған бұлшықеттер, буындар, сіңір және жалғаушы тіндердің созылуына жағдай жасайтын; бұл қозғалыстарды үнемі және толық орындағанда омыртқаның қисаюы түзеледі; бұлшықеттің дұрыс дамуына, қозғалыстарды үйлестіруге, тепе-теңдікті сақтауға жағдай жасайтын жаттығулар; мүсіннің бұзылуы және деформацияның басқа да түрлерінің пайда болуын өзіндік корригирлеуші жаттығуларды құрайды.
Алғашқы жағдайын байланысты, корригирлеуші жаттығулар келесі топтарға бөлінеді: түрегеліп тұрып жасалатын жаттығулар; отырып жасалатын жаттығулар; ішпен, арқамен және жанымен жату арқылы жасалатын жаттығулар; тізерлеп тұрып жасалатын жаттығулар; тізеге таяныш жасау жағдайында жасалатын жаттығулар (төртаяқтап).
Сколиоздағы тыныс алу жаттығулары 1-алақанды жоғарыға бұру, ауаны ішке тарту; 2-б.қ., демді сыртқа шығару; 3-4 –сол сияқты. Д.-3-4 рет. Т.-баяу. 2. Б.қ.-сол сияқты . 1- қол жоғары, демді ішке тарту; 2-б.қ., демді сыртқа шығару; 3-4-сол сияқты. Д.-3 рет. Т.-баяу. 3. Б.қ.-түрегеліп тұрып, қол арқаға, білекке. 1- Иық артқа, демді ішке тарту; 2- Б.қ., демді сыртқа шығару; 3- 4-сол сияқты.
Фитбол – сколиоз кезіндегі гимнастика Фитбол – 300кг. Дейінгі салмақты көтере алатын, әр түрлі үлкен мәшіктерде жасалатын гимнастика. Бұнда мәшік тренажер ретінде де, ауырлатқыш ретінде де қолданыла алады (оның салмағы шамамен 1 кг тең).
Сколиоз кезіндегі фитбол жаттығулары 1. Егер дене және сан арасындағы, сан және тізе арасындағы, тізе және табан арасындағы бұрыш 90° құраса отырыс түзу болып саналады, бас көтеріңкі, арқа түзу, қол допта және оны жанынан артынан қолмен белгілеу, аяқ иық жалпақтығында, табан бір-бірімен паралель орналасқан. 2. Фитболда дұрыс отыруды сынаумен өзіндік тербелу. 3. Орташа қарқында қозғалысты қолмен орындау: жанға, жоғары, алдыға, төмен. Кәріжілік-білезік, шынтақ, иық буындарында қолмен шеңберді орындау. Бұндай қозғалыстар допта ерікті тербелісті тудыруы керек. 4. Жүрісті бір орында, өкшені алмастан орындау, тізені көтеріп жүру, суйеу қадамдары жанға, аяқты кезек кезек ұшына, өкшеге ауыстыру.
Сколиоздағы емдік жүзу Емдік жүзу –сколиозды кешенді емдеудің маңызды буындарының бірі. Жүзу кезінде омыртқаның табиғи жеңілдеуі болып, омыртқаралық бұлшықеттердің ассимтериялық жұмысы жойылады, деформацияны 33 өзгертуге мүмкіндік туындап, дене омыртқаларының қалыпты өсуі үшін шарттар пайда болады. Қозғалыс кезінде омыртқаның өзіндік тартылуы өсу аймағының жеңілдеуін толықтырады. Омыртқа және барлық қаңқаның бұлшықеттері қатаяды, қозғалысты үйлестіру жетілдіріледі, дұрыс мүсін қалыптастырылады.
Баттерфляй (англ.-көбелек) – қолмен есіп оны судан шығаруды сипаттайтын, кеудеде спорттық жүзу стилі; аяқ қозғалысы барсстағыдай. Брасс (франц.-қол) –қолды судан алмай көлденең жазықтықта біруақытта есуді сипаттайтын кеудемен жүзу түрі. Аяқ қозғалыстары жүзіп бара жатқан бақа аяқтарына ұқсас. Кроль (англ.-еңбектеу) –созыдған аяқтың жоғары-төмен үздіксіз қозғалыстары, жартылай бүгілген қолмен кезектестіріп есу арқылы орындалатын спорттық жүзудің ең жылдам әдісі. Дельфин -стиль баттерфляй сияқты спорттық жүзудің бір түрі , оның айырмашылығы аяқ пен дененің толқын тәріздес қозғалысы.