д?рыс б?лшектер ж?не б?рыс б?лшектер (5 класс)


С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебіМұғалім: Жұмабаева Раушан. 1. Оқушылардың жай бөлшектерді қосу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, білім дәрежелерін байқау. 2. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектенуін, оқушылардың білім дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.3. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, оларды шыдамдылыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. 1. Оқушыларға дұрыс бөлшектерді, бұрыс бөлшектерді, ажырата білуге үйрету. 2. Оқушылардың білім дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.3. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, оларды шыдамдылыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Үй тапсырмасы тексеру: №463 есеп. Бөлшекті қысқарту:1.2.3. Үй тапсырмасынын пысықтау сұрақтары? Жай бөлшекті қысқарту деген не?Жай бөлшек қалай қысқартылады?Қандай бөлшекті қысқыртылмайтын бөлшек дейді. Жай бөлшектің алымы бөлімінен кіші болуы мүмкін, оған тең болуы немесе бөлімінен үлкен болуы мүмкін. Мысалы: - дұрыс бөлшектер, өйткені 2<3, 4<9, 3<10 сондықтан дұрыс бөлшек 1-ден кіші. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Мысалы : бұрыс бөлшектер, Өйткені, 5=5; 11>6; 12>8; 23>12; 45=45Сондықтан, бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1-ден үлкен. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады. Мысалы, қосындысын, қосу белгісін жазбай түрінде жазу қабылданған. Мұндағы - аралас сан. 1-бүтін бөлігі -бөлшек бөлігі. Оқылуы “бір бүтін бестен екі”.Бұлар аралас сандар . Бұрыс бөлшекті аралас санмен жазу үшін: Бөлшектің алымын бөліміне бөлу керек:Толымсыз бөлінді аралас санның бүтін бөлігі болады;Қалдық (егер ол бар болса) бөлшектің алымы, ал бөлгіш бөлімі болады. Сонда Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу үшін: Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым етіп алу;Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру.Мысалы, қысқаша, Натурал санды аралас сан түрінде жазуға болады Мысалы, 9 ды бөлімі 7 саны болатын; 5 саны болатын аралас сан түрінде жазуға болады.Бөлімі 15 саны болатын аралас бөлшек түрінде жаз: Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады Бөлімі 1,4,6,10 болатын бұрыс бөлшек түрінде жаз. ауызша №1. Қайсысы бұрыс бөлшек, қайсысы дұрыс бөлшек.№2. 4:5; 6:5; 1:3; 9:2; 12:7; 3:5; бөлінділерін бөлшек түрінде оқы.Жауабы: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз. №475 Аралас санды бұрыс бөлшекпен жаз. №486 Қорытындылау Дұрыс бөлшекБұрыс бөлшек Аралас сан Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру.Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру. Үйге: Ережелерді оқу, түсініп жаттау.№ 472, 473, 474,480