Презентация на тему А?Ш


17.03.2016 жыл§23. Америка Құрама Штаттары Жоспары:1. Трумэн әкімшілігі кезіндегі елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.2. Сыртқы саяси бағыт.3. 1950-1960 жылдардағы Америка.4. 70-жылдардағы Америка.5. Рональд Рейган әкімшілігінің іс-әрекеті (1980-1988 жж.)6. Б. Клинтон мен кіші Дж. Буштың саясаты. 1945 жылы 12 сәуірде Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты АҚШ президенті Гарри Трумэн болды Реконверсия деп аталатын бейбіт өмірге көшу бағыты мемлекеттік саясатта және ондаған миллион американдықтардың өмірінде шұғыл бетбұрыс жасады. Миллиондаған солдаттар өздерінің отбасына оралды. 1947 жылы 12 млн солдаттан армия қатарында 1 млн адам ғана қалды. 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Бес жыл соғыс кезінде мемлекет өнеркәсіп өнімдерін шығарушы зауыт құрылысына 17 млрд доллардан астам қаржы бөлді. 2800-ден астам өндіріс орны салынды. Олардың көбі біраз уақыттан соң, ірі корпорацияларға берілді. Рокфеллерлер, Моргандар, Дюпон, “Бэнк оф Америка” және т.б ірі корпорациялар мемлекеттің шаруашылық өмірін қолдарына ұстады. 1952 жылғы президент сайлауы науқанында Республикалық партия өкілі генерал Д. Эйзенхауэ жеңіске жетті. 1960 жылғы президент сайлауында демократтар Джон Кеннеди ұсынған жаңа дәуір бағытымен жеңіске жетті. Сыртқы саясатта: дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету ұлғайтылды. Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары – “Даму жолындағы одақ” құрылды. 1963 жылы Мәскеуде АҚШ, Англия, КСРО мемлекеттері ядролық қаруларды ауада, жерде және суда сынауды тоқтату туралы шартқа отырды. 1963 жылғы 22 қарашада АҚШ президенті Дж. Кеннедиге қастандық жасалып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды (1963-1968 жж.) Ол өзіне дейінгі қайраткерлердің саясатын жалғастырды. АҚШ-та маңызды әлеуметтік реформалар жүргізілді. Кедейшілікпен күрес бағдарламасы негізінде табысы төмен отбасыларға көмек туралы заң қабылданды, арзан тұрғын үй құрылысы, білім жүйесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды, қарт адамдар үшін медициналық сақтандыру енгізілді, ал табысы төмен отбасылар дәрігерлік қызметте жеңілдіктер алды. 1960 жылдарда нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалыстар кең қанат жайды.1968 жылы бұқараның кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдыңғы шебінде афроамерикандықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкер қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. Нәсілшілдер 1968 жылы 4 сәуір күні Мемфис қаласында оны атып өлтірді. 1968 жылғы сайлауда сәл ғана артық дауыспен республикашылдар жеңіске жетіп, Ричард Никсон президент болып сайланды. 1969-1970 жылдарда елде орын алған экономикалық дағдарысты жою үшін Р. Никсон жаңа экономикалық саясат жариялады. Никсон үкіметі 5 жыл ішінде зейнетақыны, жәрдемақыны бірнеше рет көбейтті, жұмыссыздыққа жәрдемақы алатындар саны көбейді. Бұдан басқа азық-түлік көмегін беру тәжіребесі орнықты. 1971-1972 жылдары Никсон әкімшілігі Қытай Халық Республикасымен жақындасуға барып, екі ел расындағы қатынастар жолға қойыла бастады. Рональд Рейган Республикашылдар партиясының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния штатының губернаторы Р. Рейган сайланды(1980-1988 жж.) . Бағалау.Үйге тапсырма: §23. Америка Құрама Штаттары. Тақырыпқа қатысты 10 тест сұрағын дайындау.