Презентация Топты? ж?мысты ?йымдастыру


Маған айт – мен ұмытып кетемінҮйрет маған – менің есімде қаладыӨзіме істет – мен үйренемін Қытай мақалы Әр сабақта оқушыларды шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Үйренушілерді шағын топтарға 4-6 адамнан бөлген тиімді, олар партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырады. Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда жыл бойы бір оқушы жолдастарының әрқайсысымен топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау.Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн. Сабақта парталарды қою үлгілері Ән бойынша бөліну Студенттер топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Студенттер сол әндерге байланысты топтарға бөлініп, карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындайды. «Өз жартыңды тап». Тыңдаушыларға әртүрлі формада қиылған суреттер бейнеленген бөліктер таратылады. Олар басқаларға таратылған осы суреттердің бөліктерін табу арқылы 6 адамнан тұратын топтарға жинақталады. Ұқсас ерекшеліктерМұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы, туған айы, жұлдызнамалық белгісі, киген киімдері, шашының түсі, т.б.), сол бойынша төрт (немесе үш, бес) адамдық топтарды құруды тапсырады немесе топтарды құру жұмысына өзі кіріседі:- Мына партаға аталары мен әжелері барлар отырады.- Мына жерге үйдің кенже балалары отырады.- Мында «Нокиа» ұялы телефондары барлар отырады.- Бір айда туғандар отырады. Ән бойынша бөліну Оқушыларға ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Сол әндерге байланысты топтарға бөлініп, карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындайды. Заттар бойынша бөліну Әр студент өзінің бір ұсақ затын оқытушыға немесе жүргізушіге тапсырады, мәселен, қаламсабын, дәптерін, помадасын, кілтін, көзілдірігін, т.б. Бұл заттар портфелге салынып, әр партаға төрт-төрттен ретсіз түрде қойылады. Студенттер өзінің заты қойылған парталарға отыруы керек «Өз жартыңды тап» Тыңдаушыларға әртүрлі формада қиылған суреттер бейнеленген бөліктер таратылады. Олар басқаларға таратылған осы суреттердің бөліктерін табу арқылы 6 адамнан тұратын топтарға жинақталады. Атомдар мен молекулалар Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім.Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты), оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады. Жағымды сөздер Мұғалім оқушылардан «Бүгін қандай жағымды, жылы сөздер естідіңіздер?» деп сұрап, олардың жауаптарын тақтаға жазып қояды. Жауаптардың саны топ сандарымен байланысты болады. -Ботам! Сәлеметсіз бе? Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой! Жұлдызың жансын! Тамаша!Бұл сөздерді оқушылар кезектесіп бір-бірден атайды. Топ құрамдары әр оқушының қандай сөздерді айтқанына байланысты болады.  Асық түрі бойынша топқа бөліуҚағаз тарату сымбатты, әдемі, ақылды, білімді сөздері бойынш топқа бөліну.Апта күндері бойынша топқа бөліну.Тұрғын, үй, жер сілкінісі 12 мүшемен амандасуСан бойынша топқа бөліну 12345Кәмпит арқылыАлма түсі арқылыОю арқылы Уақыт қадағалаушы ( таймкипер) - жұмысқа берілген уақытты қадағалап отырадыБақылаушы - ойын ережелері мен рөлдерді орындау үшін қабылданған тәртіптерді , қатысушылар әрекеттерінің аяққы нәтижеге бағытталуын қадағалаушы.Хатшы – топ жұмысының барысы мен қатысушылардың әрекеттерін қағазға түсіруші, проблеманың шешімін жазушыСпикер - ұйымдастырушы, барлық оқушыларды белсенді түрде қатысуға шақырады, топ ұйғарымын басқаларға жариялайды.Суретші - топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсірушіЖедел жәрдем - түсінбеген оқушыларға көмектеседі