Т?рт т?лікті? бірі — сиыр ?ылыми жоба


КіріспеҚазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман ба?-дан» басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өсірген халықтың төрт түлік кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе – сусыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болған. Сиыр малының өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның еті мен сүтінің адам денсаулығы үшін аса пайдалы екенін ғылыми түрде дәлелдеу. Сиырдың түрлері, оның жас ерекшеліктеріне қарай аталуын көрсету, ел аузында сақталған мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, сондай-ақ тұрақты сөз тіркестерінің қолданылу аясын айқындау. Төрт түліктің бірі ретінде сиыр малының тіршілігіТөрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр – судан жаратылыпты-мыс. Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Шаруашылықта малды қолда және жайылымда ұстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора — жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи өрісте ұсталады. Жаз айларында көк шөп құрама жем, қыста сүрлем, пішендеме береді. Бұзауларды сүтпен қоректендіреді.