Физика п?нінен Бернулли те?деуі та?ырыбында презентация (10 сынып)


Физика 10 сынып Идеал сұйықтың қозғалысы. Бернулли теңдеуі. Гидроаэромеханика – сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын зерттейдіГидроаэростатика сұйық немесе газдың тыныштық күйін немесе олардың қозғалыс жылдамдығы аз күйін зерттейді. Архимед, Э.Торричелли, Б.ПаскальГидроаэродинамика сұйық пен газдардың қозғалысын, сол сияқты ұшқыш аппараттар мен суасты қайығының, су көліктерінің, сонымен қатар денелердің атмосферадағы қозғалысын, құстардың, жәндіктердің ұшуын зерттейді. Д.Бернулли Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтары ағын сызықтары деп аталады. Ағын сызықтарымен шектелген сұйықтың бөлігі ағын түтігі деп аталады. Ағын түтігінің белгілі бір қимасындағы барлық бөлшек қозғалыс кезінде ағын түтігінен шығып кетпей оның ішімен қозғалады. Сонымен қатар ағын түтігінің ішіне де сырттан ешқандай бөлшектер енбейді. Үзіліссіздік принципі: егер ағын шарттары өзгермесе, онда ыдысқа қанша сұйық құйылса, сонша сұйықтық ағып шығуы керекV1 = S1L1 = S1 u1t V2 = S2L2 = S2 u 2tV1= V2, S1/ S2 = u 2 / u 1 Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен  араласып иiрiлiп қозғалатын болса, мұндай ағыс – турбуленттi (иiрiмдi) деп аталады. Сығылмайтын тұтқыр емес сұйықты идеал сұйық деп, ал сығылатын тұтқыр сұйық реал сұйық деп аталады


Бернулли теңдеуі біртекті ауырлық күші өрісіндегі сығылмайтын сұйықтықтың бірқалыпты қозғалысы үшін төмендегіше өрнектеледі:Бернулли теңдеуі үш қысымның теңдеуі, үш энергия теңдеуі, үш биіктік теңдеуі деп те аталады. Бернулли теңдеуі үш қысымның теңдеуі - гидродинамикалық қысым- гидростатикалық қысым- статикалық қысым Бернулли теңдеуі үш энергия теңдеуі- кинетикалық энергияның тығыздығы- потенциалдық энергияның тығыздығы- Осы қысымның әрекетінен жасайтын жұмысымен өлшенетін сұйықтың потенциалдық энергиясының тығыздығы Бернулли теңдеуі үш биіктік теңдеуі - геодезиялық (геометриялық) биіктік, яғни қиманың көкжиектен жоғары жатқан бөлігі- пьезометрлік биіктік, яғни берілген қимаға өзінің салмағымен р қысым түсіретін сұйық бағанының биіктігі- жылдамдық биіктігі, яғни сұйық бөлшектерінің вакуумда х бастапқы жылдамдықпен тік (вертикаль) жоғары көтерілу биіктігі Бернулли теңдеуі: жылдамдығы аз бөлігінде сұйықтың (газдың) қысымы жоғары болады және керісінше.
Д. Бернулли
Бернулли теңдеуін қолдануФлеттердің "Ветроходы" "Гоночный пылесос"Чаппараль - 2.1


Ыдыстағы тесіктен сұйықтың ағып шығу жылдамдығы h биіктіктен түскен дененің еркін түсу жылдамдығындай боладыБұл ақиқатты тұңғыш рет Г.Галилейдің шәкірті Эванджелиста Торричелли тағайындады.  ҮЙ ТАПСЫРМАСЫБернулли теңдеуі мен Магнус эффектісінің қолданылуы (суреттер, сөзжұмбақтар, презентациялар), 3.1 тақырыпты оқу