Информатика саба?ында де?гейлеп – саралап о?ыту


ТАПАЕВА БАҚТЫХАНЫМ ТӨЛЕУБАЙҚЫЗЫ Ш. Т. ЕРКІНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ Шығармашылық тақырыбым Информатика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту Жоспар: Кіріспе1. Дамыта оқыту технологиясы Негізгі бөлім1. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту2. Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану  Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін а) жеке тұлға ерекшеліктеріне, б) психологиялық даму ерекшеліктерінев) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:1) Репродуктивтік деңгейЖалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты2) Алгоритмдік деңгейОқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 3) Эвристикалық деңгейОқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгейОқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Оқушы өз көзқарасын білдіріп, ой қорытынды жасайды Салыстырмалы ойлау қабілеті дамиды; компьютерлік сауаттылықтары дамиды шығармашылық қабілеттері шыңдайды. Қорытынды Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде жыл сайынғы аудандық олимпиада, қатысқан оқушылар жоғары көрсеткіштерден көрініп жүр. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулып, ізденушілік қасиеттерін жетілдіреді. Оқушыларға тізімдерді маркерлеу, номерлеу және парақ параметрлерін баптау, құжатты баспадан шығару туралы түсінік беру Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: Қайталау сабағыСабақтың типі: Ертегі сабақ.Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойын. Үй тапсырмасын тексеру: Мәтіндік құжатты қалай сақтаймыз? Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Беттердің параметрлері. Жиек.Құжатты баспадан шығару. Жиектер қоршау 1 – саты: Ханшайымға лайық сыйлықтар сатып алуға көмектесейік. Word мәтіндік редакторында «ашық хат» дайындау. 2 – cаты: Ол өзеннің арғы бетіне өтуге «Кеме» керек емес пе? Кәне, ханзадаға кеме жасауға көмектесейік. Автофигураларды пайдаланып, кеме жасау. 3 – саты: Ханзада ханшайым ауылына де жетті. Міне, керемет! Хан сарайы өте әсем, аса үлкен екен. Ханшайым қай бөлмеде? Іздесіп жіберейік! Үлгі бойынша кесте құраңдар. № Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі 1 2 3 4 5 6 7 3 – саты: Ханзада ханшайым ауылына де жетті. Міне, керемет! Хан сарайы өте әсем, аса үлкен екен. Ханшайым қай бөлмеде? Іздесіп жіберейік! Үлгі бойынша кесте құраңдар. 4 – саты: Іздеп келем, іздеп келемЖүгіріп келем, жүгіріп келем.Ханшайымды көругеЖүрегімді қолыма алып келем.Ханзадаға ханшайымымен кездесудің сәті түскендей, бірақ, ханзадамыз сөзге шорқақ еді. Ол не істейді, сезімін қалай білдіреді?/Слайд жасау/. Ү. Үйге тапсырмаWord мәтіндік редакторын қайталау.ҮІ. БағалауСабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. ІҮ. Рефлексия. 3. Маған қажетті болғаны. 1. Біздің сабақтан өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңдар? 2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?